Жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік



жүктеу 96.55 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі96.55 Kb.

Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс


Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс*: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы. сот орындаушысына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;


2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.


"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
2015 жылы 30 желтоқсанда № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-4

109932

148242

С-О-5


83282

112430

С-R-4


73288

99105


I. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі» РММ-сі, 060009, Атырау қаласы, Қ.Сатпаев даңғылы, 62, анықтама телефоны 8 (7122) 55-82-23, 55-82-14, e-mail: 712-0202@sud.kz, бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарғаорналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісі:

1. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы , С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Бөлім жұмысына басшылық жасау; ақпараттық жүйелерді енгізуді және пайдалануды қамтамасыз ету; ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды және деректермен алмасуды қамтамасыз ету; ақпараттық жүйелерге (БААТЖ) әкімшілік ету және резервтік көшіру жұмыстарын қамтамасыз ету; серверлер мен жергілікті-есептеу тораптарына жүйелік әкімшілік ету және техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бақылау; электрондық цифрлық қолтаңбаларды орнатуды және қолданылуын қамтамасыз ету; облыстық соттың сайтын қамтамасыз етеді және бақылау; бөлім қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауына бақылауды жүзеге асыру; бөлім қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының көріністерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау; басшылықтың тапсырмалары мен бұрыштамаларының, Жоғарғы Сот тапсырмалары мен тапсырыстарының уақтылы және сапалы орындалуын бақылау; бөлім қызметкерлеріне қатысты көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдарды басшылықтың атына енгізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық, техникалық, автоматтандыру және басқару мамандығы бойынша жоғары білім.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

2. Талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттерді бөлу және белгілеу; бөлім жұмысының жоспарын құру және басшылықтың бекітуіне ұсыну;соттың, Жоғарғы Соттың, Департаменттің жоспарлы іс-шаралары мен хаттамалық шешімдерінің орындалуына бақылау жүргізу; бөлім жұмысының жай-күйі туралы басшылықтың назарына тұрақты негізде жеткізу; бөлім қызметкерлерінің орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауына бақылауды жүзеге асыру; бөлім қызметкерлерінің тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының көріністерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау; басшылықтың тапсырмалары мен бұрыштамаларының, Жоғарғы Сот тапсырмалары мен тапсырыстарының уақтылы және сапалы орындалуын бақылау; бөлім қызметкерлеріне қатысты көтермелеу және тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдарды басшылықтың атына енгізу; Төраға, сот алқаларының төрағалары мен сот кеңсесінің басшысы үшін ақпараттық, талдамалық және статистикалық материалдарды дайындауды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік немесе құқық мамандығы бойынша жоғары білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

3. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, С-О-5 санаты,1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; құжаттарды жазып дайындау; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу;орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік немесе құқық мамандығы бойынша жоғары білім. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

4. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы, С-R-4 санаты, 5 бірлік: Атырау қалалық соты кеңсесі – 2 бірлік; Атырау қаласының № 2 соты кеңсесі – 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне – 10.01.2017 жылға дейін); Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесі- 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған мерзіміне –04.12.2016 жылға дейін); Исатай аудандық соты кеңсесі- 1 бірлік.

Функционалды міндеттері: Қарауға тағайындалған істер бойынша жұмыстар атқару; сотқа шақыру; құжаттарды жазып дайындау; қосымша іске қатысты түскен құжаттардың есебін жүргізу; сот мәжілісінің хаттамасын дайындау; шағымдарды қабылдау; іске қатысқан тараптардың өтініші бойынша құжаттармен таныстыру; тігілген істердің тізімдемесін толтыру; ілеспе хаттарды дайындау; үкім және шешім көшірмелерін іске қатысқан тараптарға жолдау; атқару парағын жазу; орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік немесе құқық мамандығы бойынша жоғары білім.«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12). «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.


Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет