«Жол-құрылыс машиналарын пайдалану» пәні бойынша Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест спецификациясы Мақсаты


Пайдалану кәсіпорындарын жобалау және қайта құру негіздері



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата11.09.2023
өлшемі164.73 Kb.
#477081
1   2   3   4   5
ZHol rylys-mashinalaryn-paydalanu

Пайдалану кәсіпорындарын жобалау және қайта құру негіздері. 
Пайдалану кәсіпорындарының технологиялық жобалауының негізгі мәліметтері мен тәртібі. 
Аймақтардың, бөлімшелердің, қоймалардың технологиялық есебі. Өндірістік бағдарламаны, 
жұмыс көлемін және өндірістік персонал санын есептеу. Посттар мен жабдықтардың санын 
анықтау. Жоспарлау шешімдерін әзірлеу. 
Пайдалану кәсіпорнын материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 
Машиналарды техникалық пайдалануды материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Қоймалау 
тәсілдері және қойма жұмысының технологиясы. Жанар-жағармай материалдарының шығынын 
есепке алу және жою әдістері. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру. ЖЖМ сақтау және беру. 
Машиналарды пайдалануды техникалық қадағалау. 
Өздігінен жүретін машиналар мен жүк көтергіш механизмдерді пайдалануды қадағалайтын 
мемлекеттік органдар. Жүк көтергіш механизмдерді, такелаждық жабдықтарды және монтаждау 
жабдықтарын пайдалану ерекшеліктері. Жүк көтергіш крандарды пайдалануды ұйымдастыру. 
Өздігінен жүретін техниканы техникалық байқауды ұйымдастыру. 
5. Тесттің бір нұсқасындағы тест тапсырмаларының қиындығы: Тест тапсырмаларының 
қиындығы 3 деңгейде беріледі: базалық деңгейде (A) – 25 %; орташа деңгейде (B) – 50 %; жоғары 
деңгейде (C) – 25 %. 
Базалық деңгейдегі тест тапсырмалары қарапайым білім мен дағдыларын пайдалануға, 
түсушінің ең төменгі дайындық деңгейіне баға беруге, белгілі бір нұсқаулардың көмегімен 
әрекеттерді орындауға, қарапайым дәлелдер мен ұғымдарды пайдалануға негізделген. 
Орташа деңгейдегі тест тапсырмалары негізгі білім мен дағдыларын дұрыс пайдалануға, жаңа 
жағдайларда қарапайым модельдерді тануға, деректерді талдау мен салыстыруға, жүйелеуге, 
дәлелдерді қолданып, ақпаратты жалпылау мен қорытынды жасау қабілеттерін бағалауға 
негізделген. 
Жоғары деңгейдегі тест тапсырмалары неғұрлым күрделі білім мен дағдыларын пайдалануды
тапсырмалардың күрделі модельдерін тануды, мәселелерді шешу үшін білім мен дағдыларын 
біріктіруді, күрделі ақпаратты немесе деректерді талдауды, пайымдауды, тұжырымдарды 
негіздеуге бағытталған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет