№ 1
дәріс
|
Тақырыбы: Физиканы оқытудың жалпы мәселелері
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Физиканы оқыту әдістемесі педагогиклық ғылым
2. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Физиканы оқыту әдістемесі – педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі – орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті:
а) физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау;
ә) білім алушыларға физикалық білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
Мектепте және ожоғары оқу орнында физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт – физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады.
Физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалының көлемін және мазмұнын анықтау
Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте-бірте өсіп отыруы тиіс.
3.Білім алушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, эксперимент, анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау, т.т.
4.Бағдарламалық материалдарды білім алушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық базасын анықтау.
|