Жоспар: Бағалау – білім беру үрдісі


№9.Тақырып: Критериалды бағалау педагогикалық технология ретінде



бет12/24
Дата04.10.2023
өлшемі455.12 Kb.
#479809
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
askarkyzy bagalaudyn olshemdik

№9.Тақырып: Критериалды бағалау педагогикалық технология ретінде


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ



  1. Критериалды бағалау педагогикалық технология ретінде 2.Критериалды кестелер. Рубрикаторлар, дескрипторлар туралы түсінік 3.Формативті және суммативті бағалау

ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ



    1. Қазіргі таңда білім берудің әлеуметтік құрылымы маңызды элементтердің біріне айналып отыр. Дүние жүзінде білімнің ролі артып, әр елдің өзіндік білім беру жүйесі тағайындалған. Қазақстан Республикасындағы үлкен өзгерістердің білім беру саласында қамтылуы маңызды іс-шара болып табылады. Осы орайда білім сапасын арттыру мақсатында критериалдық бағалау жүйесін дамыту маңызды екендігі сөзсіз.

Мектеп дамуының қазіргі кезеңінде білім сапасын бағалау жүйесін өзгерту немесе жаңарту мәселесі неліктен пайда болды? Ол үшін ең әуелі, мәселенің туындауына себепші болып отырған мынадай қайшылықтарды қарастыру қажет:
бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы (бағаның субьективтілігі, нақты бағалау критериінің болмауы - бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпараттың болмауы);
оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қарым-қатынастар сипаты арасындағы қайшылықтар;
білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістер мен осы жүйені басқарудың сипаты арасындағы қайшылықтар.
әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі оның негізгі тауары- құзіреттілік, яғни білім алушының қандай да бір іс-әрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру, қалыптастыру. Біз оқушының
білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан оның құзіреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек.
Оқушының құзіреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын рөлі зор. Ал бұл өз кезегінде бағалау жүйесіндегі дамытушылықты қажет етеді.
Қазіргі 5 балдық бағалау жүйесі қалыптасқан уақытта ол оқушының білім деңгейін көтеруді негізге алып құрылған болатын, ал қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасу, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған.
Әлемдегі бағалау жүйелерінің көпшілігі- нормативті, яғни қандай да бір белгіленген нормамен салыстыру арқылы бағаланады. Критериалдық бағалау жүйесі нормативті бағалау
жүйесіне жатады. Критериалдық бағалау жүйесі-Халықаралық бакалавриат мектептерінде кең қолданылады. Бұл бағалау жүйесі- білім алушының құзіреттілігін дамытуға, тұлғаның қалыптасуына бағытталған бағалау жүйесі.
Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері Критериалды бағалау міндеттері:
Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалау артықшылықтары:
Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады; Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі; Білім берудің сапасы артады;

    1. Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.

Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.
Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.
Өткен тақырып бойынша барлық жұмыстар, бақылау жұмыстары да сәйкес рубрикамен бағаланады. Рубрикаларды оқушы әр тақырыпты бастар алдында алады. Бұл берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы қалай бағаланатындығын түсінуіне мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ, рубрика оқушыға берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде нені үйренетіндігін және осы тақырыпты меңгеру үрдісінде неге көбірек көңіл аудару керек екендігін көрсетеді. Яғни, оқушы өз оқуының белсенді бір жағы – субъект болады.
Рубрика – оқушы не үшін оқып жүргендігін, критерий – ол нені үйренуі керек екендігін, ал дескриптор – оқушы оны қалай орындау қажеттігін көрсетеді. Егер рубриканы қандай да бір төбе деп есептесек, критерий – баспалдақ, ал дескриптор – жоғары көтеріле отырып, сенімді түрде мақсатқа қарай жылжуға болатын жеке басқыштар.
Критерийлер және дескрипторларды қолдана отырып, оқушы жақсы нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады.
Критерий оқушыларға жұмыстың басында таныстырылады. Сондай-ақ, критерийді мұғаліммен бірге талқылайды, тұжырымдалуына және критерий құнына өзгеріс енгізе алады. Сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады.
Балдық бағалауда оқушылар жасаған еңбегіне сәйкес бал жинайды. Балдық жүйеде белгілі критерийлермен өлшенетін жазбаша жұмыс болу керек. Бағалаудың әр параметрі сабақтың және деңгейдің тармағында көрініс табады.Барлық көрсетілген параметрлер белгіленген критерийлер бойынша өлшенеді және есептеледі және оқушылар онымен таныстырылады. Бағалау криериийлерімен және дискрипторлар оқушыларға ұсынылады. Сол дескрипторлар арқылы оқушылар өзінің деңгейін анықтай біледі.

    1. Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар

Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған:
Қалыптастырушы және қорытындылаушы бағалау:
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады.
Қорытындылаушы бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады.
Қалыптастырушы бағалау:
Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.) Оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге және жоғары нәтижеге жетуге көмектеседі;
Мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға және жоспарлауға мүмкіндік береді.
Қорытындылаушы бағалау:
Әрбір бөлім соңында өткізіледі(бақылау жұмысы немесе қорытынды сынақ жұмысы ) Оқушыларға әрбір бөлім бойынша өз білім деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді Мұғалімге оқушылардың жетістіктері туралы қорытынды пікір жасауға және қорытынды
бағаны қоюға мүмкіндік береді.
Формативті немесе қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау және білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуыа көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жаупкершілікті сезінуді жүктейді. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дәрежесін анықтаудан көрі кең ауқымдағы нәрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді.Осы орайда формативті бағалау басқа бағалау әдістерінен қарағанда оқушыға материалды тереңірек түсінуіне көмектеседі, сонымен қатар сол материалды сараптап, өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануын оятады. Формативті бағалау суммативті бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты жылдам қамтамасыз етеді.
Суммативті (немесе қорытынды) бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау (қорытындылау бағасы) кезінде қолданылатын, тараудың немесе блоктың соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының өткен шақтағы жетістіктерін қарастыру үшін қолданылатын және сабақ оқытудан салыстырмалы түрде тысқары, қандай да бір уақыт аралықтарында өткізіліп отыратын жетістіктер деңгейінің қорытындысын шығаруда , есеп беруде қолданылатын бағалау түрі. Бағалаудың бұл түрі формативті бағалаумен салыстырғанда оқушынының қызығушылығын оята қоймайды.
Формативті бағалау шеңберінде мұғалімдерге оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын тестілеу, және көпеген елдерде қолданылып жүрген әдістер мен формалар ұсынылады.Формативті бағалау әдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады.
Рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады,жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету;, «менімен сәйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына
туындайды, ұзақ мезімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде (яғни ақпаратты меншіктейді) еркін дәйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, (әртүрлі көрсетілімдермен танысады) өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет