§5. Багажды беру тәртібі
139. Багаж келу станциясына келгеннен кейін алушыға (қабылдау мен беру бойынша операцияларды орындау үшін станция ашық болған уақыт ішінде) ол багаж түбіртегін, барлық жол жүру бағытына ресімделген жол жүру құжаттарын (билеттерін) және жеке басын куәландыратын құжат ұсынғаннан кейін беріледі. Алушыда жол жүру құжаттары (билеттері) болмаған жағдайда одан әртүрлі алымдар түбіртегі бойынша жүк-багаж тарифіне дейін қосымша ақы алынады. Бұл ретте багаж түбіртегі қайтып алынып, багаж жол ведомосіне жапсырылады және темір жол көлігінің ұйымына жіберіледі.
Жолаушының (алушының) қалауы бойынша келу станциясы тәулік өткеннен кейін (келген күнін есептемегенде) алушыға телефон арқылы, тапсырысты хатпен (тапсырысты ашықхатпен) немесе басқа да жолмен оның атына багаж келгені туралы хабарлайды.
140. Келген багаж станция жолаушы тасымалдары бойынша операциялар үшін ашық деп жарияланған уақытта беріледі. Багажды келу станциясында поездардағы жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы тікелей багаж вагонынан береді (затбелгі бойынша қабылданған багаждан басқа).
Тасымалдаушы аралық станцияда келген багажды беру бойынша операцияларды поезд жүріп өткеннен кейін 2 (екі) сағаттан кешіктірмей, ал соңғы станцияларда - багаж вагонын түсіргеннен кейін жүргізеді.
Көлік құралдары бар болғанда багаж жолаушының (алушының) қалауы бойынша ол көрсеткен жерге дейін белгіленген ставкалар бойынша ақы алынғаннан кейін жеткізіледі.
Алушы қажет болған жағдайда багаждың салмағын тексере алады. Багаждың салмағын тексергені үшін төлем алынбайды.
141. Алушы багаж түбіртегін (затбелгіні) ұсынбаған, бірақ ол бойынша жөнелту қабылданған жол жүру құжатын (билетін) көрсеткен жағдайда, алушыға багаж жазбаша өтініші бойынша (өзіне тиесілі жөнелтілімнің куәландырылуын берген жағдайда: зат ыдысының немесе орамасының дәл белгілері, ішіндегісінің тізбесі) жүкбагажды тасымалдағаны үшін одан тариф бойынша айырымды өндіріп алусыз алушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері (оның жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес) көрсетіле отырып қолхат бойынша беріледі.
142. Багаж келмеген жағдайда, келу станциясы багаж түбіртегінің келесі бетіне жеткізу мерзімі өтіп кеткеннен кейін «Багаж келген жоқ» деген белгі жасауға, жылын, айын және күнін көрсетумен мөртабанын қоюға және жолаушыдан (алушыдан) багаж келгені туралы хабарлама беруді жіберу үшін оның мекенжайы көрсетілген өтініш алуы тиіс. Бұл жағдайда хабарлағаны үшін төлем алынбайды. Сол күні келу станциясына көрсетілген багаж келген жағдайда алушыға тапсырысты хатпен, тапсырысты ашықхатпен хабарлама жібереді және бұл жайында телефон арқылы қосымша хабарлайды.
Темір жолдың кінәсінен келу станциясына багажды түсірмеген жағдайда алушының талап етуі бойынша багаж келу станциясына тегін қайтарылады.
Багажды жеткізуде мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппүл төлеуді Тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тасымалдаушының кінәсі анықталғаннан кейін және алушының талап етуі бойынша жасалған жалпы нысандағы акті негізінде жүргізеді.
Айыппұлды төлеуге жасалған жалпы нысандағы актіде мынадай деректер болуы тиіс: багаж түбіртегінің нөмірі, тасымалдауға қойылатын багажды * қабылдау күні, багаждың келген күні, багажды жеткізу мерзімінің күні, тасымалдағаны үшін алынатын сома, мерзімін өткізіп алған тәулік саны, төлеуге жататын айыппұл сомасы, багажды алушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері, алушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, оның берілген күні, кім берді және нөмірі.
143. Багажды жеткізу мерзімі багаж жіберілген поездың қозғалыс кестесіне сәйкес темір жол келу станциясына жету уақытымен анықталады.
Егер багаж маршрут бойынша жолда артық жүкпен баратын болса, онда багажды жеткізу мерзімі осы маршрут бойынша келісілген поездардың жүру уақытымен әрбір артық жүкке 1 тәулік қосумен белгіленеді.
144. Табылған багаждың келгені туралы келу станциясы оның келген күні жолаушыға (алушыға) тапсырысты хатпен, тапсырысты ашықхатпен хабарландыру хаты жібереді.
Егер келу станциясы табылған багаждың келгені туралы хабарламаса, онда ол хабарландыру жібергенге дейін багажды сақтаған күндері үшін төлем алмайды.
§6. Жол жүру барысында багажды беру тәртібі
145. Жолаушы (алушы) жол жүру барысында өз багажын қайтып алуды қалаған кезде ол бұл туралы алдын ала поезд бастығы арқылы немесе өзі поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушыға ескертуі тиіс.
Егер жолаушы (алушы) өз багажын алуды қалаған станцияда багаж вагонына тиеу жағдайлары және поездың түру уақыты бойынша бұл мүмкін болса, поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы багажды береді, ал жолаушыдан (алушыдан) қайтып алынған багаж түбіртегін багаж жол ведомосімен бірге багаж берілген станцияға станция мөртабанын басу үшін және кейін тасымалдаушыға кезекті есеп беру үшін тапсырады.
146. Поездарда жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы багаж квитанциясына «багаж вагоннан жолаушының қолына берілді» деген белгі жасауға міндетті, ал станцияның жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы тапсыру тізіміне осындай мазмұнда белгі жасайды. Бүл жағдайларда өтілмеген қашықтық үшін төлемдер қайтарылмайды.
§7. Багажды тасымалдау үшін ақы төлеу тәртібі
147. Багажды тасымалдау үшін ақы жөнелту кезінде алынады. Багаж түбіртегінде көрсетілген салмақтан алшақтық анықталған әр жағдай туралы келу станциясы коммерциялық акті жасайды, оны шаралар қолдану үшін жөнелту жолына жібереді, ал жолаушымен (жөнелтушімен) тасымалдау төлемдерін қайта есептеу жүргізіледі.
148. Поездарда багажды және жүкті қабылдап-тапсырушы қабылдаған жолаушылардың (жөнелтушілердің) багажын, сондай-ақ затбелгі мен жапсырмаларды берумен ресімделген платформалық багажды тасымалдау үшін төлемді жолаушы (алушы) келу станциясында затбелгіні ұсыну бойынша төлейді. Төлемдер тасымалдаудың нақты қашықтығы үшін белгіленген тариф бойынша есептеледі және МД-4-3 түбіртегі бойынша багажды тапсыру кезінде алынады. Тасымалдаушы ішкі саясат есептеріне сәйкес басқа төлемдер талаптарын белгілейді.
149. Егер багаж жеткізу мерзімі аяқталғаннан кейін 7 тәулік өткеннен кейін келу станциясына келмесе (егер ол тергеу немесе кеден органдарының өкімі бойынша кідіртілмесе) багаж жоғалды деп есептеледі және жолаушы (алушы) оның құнын өтеуді талап етуіне болады. Жоғалған багаждың құны қолхатпен беріледі.
Қолхаттағы ақшаны алу үшін, жолаушы (алушы) табылған багаж темір жол станцияларының біреуіне ақысыз жеткізілсін деп өтініш бере алады. Багажды іздестірген және жіберген жағдайда иесі келгені туралы хабарлама алған сәттен бастап 30 күнтізбелік ішінде оны алуы және алған ақшаны қайтаруы тиіс.
150. Тасымалдау жүргізілген багаж түбіртегі немесе затбелгі жоғалған жағдайда, жолаушыға (алушыға) багаж тек оның жазбаша өтініші бойынша (жөнелтудің оған тиістілігінің дәлелдемесін ұсынған кезде) алушының тегін, атын, әкесінің атын және түрғылықты жерін (түлғаны куәландыратын төлқркатқа немесе басқа қүжатқа сәйкес) көрсетумен қолхат арқылы беріледі.
Багаж жол ведомосінде алушының және станция бастығының немесе багаж бөлімшесі қызметкерінің куәландырылған қолымен затбелгі мен багаж түбіртегін көрсетпей бергені туралы белгі жасалады.
151. Салмағы немесе орынның бөлігі жетіспеген кезде, сондай-ақ багаж зақымданған жағдайда, егер алушы осы түрде алуға келіссе, багаж алушыға беріледі.
Түбіртек станцияда қалады, ал багаж алушыға оның талабы бойынша орындарды ашқаннан және ішіндегі барын тексергеннен кейін ғана (алушы ұсынған тізімдемеге сәйкес) коммерциялық актінің екінші данасы беріледі, онда жетіспеушілік немесе зақымданғаны туралы мәліметтерден басқа алушының аты, әкесінің аты, тегі, мекенжайы және жарияланған құндылық сомасы көрсетілуі тиіс. Көрсетілген акт бойынша жолаушы (алушы) жөнелту немесе келу станцияға шағым бере алады, сондай-ақ табылған, жоқ багаж орындарын қайтып ала алады.
152. Шағымды қарау кезінде станция әрбір орынның жарияланған құндылығын немесе, егер бағалау барлық орындар үшін жалпы болса, жоғалған багаж бөлігінің тиісті салмағын өтейді.
Багаж зақымданған немесе бүлінген жағдайда жолаушыға багаж бөлігінің немесе барлық багаждың құны қайтарылады. Егер багаждың бүлінуі оны жеткізу мерзімінің кешігуінен және ол құндылығын жариялаумен тапсырылған болса, жолаушыға бүлінген багаждың салмағына пропорционалды құн төленеді.
Тасымалдаушы шығынның орнын толтырғаннан басқа, егер тасымалдау төлемі солардың құнына кірмесе, жоғалған, жетіспейтін, зақымданған (бүлінген) багажды тасымалдауға алынған тасымал төлемін жолаушыға қайтарады.
153. Егер іздеп табылған багаж бойынша оның иесіне оның шағымы бойынша ақшасы төленген болса, багаж берілген соманы қайтару жағдайында ғана беріледі.
Егер багажды алумен барлық шағымдары жойылатын болса, онда акті багажды берген жолда қалады, ал шағымның бір бөлігі ғана жабылған болса, актінің көшірмесінде іздеп табылған багаж орындарын беру туралы станция (вокзал) бастығының қолы қойылып, белгі жасалады.
§8. Багажды қайта жөнелту
154. Багаж межелі станциясына келмеген жағдайда жеткізу мерзімі өтіп кетсе, багаж түбіртегін үсынушы қажет болған жағдайда багажды басқа станцияға қайта жөнелтуді талап етеді.
Иесі багажды қайта жөнелту туралы алғашқы вокзалдың жүк бөлімшесінің меңгерушісіне жазбаша өтініш беруге тиіс, онда қай станциядан және қай станцияға дейін тасымалдауға багаж тапсырылғаны, орындар саны, орамның салмағы, түрі, багаждың жарияланған қүндылығы, багаж жөнелтілімінің нөмірі, багаждың жаңа келу станциясының атауы және багаж иесінің нақты мекенжайы көрсетіледі.
Өтінішті алған вокзалдың жүк бөлімшесінің меңгерушісі багаж квитанциясының келесі бетіне мынадай мазмұндағы белгіні жасайды: «... станцияға дейін багаждың уақытында келмеу себебінен оны қайта жөнелту туралы өтініш қабылданды».
Белгі күнтізбелік мөртабанмен және вокзалдың жүк бөлімшесінің меңгерушісінің қолымен бекітіледі. Багаж түбіртегі жолаушыға (иесіне) қайтып беріледі. Бұл жағдайда жолаушыға (иесіне) айыппұл Заңның 80-бабына сәйкес төленеді.
155. Багаж алғашқы межеленген станцияға келгеннен кейін станция бастығының атынан багаж иесінің атына жазылған жаңа багаж құжаттары бойынша қолма-қол оны қайта жөнелту жүргізіледі. Жаңа жол-багаж ведомосіне алғашқы багаж жөнелтілімінің нөмірі көрсетіледі.
Қайта жөнелтілген багаж жаңа багаж ведомосі бойынша жіберіледі, ал жаңа багаж ведомосі қайта жөнелту туралы өтінішпен бірге түбіртектің түбіршегіне жабыстырылады да ескі жол багаж ведомосімен бірге есеп беру кезінде кері жіберіледі.
156. Бастапқы межеленген станция багаждың келгені және қайта жөнелтілгені туралы иесіне қайта жөнелтудің уақыты мен жіберу түбіртегінің нөмірін көрсете отырып, жазбаша хабарлайды.
Жаңа межелі станцияда багаж ақысыз беріледі, бұл ретте багаж иесіндегі алғашқы жөнелтуге берілген багаж түбіртегі кері қайтып алынады.
157. Сондай-ақ багаж әлі келмеген және де оны жеткізу мерзімі өтпеген жағдайларда да багажды қайта жөнелтуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда жолаушының жазбаша өтініші бойынша багаж жаңа тасымалдау құжаттары бойынша тиісті төлемдер төленген багаж ретінде өтініште көрсетілген жаңа межелі станцияға қайта жөнелтіледі (жаңа мекенжайға жіберіледі).
Төлемдер төленгеннен кейін жолаушыға алғашқы жөнелтуде берілген квитанцияның орнына багаж түбіртегі беріледі, ол өтінішпен бірге багаж келгенге дейін станцияда сақталады.
5. Жүк-багажды тасымалдау тәртібі мен шарттары
§1. Тасымалдауға қабылдап алу шарттары
158. Жолаушылар поездары багаж вагондарының іші жолаушылардың багажымен толық толтырылмаған жағдайда олар жүк-багажды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жеке адамдардан жүк-багаж жазбаша өтініш бойынша багажды қабылдау мен беру үшін ашық станциялардан және станцияларға дейін қабылданады.
Бос бөшкелер мен жәшіктер, кәбілді барабандар, қалбырлар, түғырықтар, бөлшектенген контейнерлер және басқалары багаж вагонында орын болған кезде қабылданады.
Шынысы немесе айнасы бар заттар барлық поездардың багаж вагонына жол жүру барысында артық жүксіз қабылданады.
Темір жол торабында жүк-багаж тасымалдауға тек жүк-багаж тораптан жөнелтілетін желінің шығару станциясы жағынан ғана қабылданады.
Жүк-багажды тасымалдауға егер жөнелту мен келу станциясында поездың аялдау ұзақтығы кемінде 5 мин кем болғанда қабылдайды.
Жүк-багаж қажет болған жағдайда тасымалдауға алдын ала қабылданады.
159. Жүк-багаж тасымалдауға жол жүрудің барысында оның сақталуын қамтамасыз ететін ыдыста немесе орамда қабылданады. Әр орында оны тиеу, қайта тиеу мен түсіру кезінде орнын ауыстыруға, ыңғайлануы немесе оған мүмкіндік беретін қүрылғысы болуы тиіс.
Айнасы немесе шынысы бар заттарды тасымалдауға қабылдау, оны тиеу немесе түсіру кезінде шынының немесе айнаның бүтіндігін қамтамасыз ететін орамда жүргізіледі. Әрбір орында «Абайлаңыз, шыны» деген жазу болу тиіс.
Жол жүру барысында бейне, аудиоаппаратуралар артық жүксіз тасымалдау кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін орамда, ал артық жүкті тасымалдау кезінде - тек қатты орамда (жәшік немесе темір торда) қабылданады. Олардың тасымалдануын ресімдеу кезінде орамның үстіне немесе бүйір қабырғаларының біріне «Абайлаңыз, телевизор» немесе «Абайлаңыз, радиоқабылдағыш» деген анық жазулар жазылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері жәшіктерге, себеттерге, қаптарға, ал бал -металл қалбырға немесе ағаш бөшкелерге салынуы тиіс. Орам тасымалданып отырған өнімдердің сақталуына кепілдік беру тиіс.
Мотовелосипедтердің, мотоциклдердің, мопедтердің және мотоарбалардың бактары жанармай мен майлардан толық тазартылуы тиіс. Мотоциклдер (салмағы 165 кг дейін), мотороллерлер және мопедтер тасымалдауға зауыттық немесе басқа да қатты орамда қабылданады.
160. Жүк-багаж ретінде тасымалдауға бөлінбейтін орындарды қабылдау артық жүксіз де артық жүктеумен де, багажды қабылдау мен беруге ашық станциялардан станцияларға дейін бір орын салмағы 75 кг-дан 165 кг (газ плиталары, тоңазытқыштар) дейін жүргізіледі.
161. Заңды түлғалардан жүк-багаж тасымалдауға басқа жүктердің алдында басымдылықпен белгіленген төмендегі кезек тәртібімен қабылданады:
1) дәрі-дәрмектер;
2) құрылғылар мен аспаптар, экспедициялық жұмыстар үшін қажетті таспалар, сондай-ақ темір жол көлігі үйымына жіберілетін жүктер.
162. Жүктерден кейін жүк-багажбен жол жүру барысында асыра жүктеусіз тасымалдауға мынадай тез бүлінетін жүктер қабылданады:
1) ет және балық;
2) уылдырықтың барлық түрлері;
3) сүт өнімдері;
4) ашытқы;
5) жұмыртқа;
6) тірі теңіз және өзен фаунасы;
7) көкөністер, жемістер мен жидектер;
8) поездың мейрамхана вагондары мен буфеттерінің өнімдері: тағамдық тоң майлар;
9) сыра, су;
10) нан, нан-тоқаш өнімдері;
11) өсімдіктер мен көшеттер.
Жоғарыда аталған тез бүлінетін жүктерді багаж вагондарында тасымалдаудың ең жоғарғы рұқсат етілетін қашықтығы осы Қағиданың 6-қосымшасында келтірілген.
163. Тез бүлінетін жүктер үшін мынадай қысқартылған беру (сақтау) мерзімдері белгіленеді, бұл мерзімдер өткеннен кейін жүк алынбаған деп есептеледі және жойылуға жатады:
1) жаңа сауылған сүт - 6 сағат;
2) жемістер мен жидектер, ет пен құс еті, картоп, қызылша мен қырыққабаттан басқа жас көкөністер, әр түрлі жаңа ауланған балықтар, шаяндар, ашытқылар, сүт өнімдері - 12 сағат;
3) көктемгі картоп, қызылша мен қырыққабат - 24 сағат. Қалған тез бүлінетін жүктер үшін сақталу мерзімі 3 тәуліктен аспауы тиіс. »
164. Тез бүлінетін жүктер станцияларда жолаушыдан белгілі бір поезға осы поезд жөнелтілгене дейін 2 сағат бұрын (одан ерте емес) қабылданады. Алушыға тез бүлінетін жүкті алуға келу уақыты туралы ақпарат беру жөнелтушінің міндетінде болады.
165. Жүк жеткізіліп, осы Қағиданың 163 және 164-тармақтарында көрсетілген беру мерзімі барысында алушыға берілуі мүмкін болған және тасымалдаушының кінәсінен жүктің бүлінуіне әкеп соққан ораудың зақымдалуы болмаған жағдайда, өзінің табиғи қасиеттеріне немесе климаттық жағдайларына байланысты тез бүлінетін жүктің бүлінгеніне байланысты шығындарды (залалдарды) Тасымалдаушы өтемейді.
§2. Жүк-багажды тасымалдауды ресімдеу тәртібі
166. Жөнелтуші жүк-багажды жөнелту туралы мынадай мәліметтер көрсетілген өтініш береді:
1) жүк-багаждың атауы;
2) орындар саны, орамның салмағы және түрі;
3) межелі станция мен жолы;
4) алушының атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және пошталық индексі көрсетілген мекенжайы;
5) жөнелтушінің атауы (тегі, аты, әкесінің аты) және пошталық индексі көрсетілген мекенжайы;
6) алушыға хабарлау тәсілі (телеграф, пошта).
Тасымалдаушы жөнелтушіні жеке ақы төлегені үшін қажет болған жағдайда өтініштің осы бланкілермен жабдықтайды.
Багаж бөлімшесінің қызметкері жүк-багажды тасымалдауға рұқсат берген кезде жүк-багажды қабылдау уақыты (күні, айы, сағаты) белгіленеді, бұл туралы өтініште белгі жасалады.
167. Жүк-багажды жөнелтуге қабылдау жіберушінің өтініші негізінде және өтініште көрсетілген деректерге сәйкес ресімделген белгіленген нысандағы тасымалдау құжатымен ресімделеді.
Жөнелтушіге жөнелтуші мен алушының атауын және олардың мекенжайы көрсетілген жүк-багаж түбіртегі жіберіледі.
Жөнелтуші тасымалдау құжатында (жүк-багаж түбіртегі) көрсетілгеп деректердің (жөнелтушінің немесе алушының мекенжайы, тегі немесе атауы, межелі станциясы, орам түрі және жүкбагаждың атауы, салмағы, орындар саны, хабарлау тәсілі) дұрыстығын тексереді.
168. Жөнелтуші жүк-багаждың барлық орындарын талап етілетін таңбалық жазуларымен ұсынуға міндетті. Жөнелту станциясында жөнелтушілер таңбалық жазуларды түсіру үшін ақы төлеп арнайы биркалар ала алады.
169. Жөнелтуші тасымалдаушы белгілеген мөлшерде ақша төлей отырып тасымалданып отырған жүк-багаждың құндылығын жариялайды.
170. Егер тасымалдауға бірнеше орын ұсынылатын болса, жөнелтуші әрбір жеке орынның құндылығын немесе барлық орындардың жалпы құндылығын жариялауы керек.
Жарияланған құндылықтың сомасы жүк-багаж түбіртегінде жазумен және санмен көрсетіледі, ал әрбір жеке орынның құндылығы мен салмағы санмен қойылады.
171. Тасымалдау және жарияланған құндылығы үшін ақы жөнелту кезінде төленеді.
Жүк-багажды жөнелтудің ең аз есептік салмағы 10 кг. 10 кг артық жөнелтілімдердегі толық емес 10 кг толық болып есептеледі. Салмағы 1000 кг артық жөнелтімдердегі толық емес 100 кг толық болып есептеледі.
§3. Жүк-багажды беру тәртібі
172. Межелі станция жөнелтушінің өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес алушыға жүк-багаждың келгені туралы тапсырысты хатпен (тапсырысты ашық хатпен) хабарлауға міндетті. Бұл ретте хабарлама үшін жеке төлем алынады.
173. Заңды тұлғалардың атына келген жүк-багаж басшының және бухгалтердің қолы қойылған сенімхат бойынша беріледі. Сенімхатта алушының мекенжайы, жөнелту нөмірі және алынатын орындар саны туралы мәліметтер болуы тиіс. Жүк-багажды алуға уәкілетті адам сенімхаттан басқа оның түлғасын куәландыратын құжатты ұсынуға тиіс. Жүкбагажды алу кезінде уәкілетті адам жол жүк-багажы ведомосінің екінші жағына алғаны жайында өз қолын қояды. Бұл ретте станциядағы жүкті және багажды қабылдап-тапсырушы сенімхатта көрсетілген мәліметтермен жол жүк-багаж түбіртегіндегі барлық деректерді салыстырады. Осыдан кейін жол жүк-багаж түбіртегінің келесі бетіне және багаждың және жүк-багаждың келуі мен беру. кітабында сенімхаттың (нөмірін, берілу күнін, кім қол қойғанын) және жүк-багажды алуға уәкілетті адамның жеке басын куәландыратын құжаттың (нөмірін, күнін, кім бергенін) деректерін және тұрғылықты жерін жазып алады.
Жеке адамдардың атына келген жүк-багаж оның тұлғасын куәландыратын төлқұжатты немесе куәлікті үсыну бойынша алушыға (немесе оның сенімхаты бойынша басқа адамға) жол ведомосінің келесі бетіне адамды куәландыратын төлқұжаттың немесе қүжаттың нөмірін және тұрғылықты жерін көрсетумен қолын қойғызып, беріледі.
Жүк-багажды алу кезінде жүк-багаж түбіртегін көрсету міндетті емес. Бірақ, жүк-багажды алуға уәкілетті адамның қалауы бойынша станцияда белгіленген ақыға жол жүк-багажының ведомосінен көшірме жасалына алады, ол станцияның (вокзалдың) қолымен және мөртабанымен расталады.
174. Алушы жүк-багажды алу кезінде қажет болған жағдайда оның салмағын тексертеді. Жүк-багажды өлшеу кезінде төлем алынбайды.
6. Қол жүгін, багаж бен жүк-багажды сақтау тәртібі
§1. Қол жүгін сақтау шарттары
175. Жолаушылардың қол жүгін уақытша сақтау үшін темір жол станцияларында (вокзалдарында) бейне қадағалау камералармен жабдықталған өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматты сақтау камераларының блоктарын орнатуға рұқсат беріледі.
Жергілікті жағдайларға қарай, қажет болған жағдайда қоймашылар қызмет көрсететін сақтау камераларының да ашылуы мүмкін.
Өзіне-өзі қызмет көрсететін автоматты сақтау камералары, сондай-ақ қоймашылар қызмет көрсететін сақтау камераларының жұмыс уақыты мен тәртібі туралы хабарландырулар жолаушылардың назары үшін сақтау камералары бөлімдерінде және көрінетін жерлерде ілінеді.
176. Қоймашылар қызмет көрсететін стационарлық сақтау камераларына түрі мен жайына қарамастан ораудағы қол жүгін тапсыруға болады.
Ауыл шаруашылығы өнімдері сақтауға олардың сақталуын қамтамасыз ететін кез келген ыдыста қабылданады.
Сақтауға тапсырылған тез бүлінетін өнімдердің табиғи бүлінуі үшін тасымалдаушы жауапты болмайды.
Сақтауға жеке қабылданатын қол жүгі орынының салмағы 50 кг аспайтын және әрбір орынның оны тасымалдауға мүмкіндік беретін құрылғысы болуы тиіс.
Тапсырылып отырған қол жүгіне байланған әрбір зат жеке орын деп саналады.
Жануарлар мен құстарды, атыс қаруын, жарылғыш, өрт қаупі бар, оңай түтанатын, уландырғыш және сасық заттарды, сондай-ақ басқа жолаушылардың киімін былғайтын немесе бүлдіретін заттарды сақтауға тапсыруға және қабылдауға тыйым салынады.
Қол жүгінде ақшалай сомаларды, облигацияларды, құжаттарды және басқа да құндылықтарды сақтауға рұқсат етілмейді.
177. Егер сақтау камерасына заттарды қабылдау кезінде орауда ақаулар анықталса, онда оларды иесі не жоюға, не ыдысы мен орамында ақаулардың бары туралы қоймашы жасаған жалпы нысандағы актіге қол қоюы қажет.
178. Салмағы 50 кг асатын немесе автоматты сақтау камераларының ұяларына немесе үшінші сөрелерге (төменге) сыймайтын заттар, сондай-ақ теледидарлар, тоңазытқыштар, кір жуу машиналары және басқалары арнайы ірі габаритті заттарды сақтау камераларында сақтауға қабылданады.
179. Заттарды сақтауға тек оны тапсырып отырған адамда жеке түлғасын куәландыратын құжаттар бар болған кезде ғана қабылдайды. Тұлғаны куәландыратын құжаттағы мәліметтер МД-4-3 нысанды түбіртекке көшіріледі (тұлғаны куәландыратын құжаттың нөмірі, жолаушының тегі).
180. Заттарды сақтауға ставкалар бойынша ақы төленеді. Заттар жетон ұсынушыға беріліп, жетон қайтып алынады.
Қол жүгін тапсырған жолаушы өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камерасынының ұяшығын жаңа қол жүгімен толықтыруға қайтадан ашқан жағдайда, қол жүгін сақтау үшін ақы төлейді.
181. Жетон жоғалтылған кезде, сақтау камерасына қабылданған заттар багаж үшін белгіленген тәртіппен иесінің осы заттардың оған тиістілігі туралы дәлелдер үсынуы бойынша қайтып беріледі.
Жолаушыдан жоғалтып алынған жетон үшін жетонның қүнына тең ақы өндіріп алынады.
182. Өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларына тапсырылған заттар күнтізбелік екі күн барысында сақталады, осыдан кейін олар станцияның (вокзалдың) қоймалық бөлмелеріне немесе стационарлық сақтау камераларына тапсырылады. Өзіне-өзі қызмет көрсететін сақтау камераларынан қол жүгін алу кезінде оны толық сипаттаумен акт жасалады. Қол жүгі иесінің тұрған орнын анықтау мүмкіндігі болғанда оған дереу қол жүгінің орналасу орны туралы хабарлама жіберіледі. Жауап алынғаннан кейін қол жүгін тапсырған жолаушының (иесінің) өтінішіне сәйкес ақы төлеп жіберіледі.
Үш ай ішінде иесі алмаған заттар багажды сату үшін белгіленген тәртіппен сатылады.
Достарыңызбен бөлісу: |