1.2. Ойлау формалары
төртінші сынып оқушысында «құс» туралы ұғым толық қалыптасқан деуге болады. «Құс», »балық» ұғымдары балаға бұрыннан да таныс нәрселер. Сондықтан да оқушылар мүмкіндігінше (қай сынып оқушылары болсын) осы ұғымдардың негізгі, мәнді белгілерін білуге ұмтылады. Таблицадағы цифрлар бойынша оқушыларда ұғымның мәнсіз белгісіне нақты көңіл бөлу біртіндеп азая түсетіндігін көрсетеді. Мәселен, төртінші сыныптағылар осы ұғымның мәнсіз, екінші қатардағы белгілерінен тек 11 пайызын ғана атап өткен. Төртінші сыныптағылар заттардың жалпы белгілерімен қатар жеке белгілерін де жақсы ажырата алады. Осы сыныптағылар арыстанды сүт қоректілер тобына жатқызғанда оның басты белгісі -жыртқыш аң екенін көрсетіп береді.
Ұғымда заттардың өзіндік қасиеттері ғана көрінбейді, олардың бір-бірімен байланыстары мен қарым-қатынастары (себеп-салдарлық кеңістік пен уақыттық, функционалдық т. б.) бейнеленіп отырады. Мәселен, жоғары-төмен, жақын-алыс, көп-аз секілді жеке, нақтылы заттардың өзара байланысын оқушылар қиналмай ұгады. Бірінші, екінші сынып оқушыларына заттың кеңістікке қалайша орналасқандығы жайлы ұғымдарды меңгеру қиынырақ соғады. Өйткені бұл оқушылар кеңістіктің негізгі өлшемі — ұзындық екенін бірден ажыратпайды. Мәселен, «метр» ұғымын көбінесе «бұл сызғыш» деп заттың түрімен шатастырады. Балаға түрлі өлшемдер туралы ұғымдарды (метр, километр) меңгертуді тәжірибемен (балалардың өздеріне өлшетіп үйрету) ұштастырып отырған абзал. Мәселен, бала ұзынды-қысқалы заттардың түрлі бөліктерін көзімен көріп, қолымен ұстап, бұлардың белгілі тұрқы бар екенін аңғарады. Үшінші, төртінші сынып оқушыларының кеңістік жөніндегі ұғымдары жоспар, масштаб, шартты белгілер сияқты ұғымдармен толыға түседі.
Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір — бұл бір зат туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін ойлаудың формасы. Мәселен, «Астана — Қазақстан Республикасының орталығы десек, бұл шындыққа сай ақикат пікір болады да, ал «Атом — заттың бөлінбейтін және өзгермейтін бөлігі» десек бұл жалған пікір болып табылады. Әрбір пікірде үш бөлім болады. Олар: бастауыш, баяндауыш және байланыс. Мәселен, жоғарыда келтірілген пікірде: «Алматы» — логикалық бастауыш. «Қазақ республикасының орталығы — логиқалық баяндауыш. Байланыс сөздер («деп», «дегеніміз», «айтамыз» т. б.) пікір де көбінесе айтылмай, тек ойға алынып отырады. Пікір грамматикада сөйлем делінеді. Пікір де ұғым сияқты тек тілдік материал негізінде, тілдік терминдер мен сөйлемдердің негізінде ғана туып, өмір сүре алады. Пікір мен сөйлем бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені бұл екеуінің негізгі мүшелерінің мазмұны біреу. Пікірлердің түрлері көп. Оны логика ғылымы жан-жақты қарастырады.
Бұлар да шындықтағы әр түрлі нәрселер, олардың түрлі қасиеттері, сондай-ақ нәрселердің арасындағы түрлі байланыстар бейнеленеді. Төменгі сынып оқушыларын дұрыс пікір айта білуге тәрбиелеу зор педагогикалық мәні бар іс. Сөйлеудің грамматикалық формаларын меңгеру балалардың пікір қабілетін өсіре түседі. Бірінші сыныптағылардың пікірлері кесімді болып келеді. Өйткені ол құбылысты жан-жағынан қарастырмайды. Мәселен, «Асан бүгін неге сабаққа келмей қалды?» деп мүғалім кезекшіден сүрайтын болса, «ауырып қалды» деп бірден жауап береді. Ал екінші сынып оқушылары жорамалды пікірлер айтуға талаптанады. Мәселен, сабаққа келмеген Асан жөнінде олар: «мүмкін ол ауырып қалған шығар», «не ұйықтап қалған болуы мүмкін», «сабағын оқымады ма екен, кім білсін?» дсп түрді жорамалдар жасайды. Бірақ олар өз пікірлерін дәлелдеп жатуды мақсат етпейді. Өйткені мұндай қабілет тек үшінші, төртінші сынып оқушыларында ғана қалыптаса бастайды. Бүған оқушыларда білім көлемінің өсуі және оның жүйелене түсуі үлкен себеп болады.
Осы жастағы балалар өз пікірлерін жап-жақсы дәлелдей алады, түрлі нәрсенің себебін тауып қана коймай, оған тиісті жауапты өзінше бере алатын болады. Математика сабағында мәселе есептерді шығару, грамматикада сөйлемдердің күрделі түрлерін меңгеру — олардың пікірлерін дамытады. Әрине, төменгі сынып оқушыларының пікірлері шындықтағы заттардың объективтік байланыстарын жан-жақты көрсете алмайтыны белгілі. Мәселен, олардың «жылқы — жануар», «гүл — өсімдік» деген пікірлері негізінде дұрыс болғанмен, осы ұғымдардың мәнін жеткілікті көрсете алмайды.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі — ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегеніміз бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі. Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. Қатар тұрған кездейсоқ пікірлерден қорытынды шықпайды. Мәселен, »Барлық дельфиндер — жануар», «Барлық металдар электр өткізеді» деген екі пікірдің арасында ешбір логикалық байланыс жоқ. Сондықтан бұл екеуінен үшінші жаңа бір пікірдің тууы мүмкін емес.
Ой қорытындыларының үш түрі болады. Біріншісі – дедукциялық, екіншісі – индукциялық, ал үшіншісі – аналогиялық ой қорытындысы деп аталады. Дедукция дегеніміз жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы. Мәселен, біз тірі организмдер оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды, ал балық тірі организмнің бірі десек олай болса, балық оттегі жоқ жерде тіршілік ете алмайды деген қорытын.дыға келеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |