Жоғары және (немесе) жоғары оқу орыннан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы» жалпы білім беру пәнінің типтік оқу бағдарламасы



бет19/98
Дата22.11.2022
өлшемі318.23 Kb.
#465434
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98
@8; 65=85 ;= 5 07

Таным және шығармашылық
Таным философиялық мәселе ретінде. Әртүрлі философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықтамалары. Таным объектісі мен субъектісі. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Дүниенің түбегейлі танылуы мәселесі: танымдық оптимизм, скептицизм және агностицизм.
Ақиқат пен адасу. Білім, ақиқаттылық және жалғандық. Қазіргі Қазақстан жаңғыруы аясындағы білім культі. Ақиқаттың әртүрлі тұжырымдамалары. Ақиқат және оның критерийлері. Сезімдік және рационалдық таным. Философиядағы рационалдық және эмпирикалық дәстүр. Таным құралы. Эмпирикалық және теориялық таным. Таным және шығармашылық. Шығармашылық және интуиция.


Ғылыми және ғылымнан тыс білім. Ғылым және техника
Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау.
Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері. Қазіргі ғылым және этика. Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.
АДАМ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ӘЛЕМІ


Адам
Адам – философиялық мәселе. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Адам, индивид, индивидуал, тұлға.
Адамның шығу тегі мен мәнін философиялық түсіну. Адамның философия тарихындағы бейнелері. Адамдағы биологиялық және әлеуметтік бастаулардың арақатынасы. Қазіргі философиядағы тәндік пен руханилықты түсіну. Адам және білім беру. Білімді адам культі – қазіргі Қазақстан жетістігінің ең іргетастық факторы.
Адам және әлеумет. Қазіргі жаһандық әлемдегі және ақпараттық мәдениеттегі адам мәселесі.
Қазақ философиясындағы адам мәселесі. Қазақ философиясының антропологиялық сипаты. «Адам бол!» – қазақ дүниетанымының негізі. Өзіңнің ұлттық және жеке ресурстарыңды нақты білу болып саналатын прагматизм – жаңарушы Қазақстандағы тұлғаның даму парадигмаларының бірі. Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену. Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет