Жолдау жастар назарында Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, 8-ші ақпан күні БҚму ғылыми кітапханасында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»



жүктеу 23.73 Kb.
Дата23.07.2016
өлшемі23.73 Kb.


Жолдау жастар назарында
Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауына сәйкес, 8-ші ақпан күні БҚМУ ғылыми кітапханасында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты оқырмандар конференциясы өтті.

Оқырмандар конференциясын университетіміздің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Мұқтар Әбілсейіт Қапизұлы ашты.

Филология және қазақ тілі мамандығының 1-ші курс магистранты Сралиева Мейрамгүл, «Орал студентерінің Альянсы» студентік қозғалысының университеттегі көшбасшысы, студенттік омбудсмен Ешимова Жанбота, кітапхана және библиография мамандығының 4-курс студенті Жолымбетова Мейірім өз ойларын ортаға салды.

Қоғам дамуының қос қанаты – білім мен ғылымға қолдау көрсету ерекше мәнге ие. Елбасы оқыту үрдісіне казіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу қажеттігін және халықаралық стандарттарға негізделген Назарбаев Университеті мен зияткерлік мектептерді, кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің тәжірибесін Қазақстанның білім беру жүйесіне тартылу керектігін баса айтты.

Бүгінгі таңда елімізде білім сапасын арттыру үшін инновациялық технологиялар барынша енгізілуде. Білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады. Осы бағыттарға сәйкес ғылыми кітапхана іс-қызметі де қалыс қалған емес. Жаңа технологияларды енгізу қажеттігіне сәйкес, біздің университетімізде электронды кітапхана 2005 жылдан бастап студентермен оқытушыларға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі таңда жаңа компьютерлермен жабдықталып, электронды оқулықтармен студенттеріміз дәріс алуда. Жаңа ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдері: электронды каталог, электронды оқулықтарды компьютер арқылы оқу, аудио-видео материалдар көмегімен, сондай-ақ, «ЭЛАР ПланСкан «А» жаңа толқындағы сканер аппаратының көмегімен ақпарат алып қолайлы және тез арада оқырмандар сұранымын орындау үстіндеміз. Қажет басылымдарды электронды нұсқаға тез арада айналдыру жаңа толқындағы сканер ЭЛАР ПланСкан «А» сериясы аппаратының көмегімен жүзеге асып, кітапхананың электронды ақпараттық қорын кеңейтуде маңызы зор.

Ғылыми кітапхана тарихы мен іс-қызметі туралы ақпарат университет сайтының www.wksu.kz «БҚМУ сайттары» айдарында топтастырылған, өз www.library.wksu.kz электронды поштасы бар. Онда жүйелі түрде жаңалықтар, хабарландырулар беріліп, «Ғылыми кітапхана тарихы», «Құрылымы», «Байланыстар», «Жаңа әдебиеттер бюллетені», «Виртуалды көрме», «Библиографиялық көрсеткіш» т.б. бөлімдері беріліп, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті оқытушы профессорлар құрамы еңбектерінің библиографиялық көрсеткіші, атаулы мерекелер мен белгілі тұлғаларға арналған библиографиялық көрсеткіштер, виртуалды кітап көрмелері т.б. электронды ресурстар жарияланып отырады.

Ғылыми кітапхана электронды деректер базасы «Thomson Reuters Springer» компаниясының пәнаралық және аз мамандандырылған мәліметтер базасын қоса алғандағы «Web of Knowledge» атты мультидисциплинарлық электронды ғылыми-зерттеу платформасын пайдалану туралы келісім шартқа отырды.

Ғылыми кітапхана PQOT; РФФИ (Ресей зерттеу фундаменталды қоры) www.rfbr.ru; ҚР ҰАК (ҚР Ұлттық Академиялық Кітапханасы) www.kazneb.kz; POLPRED.com электронды мәліметтер базаларымен байланыс орнатып, электронды деректер базасын пайдалана алады.



ХХІ ғасыр ақпараттық ғасыр екені баршамызға аян. Кәсіптік ғасырдың қойнауынан шығып, ақпараттық ғасырға аяқ басқан заманда, ел ертеңі – білімді ұрпақ, білікті маман.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет