Жобасына ТҮсіндірме жазба



жүктеу 43.86 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі43.86 Kb.


«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты

есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1427 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с №

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Мемлекет басшысының төрағалығымен 2015 жылғы 19-20 тамызда өткен экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөніндегі кеңестер хаттамасының 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарға әкеп соқпайды

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру 2016 жылы – 305,5 млрд.теңге, 2017 жылы – 305,3 млрд.теңге, 2018 жылы − 305,5 млрд.теңге бюджет қаражаттарының бөлінуін талап етеді.

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау азаматтық қызметшілер жалақысының денсаулық сақтау саласында – 7% -дан 28%-ға дейін, білім беру саласында – 15%-дан 29%-ға дейін, өзге салаларда – 28%-дан 40%-ға дейін сараланып арттырылуын қамтамасыз етеді.

Жобаны қабылдау жеке сектор мен бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақы деңгейлеріндегі алшақтықты азайтуға, мұғалімдер, дәрігерлер, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері және т.б. еңбегінің беделін арттыруға мүмкіндік береді, қорытындылай келе, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартады.



6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Жоқ

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Жүргізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі


11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында 2015 ж.21.08. орналастырылды (ҚР ҮҚ – 1607,5 КБ)


12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу және «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 850 және «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1427 қаулысының 1-тармағы 1-тармақшасының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз релизі www.mzsr.gov.kz интернет-ресурсында 2015 ж. 21.08. орналастырылды (ҚР ҮҚ – 38,42 КБ)

13.

Реттеушілік әсерді (бар болған жағдайда)талдауды жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

Жоқ



Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова

2015 жылғы «___» ­­­­__________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет