№14.Тақырып: Кәсіптік колледж оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ
Колледж оқушыларының өзін-өзі бақылауы мен бағалауы
Оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау әдіс-тәсілдері, формалары
ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Оқытудың теориясы мен әдістемесінде білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау оқу әрекетін қалыптастыруда үлкен мән беретін құрал ойынды оқыту. Соның ішінде, дидактикалық және іскерлік ойындар болып табылады. Зерттеушілердің дәлелдеулерінде ойын оқу материалын қабылдауға мәнді құрал көзі болып табылады. Оқыту үдерісінде білім алушылар бақылау, салыстыру, жіктеу мен топтау, жалпыламалау, жүйелеу мен қорытындылау, шешім қабылдау, көшбасшылық қасиеттері қалыптасады. Ойынды оқыту мазмұнында білім алушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктері, жасампаздық, ізденіс және басқа да психикалық процестерінің дамуына ықпал етеді. Ізденісті іс-әрекет жұмыстары оқушылардың өзбетімен проблемалық ситуацияларды шешуге, топ болып бақылау мен бағалау жасауға, бірінің жауабын бірі түзетуге көмектеседі.
Білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау оқу әрекетін тиімді қалыптастыруға ықпал ететін әдістердің біріне жобалап оқыту кіреді. Жоба жұмысын орындау барысында білім алушылардың дербестігі, өзінің оқу-танымдық іс-әрекетін өзбетімен ұйымдастыру, жоспарлау, орындау тәртібін анықтау, салыстыру, өнімнің артықшылығы мен кемшіліктерін анықтау, сапасына баға беру әрекеттерінде, олардың өзін-өзі бақылау мен бағалау қасиеттері қалыптасады. Жоба жұмысын орындау барысында олардың бақылау жүргізуге, есептеу орындауға, тәжірибе жүргізуге, объектілердің моделін құрастыруға үйренеді.
Зерттеу жұмыстарын оқып үйрену мен талдаудың барысында білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау іс-әрекет үдерісінің алгоритмі мен тәсілдерін жеткілікті меңгеруге өзбетіндік жұмыстың да потенциалы жоғары болып табылады. Өзбетіндік жұмыс оқу үдерісінде сыртқы міндеттер мен талаптар болып табылғанымен, білім алушылар кейін келе, оның мәнін жеткілікті түсінуге мүмкіндік алады. Ол формадағы оқу үдерісі оқу іс-әрекеттің міндетті бөлігіне кіреді. Алғашқы кезеңдерде өзбетіндік жұмыстарды орындау білім алушылардың нәтижеге басым көңіл
аударылса, кейін тапсырманы орындау барысында оның орындалу барысын тексеру, мақсаты мен нәтиженің ара салмағын салыстыра бақылау жасау әрекеттері үдемелі орын алатын болады.
Білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау оқу әрекетін қалыптастыруда жиі қолданатын әдіске жаттығу да кіреді. Жаттығу оқыту мазмұнының тарапынан әрекеттік қозғаушы күші болуы орынды. Жаттығу теория мен практиканың байланыстыратын құрал ретінде қолданылады. Жаттығу оқу тақырыбының оқу материалын бекіту үшін ғана емес, оқу материалын меңгеруге бағытталады.
Студенттердің өзін-өзі бақылау кезінде, олардың позициясында өзгерістер білім беру іс- әрекеттің жаңа тәсілдерінің пайда болуымен байланысты. Онда студенттің пән бойынша білімді меңгеру барысында өзбетіндік үлес, педагог пен студенттің ынтымақтастық дәрежесі артады, өзара реттеу үдерісі жақсарады. Оқытудың әр түрлі кезеңдерінде студент өзін -өзі әр түрлі формада бақылайды. Бірте-бірте сыртқы бақылау ішкі бақылаумен алмастырылып өзін-өзі бақылауға өтеді.
Кәсіптік білім беру оқу орындарында өзін-өзі бақылау формасы ретінде қазіргі кезде тест болып табылады. Бұл бақылаудың формасы студенттердің өзіндік жұмыстарын тексерудің тиімді бір түріне кіреді. Оның басқа бақылау түрлеріне қарағанда біршама артықшылықтары да бар.
Білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау әрекеттерін қалыптастыруға практикум, саяхат және үй жұмыстары да ықпал етеді.
Сабақ-практикум білім алушылардың білімін тереңдетуге мүмкіндік береді. Бұл сабақта олардың пәндік әрекеттері қалыптасады, объекті мен табиғат құбылыстарының арасындағы себеп- салдарды анықтауға мүмкіндік жасайды. Бұл сабақтың барысында білім алушылар құрал- жабдықтармен, приборлармен, басқа құралдармен жұмыстанады, бақылаулар жүргізеді, есептеулер орындайды, моделдер дайындайды. Осылардың барлығы білім алушыларды дербестікке үйретеді, өзін-өзі бақылау мен бағалау оқу әрекетерін қалыптастыруға ықпал етеді. Сабақтың негізгі элементі ретінде орындалған модель, объект, тәжірибе, диагностика, реттеу және нәтиже болып табылады.
Саяхат сабағы кезінде білім алушылар объектілер мен технологиялық процестер бойынша бейнелер, схемалар, графиктер, диаграммалар, сұлбалар дайындайды, қысқаша жазбалар орындайды. Осы графиктер мен жазбаларды орындау барысында білім алушылар өздерінің танымдық әрекеттеріне бақылау және бағалау әрекеттері де орын алады. Бұл әрекет саяхаттың соңғы кезінде пікір алмасу, материалдарды демонстрациялау, баяндама жасау арқылы пікір алмасу, сұхбаттасу жүргізіледі.
Үй тапсырмасы. Педагог білім алушыларға оқу тақырыбының мазмұнына сәйкес тапсырмалар дайындайды. Сабақ кезінде орындалған үй тапсырмаларын фронталды, жеке дара, өзара бақылаулар арқылы тексеруге болады. фронталды бақылауда педагог тапсырма мазмұнына сәйкес сұрақ қояды, қателіктерді анықтайды және түзейді. Білім алушылар, бұл тарапта бақылау үлгісінің тәсілдерін меңгереді, бағалау моделін көреді. Жеке дара үй тапсырмасын тексеруде, бір білім алушы орындаған тапсырмасын түсіндірсе, басқалары өздерінің орындаған тапсырмаларындағы қателіктерді түзейді, толықтырады және бағалап отырады. Өзара бақылау түрінде үй тапсырмасын кішігірм топ білім алушылары өздерінің жұмыстарын бір-бір танысып қарастырады. Бірі жұмыстың рецензенті ретінде досының кеткен қателіктерін көрсетеді, түсіндіреді, себебін анықтайды, оған түзету тәсілдерін ұсынады.
Білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау оқу әрекетін қалыптастыруға мынандай әдістер ұсынылады екен: ауызша өзін-өзі бақылау мен бағалау; жазбаша өзін-өзі бақылау мен бағалау; зертханалық-практикалық жұмыстағы өзін-өзі бақылау; өзбетіндік жұмыстағы өзін-өзі бақылау мен бағалау.
Өзін-өзі бақылау мен бағалау әдістерінің құрылымдық бірлігі ретінде әдістемелік приемдар кіреді. Оларға: жазылған үлгімен салыстыру; сөздік нұсқаумен тексеру; дайын жауаппен тексеру; тапсырманы үлгі бойынша орындау; сигналды карточка бойынша тексеру; орындалған тапсырманы үлгімен салыстыру; үлгі мен орындалған тапсырманың сәйкессіздігін ажырату; кеткен қателікті айқындау және себебін түсіндіру; тапсырманы алгоритм бойынша орындау; өзін - өзі жоспар бойынша тексеру; бақыланатын әрекетті талдау; критерия бойынша орындалған тапсырмаға баға беру; ұсынылған ұсынамаға ауызша баға беру; жұп және топ болып қадамды әрекетің нәтижесін түсіндіру; тақырыптық және сабақ парағын толтыру.
Өзін-өзі бақылау мен бағалау әдістері сыртқы бақылау мен бағалау әрекеттерімен тығыз байланысты болып келеді. Әсіресе, білім алушылардың өзін-өзі бағылау мен бағалау әрекетінің
дайындық және операциялық-орындаушылық кезеңдерде сыртқы бақылау мен бағалау әдістеріне ауызша және жазбаша сұрақтар (жеке дара, фронталды), сонымен бірге, дәстүрлі емес бақы лау формалары орын алады.
Білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау оқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған әдістермен бірге, педагогтың тарапынан оқу үдерісінде қолданатын мынандай оқыту құралдары ұсынылады: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, оның ішіндегі бақылау сұрақтары мен тест тапсырмалары; өзбетіндік жұмыста орындайтын кестелер, диаграммалар, схемалар, бейнелер және т.б.; білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау әрекеттерін орындауға арналған жаттығулар; технологиялық сұлбалар; практикумдар; экскурсияда берілетін тапсырмалар; нұсқаулық сұлбалар; тәжірибені кезеңмен орындауға арналған көрнекі материалдар; сабақта және тақырып бойынша бағалау парақтары; білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау әрекеттерін орындауға арналған карточкалар және т.б.
Білім алушылардың оқу үдерісінде өзін-өзі бақылау мен бағалау әрекеттерін орындау жеке дара, жұптық, топтық және ұжымдық формада орындау ұсынылған[8].
Білім алушылардың өзін-өзі бақылау мен бағалау оқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған оқыту мазмұнындағы құралдар, соның ішінде оқытудың әдіс-тәсілдері мен оқу жұмыстарын орындау формалары дәстүрлі оқытудың құралдары мазмұнында да жүреді екен. Білім алушылардың өзбетімен бақылау мен бағалау жасауға мүмкіндік беретін және потенциалы жоғары үйрену әдістеріне жаттығулар, өзіндік жұмыстар, дидактикалық және іскерлік ойындар, нұсқаулық сұлбалар, жоба және зерттеу жұмыстары, бақылау тапсырмалары - тест жатады.
Білім алушылардың пән сабақтарында өзін-өзі бақылау мен бағалау әрекеттерін орындауға сабақтың практикум, саяхат сабақ формалары да тиімділігін көрсетеді. Пән сабақтарында білім алушылардың бақылауы мен бағалау оқу әрекеттерін орындау топтық, фронталды, жұптық және жеке дара формада жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |