Жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы жалпы түсінік


Шартты рефлекстердін тежелуі және жас ерекшеліктері



бет2/2
Дата08.02.2024
өлшемі19.66 Kb.
#491435
1   2
3 дәріс

Шартты рефлекстердін тежелуі және жас ерекшеліктері. Мидағы қозу мен тежелу бір-бірімен байланысты өтеді. Табиғатта организмнің қызметін тудыратын мидағы нерв клеткаларының қызметін ақырындатып немесе тоқтату қажеттілігі жиі кездеседі. Мұнд айда мидағы тежелудің маңызы алға шығады. Қалыпты жағдайда мидағы қозу мен тежелу дәл қажетті сотте организмнің қызметін не үдетіп, не баяулатып отырады. Тежелу 2 түрлі болады: сыртқы немесе шартсыз және ішкі немесе шартты тежелу.
С ы р т қ ы тежелу туа пайда болады. Ол шартты рефлекторлы түрде пайда болған кезде сыртқы ортаның күшті немесе үзақ әсер ететін басқа бір тітіркендіргішіне байланысты байқалады. Мұндай жағдайда ми қыртысында жаңа күшті қозу ошағы пайда болып, индукциялы түрде бұрынғы шартты жауапты тудырған козу ошағын тежейді де ол жауап тоқтап қалады. Шартсыз тежелудің бір түрі — ш е к т е н  т ы с тежелу немесе қорғаныс тежелу. Бұл организмді сыртқы ортаның үзақ әсерінен қорғайды.
Ш а р т т ы немесе і ш к і тежелу пайда болған шартты рефлекстің жағдайлары езгергенде туады, яғни шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпегенде біртіндеп шартты жауап жойыла бастайды да, біраздан соң мүлде тоқтайды.
Оқыту, тәрбиелеу барысында балалардың ішкі және сыртқы тежелуінің пайда болу ерекшеліктерін жақсы білген жөн. Сыртқы тежелу 3-4 жаста жеңіл пайда болады. Сондықтан баланың ойын жағымды әсермен оп-оңай боліп жіберуге болады. Мысалы, жылап тұрған балаға қызық ойыншықты көрсете қойса, ол жылауын тоқтатады. Яғни сыртқы тежелу сөбилерді тәрбиелеуде өте маңызды орын алады.
6-7 жастың арасында ішкі тежелудің маңызы арта түседі. Бұл кезде баланы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа үйрету үшін оның ішкі тежелуін пайдаланса, дұрыс тәрбиеленеді. Тәрбиенің бұл әдісін пайдаланып, балаларды өлеуметтік жағдайларға жақсы бейімдеуге, тәртіпке үйретуге болады. Баланы тек қана өзінің тілегінің жетегінде болмай, басқалардың жағдайымен санасатындай етіп тәрбиелеген жөн.
Шартты рефлекстердің пайда болуы мен тежелуінін жас ерекшеліктері. Жаңа туған сәбидің біраз ғана шартсыз рефлекстері болады. Олардың көбі қорғаныс және тамақтану рефлекстері. Баланың алғашқы апталық өмірінен бастап оның шартты рефлекстері пайда бола бастайды. Ғалымдардың зерттеуінше, 5-10-шы күндері тамақтануға байланысты шартты рефлекстері қалыптасады: ең алдымен тамақтану негізінде баланың денесінің кеңістікте дұрыс орын алу шартты рефлекстері байқалады. Баланың бұл рефлекстері күрделі тері рецепторлары, проприорецепторлары (лат. проприус - әзіне меншікті + рецептор) мен вестибулярлық қүрылымдарын тітіркендіруге байланысты пайда болады. Алғашқы шартты рефлекстер өте баяу туады, олардың нервтік байланыстары тұрақсыз, оңай жайылады.
Баланың дамуында бағдарлау рефлекстерінің маңызы зор. Соның негізінде балада сыртқы орта жайында алғашқы танымдар пайда болады. 3-4 айда оның бағдарлау рефлекстері қалыптасып, әрі қарай жасы өскен сайын жеңілденеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет