«Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы»



бет3/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.79 Mb.
#148717
1   2   3   4   5

Систематикасы.

Ашықтұқымдыларды 6 классқа бөледі: 1/ Тұқымды папоротниктер, 2/ саговниктер, 3/ бенетиттер, 4/ гинколар, 5/ гнеталар, 6/ қылқан жапырақтылар.



Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы

Ашық тұқымды өсiмдiктердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олар фотоситез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi, және ауаға оттек бөлiп шығарады.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Жалаңаш тұқымдылардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктерден айырмашылығы неде?

  2. Жалаңаш тұқымдылардың жабық тұқымды өсімдіктерден айырмашы -

лығы неде?

  1. Аталық бүрдің құрылысы?

  2. Аналық бүрдің құрылысы?

  3. Қарағайдың аталық және аналық гаметофиттері қалай пайда болады?

  4. Тұқым қалай пайда болады және қандай құрылысты болып келеді?

  5. Тұқымды өсімдіктердің пайда болуы эволюциялық дамуда қандай маңызы бар?


Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Блок 2 Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтар тармағы












Дәріс 9. “Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі”

Дәріс жоспары:

Жабықтұқымдыларға жалпы сипаттама.Гүл. Құрылысы. Жабық тұқымдылардың көбеюі. Жабық тұқымдылардың классификациясы.



Гүл. Гүл — жабық тұқымды өсімдіктердегі қысқарған, бұтақтанбайтын, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен Ботаниктердің көпшілігі, жақтайтын стробилярлы теория бойынша гүл эволюция барысында ашық тұқымдылардың стробиліне ұқсас мүшеден пайда болған. Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пай­да болады, сөйтіп арнаулы репродуктивті мүшелер құрайды да, өсімдіктің жынысты жолымен көбею қызметін атқарады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және жыныс процесі өтеді.

Тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске, ал тұқым бүрі тұқымға айналады. Гүлсіз жемістің пайда болуы мүмкін емес, ол әр уақытта гүлден пайда болады.

Гүлдің негізгі бөліктеріне – гүл жапырағы, гүл жапырақшасы, гүл сағағы, гүл кіңдігі немесе гүл табаны, гүл серігі және жыныс мүшелері жатады. Гүл шығатын буында орналасып, оны қолайсыз жағдайдан қорғап, жауып тұратын жапырақты гүл жапырақ немесе жабын жапырақ деп атайды. Бұл әдетте біреу ғана кейде бірнеше болуы мүмкін .

Гүлдің негізгі бөліктері орналасатын сағақтың ұшы гүл кіндігі немесе гүл табаны деп аталады; бұл өсімдік түріне қарай жалпақ та, ойыс та және дөңес те болып кездесе береді. Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлігін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барлары — сағақты гүл, сағағы жоқтары — сағақсыз немесе қондырмалы гүл.

Өсімдік түрлеріне қарай гүл сағағының бойында кейде дара (дара жарнақтыларда), кейде қос-қостан (қос жарнақтыларда) ұсақ жапырақшалар орналасады, олар гүл жапырақша деп ата­лады. Бұл өсімдіктердің осы екі тобынын негізгі жүйелік белгілерінің бірі болып есептеледі. Өсімдік гүлінің құрылысын симметрия тұрғысынан алғанда әр түрлі. Симметрия — гүл бөлімшелерін ортасынан тең жарып, бойлата тартылған сызықтық екі жағынан оның бөлімшелерінің орналасуы.

 Гүл симметриясын гүл серігіне қарап анықтайды. Егер бір гүлдің қақ ортасынан тең бөлінетіндей үштен артық сызық тартуға болса, ондай гүлді полисимметриялы гүл немесе дұрыс гүл, я болмаса актиноморфты, не радиалды гүл дейді; мысалы, қалампырдың, наурызгүлдің, итмұрынның, қызғалдақтың, алманың және т.б. өсімдіктердің гүлдері осындай. Егер күлте арқылы екі ғана сызық жүргізуге болса, ондай гүлді бисимметриялы гүл дейді. Мысалы, бұған қапустаның, серігүлдің және т. б. гүлдері жатады. Егер күлте арқылы бір ғана сызық тартуға келетін болса, ондай гүлді моносимметриялы гүл неме­се бұрыс гүл деп атайды. Мысалы, шегіргүл, бұршақгүлі, тегеурінгүлі, бәрпі және т. б. Егер күлте арқылы бір де сызық жүргізуге келмейтін бол­са, ондай гүлді ассиметриялы гүл немесе симметриясыз гүл дейді. Мысалы, канна, валериана және т.б. гүлдері. Гүл кіндігіне орналасқан тостағанша мен күлтені гүл серігі дейді.

Егер бір гүлдің құрамыңда аналығы мен аталығы бірдей кездесетін болса, оны қос жынысты гүл, ал гүлде не аналығы не аталығы ғана кездессе, оны дара жынысты гүл дейді. Тек аталығы ғана болатын гүл аталық гүл, ал тек аналығы ғана бар гүл аналық гүл. Бір өсімдік данасының бір жерінде аналық гүлі, екінші жеріңде аталық гүлі өссе, бір үйлі өсімдік (жүгері, қияқтың кейбір түрі, кайың, емен, асқабақ тағы басқалар), ал егер бір өсімдіктің аналық гүлі бір данасында, аталық гүлі екіншісінде өссе екі үйлі өсімдік дейді (тал, бәйтерек, көк терек, жаңғақ, сора, қымыздық т. б.). Көптеген өсімдіктерде қос жынысты гүлдер мен дара жынысты гүлдер де кездеседі. Мұндай өсімдіктерді көп үйлі немесе көп некелі (полигамды) өсімдік деп атайды (үйеңкі, қарамықтар және т. б.).

Гүл бөліктерінің орналасуы. Көптеген өсімдіктердің гүл бөліктері шеңберленіп орналасады. Әсіресе кең тарағандары 4-5 шеңбер құратындар. Бұларды пентациклді (грекше «пента» - бес) және тетрациклді (грекше «тетра» - төрт) гүлдер деп атайды. Пентациклді гүлдер лалагүлділер, амариллис, калампыр, қазтамақ тұқымдастарына тән; ал тетрациклді гүлдер жыланқияқтар, орхидейлер, қаражемістер, бересклеттер, сабынкөктер, ерінгүлділер тұқымдастарына тән. Әр шеңберінде гүл бөліктерінің саны әр түрлі болуы мүмкін. Дара жарнақтыларда үш бөліктен, ал қос жарнақтыларда бес бөліктен, сирек төрт бөліктен (крестгүлділерде, көкнәр тұқымдасында) тұратын гүлдер кездеседі. Мысалы, көп аналықтыларда (мангнолия, сарғалдақтар) гүл бөліктері серіппе тәрізді орналаса­ды. Мұндай жағдайда, әдетте, гүл серіктерінің жапырақшалары, аталықтары мен аналықтары өте көп болып келеді. Осыған бай­ланысты серіппе тәрізді (ациклді) және циклді, гемициклді гүлдер деп ажыратады. Соңғысында гүл серіктері циклді, аталықтары мен аналықтары серіппе тәрізді орналасады (сарғалдақ) немесе тостағаншасы серіппе тәрізді, ал гүлдің қалған бөліктері циклді (итмұрын). Осыған байланысты төмеңдегідей эволюциялық бағыт белгіленген: ациклді гүл бес бөлімді полициклді бес бөлімді пентациклді бес бөлімді тетрациклді; ациклді гүл үш бөлімді полициклді, үш бөлімді пентациклді, үш бөлімді тетрациклді гүл. Сонымен серіппеліден циклді гүлге өту біртіндеп жүреді, тіпті сол циклді гүлдердің өзінде тығыздалған серіппені байқауға болады.

Адроцей. 

Гүлдегі аталықтар жиынтығын андроцей деп атайды. Гүлдегі аталықтардың саны әр түрлі, бірден жүзге дейін жетуі мүмкін. Дегенмен көптеген өсімдіктерде олардың саны онша көп болмайды. Мысалы, құртқашаштарда - 3, күрделігүлдерде - 5, лалагүлдерде - 6, бұршақ тұқымдастарында - 10. Аталығы (бөдене шөп, тал) екеу, тіпті біреу ғана болатын өсімдіктер белгілі. Әдетте өсімдіктердің белгілі бір туысында гүлдің аталық саны тұрақты.   

Аталықтың негізгі екі бөлігі бар: аталық жіпшесі және тозаңқап. Тозаңқап әрбір аталықта екі-екіден болып, өзара бір-бірімен дәнекер арқылы байланысып жатады. Тозаңқаптың әрбір бөлігі ұзынынан тағы да екіге бөлінеді, мұның әрқайсысы тозаң ұясы деп аталады. Тозаң ұясында микроспоралар (тозаң) жетіледі. Кейде аталық жіпшелері ұзын, гүл қоршауынан шығып тұрады, кейде өте қысқа болады (картоп). Сол сияқты олардың пішіндері де цилиндр, таспа тәрізді және т. б. ұқсас келеді. Жабық тұқымдылардың ашық тұқымдылардан айырмашылығы олардағы микроспорофиллдері — аталықтар, ал микроспорангийлері тозаң ұялары деп аталады.

Тозаңның жетілуі. Микроспоралардың пайда болуы микроспорогенез делінеді. Бұл аталық тозаңқабының тозаң ұясында — микроспорангийлерде жүреді.

 Тозаңның сыртын екі қабықша қаптап тұрады. Оның ішкісі — интина өте жұқа үлпек, беті тегіс, серпімді, порасыз негізі целлюлоза заттары сыртқысы — экзина қабырғасы қалың спорополленин (кутинге ұқсас зат) сіңген. Бұл зат экзинада өсімдік түрлері тозаңының әрқайсысына тән мүсінді қалыңдаулар пайда етеді. Экзинада қалыңдамаған учаскелер қалады, ол жерлерде тозаң түтігі өсіп шығу үшін қажетті поралар қалыптасады.

Тозаң ұясында тозаңдар пісіп жетілген кезде тозаңқап кебірсіп, эндотеций шытынап жарылады. Жарылған жерден тозаң сыртқа шашылады. Осыдан соң тозаң қос жынысты гүлдерде өз гүлі аналық аузына және жел, насекомдар т. б. арқылы басқа гүлдер аналығына түседі. Аналыққа келіп түскен тозаң одан бөлінетін тәтгі сұйықтықпен қоректеніп өсе бастайды. Өсу тозаң түтігінің пайда болуымен басталады. Экзина порасы арқылы сыртқа жылжып томпайып шыққан тозаң ци­топлазмасы созылып өсе келе түтікшеге айналады. Тозаң түтігінің өсу барысында тозаң интинасы да созылады, осыдан вегетативті генеративті жасушалардың цитоплазмасы бір бағытқа ығысып жаңа жетіліп келе жатқан тозаң түтігіне қарай жылжиды. Тозаң түтігіне алдымен вегетативті ядро, одан кейін цитоплазмамен қосарласа ілесіп генеративті ядро немесе екі спермия өтеді. Спермиялар — аталық гаметалар.

Вегетатив ядро және екі спермиялы тозаң түтікшесі — жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің аталық гаметофитінің гомологы. Жоғарыдағы құрылымдық сипаттамасына қарағанда жабық тұқымдылардың аталық гаметафитінің тым қарапайымдалғаңдығы анық көрінеді. Жоғары сатыдағы споралыларда аталық гаметофиттің вегетативті денесі көп жасушалы болса, ол жабық тұқымдыларда бір ғана тозаң дәнінен тұрады, ал көп жасушалы антеридий редукцияланған. Папоротник тәрізділердің антеридиінде пайда болатын көптеген сперматозоидтардың орнына жабық тұқымдыларда екі ғана спермий пайда болған. Жабық тұкымдылардың апталық гаметофитіңдегі осы құбылыстың өзі олардың сыртқы орта жағдайындағы шұғыл өзгерістерге, қолайсыз жағдайларға мейлінше бейімділігінің дәлелі іспетті.

Гинецей  

Гинецей деп гүлдегі бір немесе бірнеше аналықты түзетін жеміс жапырақшаларының жиынтығын атайды. Жеміс жапырақшалары құрылысы жағынан вегетативті жапырақтарға ұқсас. Жеміс жапырақшасының кәдімгі вегетативті жапырақ тәрізді сыртқы және ішкі беттерін эпидерма жауып тұрады. Сыртқы эпидермасында кейде устьице болады.

Жеміс жалырақшасының құрылымдық ерекшелігінің бірі — оның жүйкеленуі. Сырттай қарағанда вегетативті жапырақ жүйкеленуіне ұқсас, бірақ оның өзіне тән зандылығы бар. Жеміс жапырақшасы өткізген шоқтарының негізгі қызметі — тұқым бүршіктерін қоректік заттармен қамтамасыз ету. Әрбір тұқым бүршігіне бір өткізгіш шоқтан келеді. Жеміс жапырақшасының мегаспорофилл гомологы — вегетативті жапырақпен ұқсастығы, оның шығу тегінің жапырақ екендігін дәлелдейді. Жеміс жапырақшалары және сол сияқты вегетативті жапырақтар жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің жіктелмеген жапыраққа ұксас вегетативтік мүшелерінен пайда болған. Жеміс жапырақшасы тұқымды әр түрлі қолайсыз жағдайлардан қорғауға (сақтауға) бейімделген редукцияланған мегаспорофилл болып табылады.

Аналықтың құрылысы. Әдетте аналық үш бөлімнен тұрады. Олар: аналық ауызы, аналық мойыны және жатыны. Аналық ауызы — аналықтың ең жоғарғы бөлігі, пішіні бүтін не телімді болып келеді. Телім саны көбіне жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сәйкес, кейде жеміс жапырақшаларының санына қарамастан тұтас болады. Аналық ауызы тәтті сұйықтықты бөліп, тозаңды ұстау және қоректендіру қызметін атқарады. Аналық мойыны аналық жатыны мен ауызын байланыстырады. Аналық мойынының саны кейде жатынды түзетін жеміс жапырақшаларының санына сәйкес келеді. Мысалы, алмада және алмұртта жатын бес жеміс жапырақшасынан пайда болған, оның мойыны да бесеу. Ал кейбір өсімдіктерде мұндай сәйкестік бола бермейді. Мысалы, қалампырлар тұқымдасының көптеген өкілдерінде жеміс жапырақшаларының саны бесеу, ал аналық мойын үшеу ғана болады.

Крестгүлділер және ерінгүлділерде жатын екі жеміс жапырақшасынан пайда болған, ал аналық мойыны біреу ғана.

Аналық мойыны кейбір өсімдіктерде қуыс, қайсы бірінде өткізгіш деп аталатын өте борпылдақ паренхимаға толы. Ана­лық; мойынының үш кейпін ажыратады: I) ашық мойын — мұңда аналық мойыны ұзына бойына қуыс (кейбір дара жарнақтыларда); 2) жартылай ашық мойын — мұңда аналық мойынның қуысы секреторлық борпылдақ өткізгіш ұлпамен жабылған; 3) бітеу (жабық) мойын — мұнда аналық мойынның қуысы борпылдақ өткізгіш паренхимаға толы.

Ашық және жартылай ашық мойында тозаң түтігі кедергісіз еркін өседі. Бітеу мойындарда аналық ауызында өсуін бастаған тозаң аналық мойыныңдағы өткізгіш паренхиманың жасуша аралықтары арқылы жатынға бағытталады.

Аналық мойынының ұзындығы өсімдіктердің түріне қарай әр түрлі. Кейбір өсімдікте ол қысқа болса, қайсы бірінде мой­ын мүлде болмайды. Бұл жағдайда аналық ауызы қоңдырмалы болады да бірден жатынмен жалғасады. Аналық мойыны мен ауызы жиектері арқылы кіріккен жеміс жапырақшаларының жоғарғы бөлігінен пайда болады.

Жатын - аналықтың аса маңызды бөлігі. Жатынның ішкі бетінде жеміс жапырақшаларының жиегінде тұқым бүршіктері жетіледі. Жатынның тұйық қуысы – тұқым бүршіктерін және онда жүретін процестерді сыртқы ортаның қолыйсыз жағдайларынан қорғайды. Тұқым бүршігі жиектері кірікпеген мегаспорофиллдердің қолтығында ашық жататын жалаңаш тұқымдылардан жабық тұқымдылардың басты айырмашылығы осыңдай. Жалаңаш тұқымдылардағы сияқты, мұнда да ұрықтанудан кейін тұқым бүршігінен тұкым пайда болады.

Гүл бөліктерінің орналасуына қарай жатын: үстіңгі жатын, төменгі жатын және жартылай төменгі жатын деп бөлінеді (8-сурет).

Үстіңгі жатын гүл кіндігіндегі (табанындағы) гүл серігімен кірікпей бос, дара орналасады, оның қабырғалары жеміс жапырақшаларынан ғана пайда болады. Егер осындай аналық жатынның түбіне гүл серігі, аталық сияқты гүлдің қалған бөлімдері орналасса, ондай гүл аналық асты гүлі деп аталады.

Төменгі жатын ойыс гүл табанымен, гүл серігі және аталықтардың негізімен толығынан кірігіп кетеді. Гүл бөліктері жатынның жоғарғы деңгейінде орналасады. Төменгі жатынды гүл аналық үсті гүлі деп аталады.

Егер жатын ойыс құмыра тәрізді гүл табанымен (гипантий) кірікпей орналасса, онда оны ортаңғы жатын деп, ал гүл деңгейлес гүл деп аталады. Гипантий гүл серігі мен аталық жіпшелерінің кірігуінен пайда болады.

Гүлшоғыр. Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) айтады . Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді. Кез келген гүлшоғырдың негізгі сабағы, тарамдалған жанама сабақшалары бар. Негізгі сабағының бұтақтануына қарай гүлшоғырлар жай және күрделі болып екі топқа бөлінеді.

Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді. Мысалы: шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас (шоқпарбас),

        Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған). Кейде шашақ гүлшоғырда 2 немесе 4 гүл ғана болады, мысалы: шеңгел, асбұршақ, жабайы бұршақ және т. б. Жай масақ шашақ гүлшоғырына өте ұқсас. Айырмашылығы – гүлдері сағақсыз бекінеді (жолжелкен). Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, калла). Жай шатыргүлшоғырының негізгі сабағы қысқарады. Оның дәл ұшынан сағағы ұзын біркелкі шоғырланған бірнеше гүлдер бір жерден шығып таралады (пияз, адамтамыр (женьшень), наурызшешек, ақшұнақ). Шоғырбас гүлшоғырында қысқарған жуан негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады (беде). Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады. Оның жиегін (айналасын) жасыл түсті орама жапырақтар қоршап тұрады (күнбағыс, бақбақ, өгейшөп, гүлкекіре). Күрделі гүлшоғырларжай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Олар: күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр деп те атайды), күрделі масақ, сырға, күрделі шатыр.Күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр) негізгі сабақтан бұтақтанып, гүлдері екі қатарда шашақталады. Жанама бұтақтануы ұшына жақындаған сайын кішірейеді (жүзім, гүлшетен, тары, күріш). Күрделі масақ – орталық сабаққа бірнеше жай масақша гүлдер топтанады. Әр масақшада 2-3 гүлден болады (бидай, қарабидай, бидайық). Сырға гүлшоғыры масақ пен шашақ гүлшоғырына ұқсас (2-сурет). Айырмашылығы – негізгі орталық сабағы иілгіш, гүлдеп болған соң тұтас үзіліп түседі (қайың, терек, тал, көктерек).



Күрделі шатыр – жай шатыр гүлшоғырынан құралады. Себебі жай шатырдағы жеке гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз, балдырған,

Гүл мен гүлшоғырлардың маңызы Гүлді реңі, пішіні, аңқыған хош иісі үшін мәдени түрде гүлзарларда өсіреді. Гүлдердің хош иісі бөлініп шығатын эфир майына байланысты. Гүлдер медицина мен парфюмерияда кеңінен қолданылады. Медицинада түймедағы, жөке, қырмызыгүл және т. б. гүлдердің шипалық қасиеті болғандықтан, оларды кептіріп, дәрінің құрамына қосады. Қалампыр, банан гүлшанақтарынан татымды дәм жасалады. Жөке, қарамық гүлдерінің шірнелері балдың дәмін кіргізеді, хош иіс береді. Гүлшоғырларда жеке тұрғанда байқалмайтын өте ұсақ гүлдер жинақталады. Олар тозаңдану кезінде жәндіктерге (көбелек, ара, қоңыз) тез байқалады. Тозаңданған гүлдер ғана жеміс беріп, тұқымын таратып көбейеді.



Жеміс, классификациясы, жемістер мен тұқымдардың таралуы.

Тұқым гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтану нәтижесінде пайда болатын, көбею, таралу қызметін атқаратын мүшесі болып табылады. Ол сырты жеміс қаппен қапталған ұрықтен және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақуақыттар бойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілдікті болған кезде тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі. Қор заттарының жиналуына байланысты тұқым эндосперімді, эндоспермсіз, перисперімді, эндосперімді-перисперімді деп бөлінеді. Жеміс тұқымды сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктің көбею және таралу мүшесі. Жеміс гүлден, ұрықтану процесіне кейін ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процессі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды. Жеміс перикерпийден және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий- бір немесе бірнеше аналықтың жатынының қабырғасынан көп жағдайда гүлдің басқа бөлңктерңнен – жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий үш қабаттан тұрады: сыртқы-экзокарпий, ортаңғы- мезокарпий және ішкі- эндокарпий. Жемістер алуан түрлі болып келеді. Қарапайым апокрапты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Жемістерді жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер жеміс гүлдің бір ғана аналығынан дамыса-ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса –күрделі болып табылады. Жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жәімістер деп бөледі. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол жасушалардан түзілген мезокарпийі жақсы дамыған. Құрғақ жемістілердң шырындыларға қарағанда мезокарпийі нагар дамыған. Көпшілігінің мезокарпийі көп қабатты, жасуша ішілік заттарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршақ жасушалардан түзілген. Құрғақ жемістер қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер шиелі және сүйекті жемістер деп бөлінеді. Қақырайтын құрғақ жемістер қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай бөлінеді. Таптама- бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көп тұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс. Апокрпты гинецейден біріккен таптама түзіледі. Таралу жолдары – жел, су, жануар, адам арқылы таралады. Жемістерді қақырайтын, қақырамайтын, құрғақ және шырынды деп жіктейді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Гүл бөліктерін атаңыз.

2. Гүл бөліктері қандай қызмет атқарады?

3.Тозаңның құрылысы қандай?

4.Гүлшоғыры дегеніміз не?

Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.

1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975

1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 10. Қосжарнақтылар класы.

Дәріс жоспары:

1. Қосжарнақтылар класына жалпы сипаттама.

2.Сисиематикасы

3.Раушангүлділер, бұршақ, қалампырлар, астралар тұқымдасы.

Гүлді өсімдіктерде тұқым жемістің ішінде жетіледі, сондықтан гүлді өсімдіктерді жабықтұқымдылар деп атайды. Түрлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін жетеді. Бұл жер бетінде қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктерге қосарынан ұрықтану тән.

Қосжарнақтылар класы. Қосжарнақтылар түрлерінің саны 200 мыңнан астам болады. Олардың көбісінің практикалық маңызы зор немесе теориялық тұрғыдан да. Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші ретті қалыңдауға қабілетті. Тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлар. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық. Сабақтың көлденең кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады. Күрделі гүлділер,немесе астралар тұқымдасы-Сomposittae.Asteraceace.

Бұл тұқымдаста 18-20 мыңдай, түр бар (1мыңдай туыс) .Өмірлік формалары кішігірім ағаштар (кейде бұтақтанбаған калона тәрізді сабағы болады)бұталар, линалар ,жартылайбұталар,кқп жылдық және біржылдық өсімдіктер.Көп жағдайда олар өрмелеп өседі,кейде суккуленттеріде болады. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде)кездеседі. Бұл ең көп таралған және жоғары деңгейде жетілген тұқымдастардың бірі.Көптеген туыстары өзгергіш келеді,өйткені олар белсенді(интенсивті) түрде форма түзу саласында тұр. Түрлері тұқымы арқылы да, вегатативтік жолмен де өте жақсы көбейеді.

Бұтақтарында жапырақтары әдетте кезектесіп, сиректеу қарама-қарсы немесе топтасып орналасады,кейде олар жертаған (розетка) түзіп қатты тыстарады.Көп жағдайда өсімдіктен бөлініп шығатын әртүрлі заттар жиналатын қуыстары болады-сүт жиналады.Тұқымдасқа тән белгілер мынелар; гүлшоғыры себет (корзинка) ,сырт қарағанда гүлге ұқсас.Кейде себеттер (корзинка) жиналып қалқанша (шиток) немесе сыпыртқы (металка)түзеді. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама (обветка) түзеді. Орманның жапырақшаларының өзара орналасу ерекшеліктері, олардың формасы және түсі осы тұқымдастың өкілдерін классификациялауға және анықтауға ең қажетті белгілер болып табылады.Себеттің үстінгі беті (ложе) жазықта, ойыста , дөңесте болуы мүмкін; жылтыр немесе емшектәрізді;тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылңан немесе қуыс.

Гүлдер алуан түрлі-біреуиері біршама үлкен жіне қанық боялған, ал екіншілері ұсақ, көріксіз болып келеді. Олардың барлығы да 4 шеғбер түзіп орналасады. Күлтесі 5-мүшелі,тостаңаншасы желайдарға айналып кеткен немесе редукцияға ұшыраған.Андроцейі жіпшелері бос орналасқан 5 аталықтан және трубкаңа біріккен тозаңдықтардан тұрады. Құрылысы мұндай болып келетін андроцей тек күрделігүлділерге ғана тән. Гиницей ценокарпты 2 жемісжапырақшалардан тұрады. Аналығы 1.Гүл түйіні төменгі, 1-ұялы.Ұзын болып клетін аналықтың мойыны аталықтың трубкасының ішінде орналасады, одан жоғары әдетте екі жақтауы бар аналықтың ауызы ғана көтеріліп-көрініп тұрады. Жемісі-тұқымша, көп жағдайда олардың ұшуын қамтамасыз ететін желайдары болады.

Күлтежапырақшаларының құрылысына қарай гүлдердің мынадай түрлері болады: трубка тәрізді, тілше, жалғантілше, воронка тәрізді гүлдер. Екі ерінді гүлсерігі бар гүлдерде болады

Трубка тәрізді гүлді әдетте алғашқы деп қарайды. Күлтенің жапырақшалары бұл жағдайда төменгі жағынан трубкаға бірігеді, үстіңгі жағынан трубка қоңырау тәрізді кеңейеді де,5 тісшеге бөлінеді. Гүл актиноморфты, қосжынысты, кейде дара жынысты.

Гүлдің формуласы: *Са(5)-О-рар.Со(5) G(2).

Тілше гүлдің трубка тәрізді гүлден пайда болғаны күмән келтірмейді.Күлтенің төменгі бөлігі трубкаға бірігеді,бірақ ол өие қысқа болады. Одан жоғары трубка бір жағынан ғана ыдырап тілше түзеді, оның ұшы 5 тісшемен аяқталады. Гүлі зигоморфты, қосжынысты. Гүлдің формуласы:↑Са(5)-О-рар.Со(5)А(5)G(2).

Жалған тілше гүлді екі ерінді гүлден шығару жеңіл, оның күлтесінің тек бір ғана астынғы еріні болады. Жаоғантілшегүл тек 3 күлте жапырақшадан түзілген, оны тілшінің ұшындағы 3 тісі көрсетіп тұр. Бұл зигоморфты ,көп жағдайда аналық гүл, аталығы жоқ. Гүлдің формуласы:↑ Са(5)-О-рар.Со(3)А(0)G(2).

Воронка тәрізді гүлдің күлтесінің трубкасының жоғарғы жағы воронка секілді кеңейген болып келеді. Бұл жыныссыз гүл аталығы да, аналығы да болмайды.Гүлдің формуласы: Са(5)-О-рар.Со(5-7)А0G0

Себетті бір жағдайда тек трубка тәрізді гүлдерден немесе тілше гүлдерден тұруы мүмкін, ал екінші жағдайда оның ортаңғы бөлігі трубка тәрәзді гүлднрдне, ал шет жағы жалғантілше гүлдерден немесе воронка тәрізді гүлднрдне тұрады. Үлкен шет жағындағы гүлдердің түсі ұсақ ортаңғы гүлдеріне қарағанда басқаша болады. Осыдан барып гүлшоғырында әртүрлі түстілік қалыптасады, ол шамасы насекомдарға жақсы бағдар болса керек.

Гүл шоғырында жыныстық бөлінуі әрқилы. Себет тен қосжынысты, қосжынысты және даражынысты немесе жыныссыз, даражынысты, бір себетке немесе әртүрлі себетке жиналған гүлдерден тұруы мүмкін. Әртүрлі себетке жиналған гүлдер бірүйілде және екіүйлі өсімдіктер болуы мүмкін.

Гүлдердің құрылысының жоғарыда келтірген ерекшеліктері және олардың себетте орналасу реті күрделігүлділерді классификациялауда және олардың туыстарын анықтауда шешуші орын алады. Туыстың деңгейінде түрлерді анықтағанда бірінші орынға олардың вегетативтік оргардарының құрылысының ерекшеліктері шығады.

Күрделігүлділердің шаруашылықтағы маңызы аса зор.Олардың ішінде аса құнды тамаққа пайдаланатын,татымды дәмі бар, дәрілік, бояулық, сәндік, қош иісті өсімдіктер аз емес. Көптеген түрлі өсімдіктер жабынының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады, ал кейбіреулері өте қиын, күресуге бой бермейтін арамшөптер. Тұқымдасты 21 тұқымдастармағына бөледі. 1. Раушангүлділер тұқымдасы – Rosaceal. Түрлерінің саны 3 мыңдай (115 туыс), олар Солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты елдерінде кеңінен тарқалған. Раушангүлдердің вегетативтік және генеративтік органдарының құрылысы алуан түрлі. Өмірлік формалары мәңгі жасыл ағаштардан шөптесін өсімдіктерге дейін негізінен көпжылдық. Жапырақтары қарапайым және күрделі жапырақ серігі бар, немесе жапырақ серігі жоқ, қауырсынды және саусақ салалы жүйкеленген. Кейбір түрлерінің гүлдері мен жемістерінің біршама қарапайым болып келуі оларды көп жемістілерге жақындатады мыс: пестиктер санының көп болуы. Екінші біреулерінің гүлдің жекеленген бөліктерінің редукцияға ұшырауы және прогрессивті белгілерінің болуы тыс жатыны төмен болуы. Тұқымдастың негізгі қасиеті гиницеті мен гүл табанының құрылысында гүлдерінің гүл табаны конус тәрізді және гинецеті көп апокарпты немесе гүлтабаны ойыс және гинецеті көп ценокарпты болып келеді. Осындай бір – бірінен алыс жататын екі форманың арасында көптеген аралық формалары да болады. Табақша, тостағанша немесе бокал тәрізді болып ұлғайған гүл табанын гипантия деп атайды. Оның түзілуіне гүл табанынан басқа гүлдің басқа да бөліктері тостағанша жапырақшаларының, күлте жапырақшаларының аталықтарының түп жағы кейде тостағаншаның асты да қатысады. Көп жағдайда жемістер піскен кездерде гүл табаны ашық түске боялып, етжеңді және шырынды жағдайға келеді. Ол жемістердің жануарлар арқылы таралуына мүмкіндік туғызады. Раушнгүлдер сарғалдақ гүлдерден айырмашылығы гипанты жақсы жетілген, жапырақтарында жапырақ серіктерінің болуы, гүлдер астында тостағанша асты жапырақшаларының болуы, гүлдері барлық уақыт актиколеофор гүлсерігі қосарланған мүшесі сиректеу мүшелі аталықтары көп мүшелі олар қатар шеңбер түзі орналасады.

Раушангүлдер тұқымдасы гүл, жемістер құрылысына қарай 4 тұқымдас тармағына бөлінеді: тобылғылар, итмұрындар, алмалар, қараөріктер.

Тобылғылар тұқымдастармағы - Spirocoidae. Бұталар көп жылдық шөптесін өсімдіктер жапырақтары кезектесіп, сиректеу қарама – қарсы орналасады. Гүл табасы біршама жалпақ, сиректеу ойыс. Тостағанша жапырақшаларының саны 5 олар түп жағынан біріккен болып келеді. Күлтесі 5 бос орналасқан андроцейі көп гинецейі –5 Ca5 Co5 A G5. Жемісі аналықтардың бірігіп кетуінен болады топталған жиынтық, қауашақтан тұрады.

Тобылғы туысы – Spiraea. Европа, Азия, Солтүстік Америкада 80-дей түрі бар. БОР – да 22 түрі бар. Қазақстанда 3 түрі өседі. Табиғи және мәдени жағдайларда өсетін түрлері таңқурай жапырақты тобылғы – Shypericifolia және доцес жиекті жапырақ тобылғы Serenata, тал жапырақты S. Salicifolia жатады. Парктерде әдемі гүлшоғыры бар жапон тобылғысы S- Japonica өсіреді.

Итмұрындар тұқымдастармағы – Rosoideal. Түрлерінің жалпы саны 800-дей олар Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеулерінде кең таралған. Өмірлік формалары мәңгі жасыл және жазда ғана жасыл болатын ағаштар, лианалар, көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүл табаны ойыстан тостағанша тәрізді. Кейбір туыстарының тостағаншасының астында жапырақшалары болады. Гинецейі апокарптыдан ценокарптыға дейін болады. Гүл формуласы

Са (5) Co5 A Ce. Жемістері құрама дәндердің жиынтығынан, жаңғақшалардың жиынтығынан құрама топтамалардың жиынтығынан және сүйекті жидектер жиынтығынан тұрады. Раушангүл немесе итмұрын туысы (Rosa) полиморфты (өзгергіш) туыстардың бірі. Жабайы өсетін түрлерінің 5 мүшелі түксіз қосарланған сиректеу жартылай түкті гүлсерігі болады. Солтүстік ендінің кең таралған орманды, шөлейтті, таулы сай бойларында өседі. Орта Азияда көптеген жерлерді алып жатады. Түрлер саны анық емес 120-350 дейін бар.

БОР –да 150 түр олардан 60 эндем Қазақстанда 24 түр бар. Бұлардың құрамында е.В.г. Р.К. және провитаминдер бар. Итмұрындардан тікенектік қоралар жасайды.

Таңқурай (ежевика - малина) Ribus туысы 500 түрі бар үлкен полиморф өзгергіш –БОР флорасында 45 түр, Қазақстанда 4 түрі бар. Солтүстік ендіктің қоңырт климатты жерлерінде көп тарқалған бұталар. Ағаш тәрізді формалары субтропикалық зонада өседі. Жеміс сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Кәдімгі таңқурай –малина Ridalus Кавказ, Солтүстік және Солтүстік Американың ормандарында төменгі ярусын (қабатын) түзеді, өзендер бойында бұталар арасында өседі. Мәдени жағдайда көптеген сорттары өседі. Қожақат таңқурай – R. caesinius –ежевика, қойбүлдірген –R. Saxatilis. БОР-дың Европа бөлігнде кездеседі.

Құлпынай туысы- Земляника Fraqaria. 50-дей түрі бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Тостаған астында тостағанша асты жапырағы болады. Аналығы ойыс, етжеңді болып келген гүлтабанына орналасады. Жемісі сүйекті жидектердің жиынтығынан тұрады. Орман құлпынайы –F. Vesca және жасыл бүлдірген

F. Viridis екі үйлі өсімдіктер олар БОР-дың Европа бөлігінде Сібірде, Орта Азияда бұталар арасында таралған ананас құлпынайы тек мәдени Fananasa жағдайда ғана белгілі олардың жемісі үлкен сортқа бөлінеді.

Алмалар тұқымдастармағы- Pomoidae. Өмірлік формалары ағаштар мен бұталар. Гүлдері аналықтың үстінде орналасады, гүлтабаны ойыс. Гүлсерігі қосарланған 5 мүшелі. Аталығының саны көп жағдайда 20-ға жетеді. Гинецейі ценокарпты, жеміс жапырақшалары 5, олар көп жағдайда редукцияға ұшыраған 2-3, кейде 1-ге дейін қысқарған. Гүл түйіні (жатыны) төменгі, бакал тәрізді гипантимен бірігіп кетеді. Гүл формуласы Са(5) Со5 А Ce (1-5). Жемісі жидек. Алма туысы – Malus. Туыстың құрамына қоңыржай климатты елдерде өсетін 30 түр жатады. БОР-да 10 түр, Қазақстанда 6 түрі кездеседі. Көп кездесетін түрлері : орман алмасы М. Siversii – Орта Азия мен Қазақстанның таулы және өзен жағалын ормандарда өседі. Алма ағашының барлық екпелі сорттарының күрделі комплексі “үй алмасы” –М domestica деген атпен топтастырылады.

Алмұрт туысы –Pyrus. Құрамына негізінен Солтүстік ендіктің қоңыржай климатты белдеуінде өсетін 20 түрі бар. БОР-да 17 түр, Қазақстанда 2 түрі өседі. Алмадан қысқарған сабақтарынан пайда болатын тікенектерінің болуымен, формасы сопақша болып келетін жемістерімен, олардың жұмсақ бөлігінде склероидтардың (тасты клеткалар) болуымен ажыралады.

Кәдімгі алмұрт – Р. communis табиғи жағдайда өзгергіш БОР-дың Европа бөлігінде, Кавказ Орта Азияның таулы бөлігінде ормандар түзеді.

Шетен туысы - (рябина – Sarbus). Солтүстік ендікте өсетін 80-дей түрі бар. БОР-да 34 түрі, Қазақстанда 3 түрі бар. Кең таралған түрі (рябинка обыкновенная - Sancuparia). Ақ түсті гүлді, қалқанша тәрізді гүл шоғырына жиналған. Жемістері кулинарияда пайдаланылады.

Қараөрік тұқымдас тармағы – Prunoideal. Ағаштар, бұталар гүл табаны ойыс. Гинецейі бір ғана жеміс жапырақшасынан тұрады. Тұқым бүрі 2 оның біреуі жетіледі. Гүл формуласы Са (5) Со3, A, Сl1. Жемісі шырынды сиректеу құрғақ сүйекті.

Шие туысы - (вишня Cerasus) 150 түрі белгілі. БОР –да 10 түр, Қазақстанда 7 түр кездеседі. Жемісті бақтарда бақ шиесі С. viqaris, құс шиесі – (черешня Cavium) кеңінен отырғызылады. Бақ шиесі табиғи қауымдастықтарда кездеспейді. Құс шиесі Украинада, Молдовада, Кавказ тауларында көптеп кездеседі. Шие ағашының биіктігі 30м-ге дейін барады.

Қараөрік туысы –(Слива-Prnus) 35 түр бар. Қараөрік (слива домашняя –Р. Domestica) мәдени жағдайда көптеп аудандастырылған мәдени будандастырылған түрлердің негізгі арғы тегі ретінде кең таралған. Өсімдік (алша Divaricta) биіктігі 9-10м болатын ағаш, немесе бұта. Кавказ, Орта Азияда өседі.

Өрік туысы (абрикос - Armeniaca) табиғи жағдайда Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда, Қытайда таралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет