Жоспар I бөлім Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқы және ойынның дамуы


Ойын түрлерінің мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына ықпалы



бет5/10
Дата24.05.2022
өлшемі128.39 Kb.
#458585
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына ойынның тигізетін әсері

Ойын түрлерінің мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына ықпалы. Ойын-мектепке дейінгі балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезіну ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да болашақ өмірінде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым-қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ғалымдар балалар ойыны стихиялы, бірақ ересек адамдардың қоғамдық және еңбек әрекетінен туындағаны заңдылық деп есептейді. Кеңестік педагог А.С. Макаренко «Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі-ойыннан тұрады», - деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен. Балаларды ойынға қатыстыру қажет. Өскелең ұрпаққа қоғамдағы мәдениеттің сәтті берілуі, балаларға ересектер тарапынан ұсынылатын ойынның мазмұны да байланыста болады. Қоғамдағы тәжірибені жемісті меңгеру үшін, әрекет ету үрдісінде тек қана баланың өзінің белсенділігі болуы қажет екендігін де ескере кеткен жөн. Егер де тәрбиеші алынған тәжірибенің белсенділігін сипаттап ескермесе, онда ойынның үйретудің әдістемелік тәсілдері мен ойынды басқаруы өз деңгейінде практикалық мақсатына жете қоймайды. Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады. Бұл ойынның дамуы баланың психикасын үдемелі өзгертумен және ең алдымен бала тұлғасының барлық жағынан дамудың фундаменті болып табылатын оның интеллектуалдық ортасына байланысты. Ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу т.б. қалыптасады. Баланың кез-келген әрекеті белгілі бір міндеттерді шешуге бағытталғанын педагог-тәрбиеші ұмытпауы тиіс. Негізгі міндеттер қайта өзгертуге мүмкіндік беретін шешімді және сонымен бірге алға қойған мақсатқа жетуді жеңілдету аралықтарын алады. Балалар шешетін тәжірибелік міндеттер оқудан өзгешеленіп тұрады. Ойын міндетінің мазмұны баланың баланың тәжірибесімен, білімімен ерекшеленеді. Бала өз әрекетінен тәжірибе алады, көптеген нәрселерді тәрбиешілер мен ата-аналарынан үйренеді. Әр түрлі білімдер, әсерлі баланың рухани әлемін байытады, осының барлығы ойында көрініс береді. Ойын міндеттерін шешу заттық әрекеттің көмегімен ойын тәсілдерін шынайы танып, қорытудан көрінеді. Бала қуыршаққа кесемен су береді, сосын оны кубикпен алмастырады және содан кейін жай ғана қолын қуыршақтың аузына алып барады. Бұл баланың жоғарғы интеллектуалдық деңгейде ойын міндетін шешкенін көрсетеді. Іс жүзінде бұдан басқаша да болуы мүмкін, тәрбиеші жинақталған ойын әрекетіндегі баланың ойлауының мәнін түсінбей, барынша тәжірибелікке ұқсас ұжымдық әрекет етуді талап етуі мүмкін. Бірақ, бұл біріншіден, күнделікті өмірде не болып жатқандығының барлығын ойынға енгізсек, онда оның ең негізгі ерекшелігі- қиялдауы жойылып кететінін ескергеніміз жөн. Екіншіден, ойын жақсы таныс бейнеленгенімен, бірақ өмірлік жағдайда аз жинақталған болса, еріксіз дағдарысқа енеді. Сонымен бірге бала күнделікте өмірде нақты, анық білімдерді ғана емес, сондай-ақ түсініксіз, жорамалданған пікірлерді де алатындығы белгілі. Мысалы, бала теңізшінің кім екенін біледі., Бірақ оның қандай іспен айналысатындығығ білмеуі мүмкін. Өзінің түсінігін толықтыру үшін ойын үстінде сұрақтар қойып, соған жауаптар алу арқылы айқын білімін толықтырып отырады.
Ойынның ұзақ болуын, эмоционалды қанықтығына жету үшін және ойын міндетін интеллектуалдық тұрғыдан шешуде, педагог баланың мақсатқа бағытталған тактикалық тәжіртбесін байытуы, оны бірте- бірте шартты ойын жоспарына ауыстыруы, өз бетімен ойнайтын ойында мектеп жасына дейінгі балаларда шынайылылықты шығармашылықпен бейнелеуін оятуды қамтамасыз ету қажет. Эмоция ойынды қызықтырады, өзара қарым-қатытас үшін қолайлы жағдай жасайды, әр баланың жан дүниесіне қажетті тонусын көтереді, бұл өз кезеңінде балалардың біріккен құрбы- құрдастарының әрекетіне және тәрбиелеу қызметінде қабілеттілік жағдайын қалыптастырады.
Ойын бір жағынан, баланың жақын даму зонасын дамытатындықтан, мектеп жасына дейінгілердің негізгі әрекеті болып табылады. Мұнда жаңа прогрессивті әрекеттің жаңа түрлері туады және өзінің мінез-құлқын еркінше басқаруын, ұжымдық, шығармашылық әрекет ету ептілігін қалыптастырумен байланысты. Ал екінші жағынан, өнімді әрекеттің түрлері оның мазмұнымен қоректенеді және баланың үнемі өмірлік тәжірибесі молайып отырады.
Ойында баланың даму ең алдымен, оның мазмұнының әр түрлі бағыттылығына байланысты өтеді. Дене (қозғалмалы), эстетикалық (ән-күй), ақыл-ой (дидактикалық, сюжетті- рөлдік) тәрбиесіне тура бағытталған ойын түрлері бар. Барлық ойын түрлерін тікелей ересектердің қалыптасуымен және баланың белсенділігінің түрлі формасымен үлкен екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топ-бұл ойынды өткізуде және дайындықта ересектердің жанама түрде қатысуы. Балалардың белсенділігі (ойын әрекеті мен шеберлігін белгілі бір деңгейде қалыптастыру жағдайында) инициативті, шығармашылық сипатқа ие, балалар өз бетінше ойын мақсатын қоюға қабілетті, ойынды дамытуға және міндеттерін шешуде қажетті тәсілдерді табады. Өз бетінше ойнайтын ойындарда балалардың инициативасын көрсететіндей жағдайлар жасалады. Бұл топқа әсіресе, өзінің даму қызметімен құнды, әр баланың жалпы психикалық дамуына үлкен мәнге ие танымдық және сюжеттік ойындарды енгізуге болады.
Екінші топ-бұл әртүрлі үйрететін ойындар, ересектер ойынның ережесін айтып немесе ойыншықтардың құрылымын түсіндіріп, белгілі бір нәтижеге жету үшін әрекет етудің белгіленген бағдарламасын жасайды. Бұл ойындарды тәрбиелеу мен оқытудың нақты міндеттері шешіледі: бұлар белгіленген бағдарламадағы тақырыптар мен ережелерді меңгеруге бағытталған. Оқыту ойындары мектеп жасына дейінгілерде адамгершілік- эстетикалық тәрбие беруде маңызды. Ойынды үйретуде балалардың белсенділігі негізінен репродуктивті сипатқа ие: олар берілген бағдарлама әрекетінде әрекетінде ойынның міндеттерін шешуде тек қана оларды жаңадан өндіреді. Балалардың құрастыруы мен ептілігінің негізінде шығармашылық элементтері көп кездесетін өздік ойындарды ойындарды ойлап шағарады.
Ойындағы жетістікті баланың сабақтарда жүйелі білім алу мүмкіндігіне маңызды әсер етеді, құрбы-құрдастары мен ересектердің ортасында оның шынайы адамгершілік эстетикалық бағытының әбден жетілуіне мүмкіндік туғызады. Әр түрлі ойындарды балаланың жас ерекшеліктеріне сай өз уақытында және дұрыс қолданғанда «мектепке дейінгі мекемелердегі берілген оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын» өз деңгейінде шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, әр түрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе, мынадай жалпы ережені беріп отырмыз:
1.Ойын-әр түрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.
2.Ойын-бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсету белсенді түрде жүзеге асады.
3.Ойын-мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.
4.Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.
5.Ойын-балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы-құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады. [3; 24-25б]
Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі-ойынның пайда болуын зеттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс- әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Сондықтан да педагогика бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертен сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын-жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма, шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әр бір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да , жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып рақатқа бөлейді. Демек, осы жағына ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойынында да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын.
Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынады: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. Осыдан келіп ойын туралы мынадай тұжырым жасалады:
а) Ойын- тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді тәрбиелейді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.
в) эстетикалық тәрбие беру құралына айналады.
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Балалар ойынында кейде өлең-тақпақтар жиі кездеседі. Ол өлең- тақпақтардың негізгі мақсаты тақпырлыққа, шапшаңдыққа, ептілікке баулу, қиялына қанат беріп, ойын ұштау, өз бетімен іскерлікке, қысылған жерде дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу. Бұған қоса кез-келген ойынның аяғында жеңу бар да, жеңілу бар. Жеңгенде ары қарай өз биігінде қалуға тырысса жеңілгендер айып тартады. Бұдан қай ойынның да түпкі нысанасы балалардың бойында өнердің нұрын себу, өлең-тақпақ айтуға төселдіру екенін аңғару қиын емес. [4; 2-3 б ]
Ойын арқылы балалардың ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиесі жүзеге асырылады, ойын процесінде балалардың жағымды мінез - құлық белгілері: адалдық, батылдық, мақсатқа жетуге талпынушылық, көпшілік мүддесімен санасушылық сияқты қасиеттер қалыптасады.
Баланың жеке басының қалыптасуындағы ойынның маңызы ерекше. Ойын - өсіп келе жатқан бала организімінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі. Ойында балалардаң ұйымдасушылық дағдылары қалыптасып, шыңдалады, ұстамдылығы, жағдайларды салыстырып, бағдарлау іскерлігі, тағы басқа жетіле түседі.
Ойын процесінде балалар жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен, қарау сезімі басқалардың талап-тілегімен санаса білуге, қиын жағдайда оларға көмектесуге, ойынға қажетті құралдарды пайдалану жөнінде келісіп алуға үйренеді. Олар өз араларында туған таласты әділ шешуге үйренулері керек. Балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелей отырып, олардың бойына күнделікті өмірге қажетті әр түрлі машықтарды қалыптастырамыз. [2; 88-93 б]
Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқыла бала қоғамдық тәжірибені меңгереді,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез-келген бала еш уақытта жалғыз ойнамайды, сол арқылы бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасайды. Ойын балалар үшін айналадағыны танып, білу тәсілі. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деп жазады: «Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан ұқсас болады». Сондықтан келешек қайраткер азаматтарды тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі-ол балалардың қоршаған ортаны-адамдардың қимылын іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым- қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойынның сюжеті, мазмұны-бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын нәрсе. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын процесінде балалардың өздері ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Ойын бала үшін нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың ойындарының сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеп пен ойынның барысын, олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнайы құрылыстар, ғимаратты (кемелер, автобустар), көптеген құрылыс материалдары кубиктер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашанде өзінің қызықшылығын жоғалтпайды, тек оның мазмұны, сипаты өзгереді. [5; 11б ]
Ойын баланың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әр бір адам ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықты баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі тағы басқа. Деген мен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс- әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды. Әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы; сюжетті- рөлді, қимыл-қозғалыс, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бір. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді- адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойын іс- әрекетінің тағы бір ерекшелігі- оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл аткарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсібір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі. Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің байланысы болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.[6; 11-13б ]
Ойын-балалардың іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп, өркендей алмайды. Бұл- өмірдің заңдылығы. Еңбек үстінде адамның көптеген ерекшеліктері дамиды. Өмір сүру барысында ол түрлі жолдармен жарыққа шығады. Мысалы, үлкендер өздеріне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында танытса ал балалар ойын үстінде көрсетеді.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар ойын үстінде үлкендердің іс-әрекетін үйренеді. Ойын арқылы баланың ой өрісі кеңейеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні бір. Сол ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Ойын баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ер-жігер қалыптастырады. Аса ірі психолоктардың пікірінше, ойын үстінде бала қандай болса, өскенде еңбек барысында сондай белсенділік таныта алады. Сондықтан ойын- адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Бала ойын барысанда өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Баланың белсенділігін сапалы ойлана білуін, ой- өрісінің дамуын қамтамасыз ету, қиындықты жеңуге төзімділікке баулу- адамгершілік тәжірибесінің негізгі міндеті. [7; 70-72 б ]
Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргендей бірдей алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда олай ұйымдастырушылық шеберліктің жоғарғы деңгейіне жетіп, ойынды өз беттері мен ұйымдастырумен бірге, ұжымда қалыптасқан тәртіп ережелерімен мінез-құлық нормаларын сақтауға дағдыланады. Әрбір ойын мүшесі ұжым алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, ережелердің орындалуын өздері бақылай білуге үйренсе, онда мектепте жақсы жолдас, шебер ұйымдастырушы, спорттық ойындар мен жастардың озат қатысушысы бола алады. Сол себепті де, біз балалар ойынының мектеп алды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие беру ретінде есептейміз. Демек, балалардың ойын әрекеті арқылы адамгершілік тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында адамгершілік сезім, сана, мінез-құлық, көзқарас жүйесін ұғынықты болып табылады. Ал бұл міндетті бұлжытпай орындау, ойын әрекетіне сүйіспеншіліген арттыруға саяды. Міне, осы міндеттері жүзеге асыруды балалардың адамгершілік компоненттері мен ойын туралы таным түсінігін тереңдетіп, олардың қоғамдық өмірге, қоршаған ортаға үлкендер еңбегіне, табиғатқа деген жаңа мәдениет қарым- қатынасын бекітуге бағытталады.
Баланың адамгершілік сезімталдығын, шығармашылық қиял- қабілеттерін, адамгершілік сапасы мен қөзқарасы, мәдениетін, ой-өрісін кеңейтіп, ана тілінде сөйлеу, сөз өнеріне, қоғам, табиғат өміріндегі әсемдікті бойына сіңіре білуге тәрбиелеуде ойынның, ұлттық салт-дәстүрдің айрықша орын алатыны жайлы қазақ халқының тұңғыш этнограф-ғалымы Ш. Уалиханов, көрнекті ағартушы-педагог Ы. Алтынсарин, қазақ зиялылыры: А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие жолдары мен әдістері мен қоршаған дүниені қабылдауға жан көріністері бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған. Мектепалды даярлық тобында балалар өмірінде оқу және еңбек әрекетінің үлесі басым бола түседі. Соған қарамастан ойын әлі де болса өз маңызын жоймайды, ол баланы мектепке даярлау мақсатын жүзеге асыруға бағытталып отырады. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы мен адамгершілік сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, балалар бойында адамгершілік сапаларды қалыптастыруда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйеледік:
1.Мазмұнды-бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, теңізшілер.
2.Қимыл-қозғалыс ойындары: қу түлкі, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қасқыр қақпан, ботақан, соқыр теке, жерден биік, су, ауа, жер.
3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орыныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенің тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары-төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф.
4. Құрылыс ойындары: лего және басқа конструкторларды пайдалану.
5. Спорттық ойындар: футбол, волейбол, теннис, хоккей, баскетбол.
6. Драммалық ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рольдерге бөле отырып орындау.
Мектепалды даярлық топ балаларының жеке тұлға ретінде қалыптасуы, адамгершілік сезімі мен талғамының жетілуі, тәрбиелеу мен білім беру ісінің нәтижелі болуы мектепке дейінгі мекемелерде жүйелі, жоспарлы, бірізді жүргізілетін жұмысқа байланысты. Ойын арқылы мектепалды даярлық топ балаларына адамгершілік тәрбие беру үшін, ойын үлгілерін іріктеп, бала санасына сіңіріп, тиімді пайдалану әрбір тәрбиешінің біліміне, ұстаздық шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.
Балабақшада балалар еңбегін ұйымдастыру барысында кешенді ұйымдастырылған ойын түрлері балалардың еңбекке деген қызығушылығы мен талғамын, танымдық процестерін, тілін және адамгершілік қасиеттерін дамытады. Ойын балабақшадағы тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі әдістерінің бірі болып саналып, балар өмірінде үлкен орын алады. Баланың адамгершілік сапасын, талғамын, қызығушылығын қалыптастыру, мінез-әрекетін тәрбиелеу, жеке басын жан-жақты дамыту бағытында меңгерілетін білім, дағдылар ойын арқылы іске асырылады.
Сонымен, 6-7 жас аралығындағы балаларға ойын арқылы адамгершілік тәрбие беруде бұрынғы көзқараста қалып қоймай,ойын түрлерін зор қызығушылықпен, сезіммен меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін жұмыс мазмұнын, әдістері мен түрлерін іздестірудің терең мәні бар. Егер мектеп жасына дейінгі балаларға ойын түрлерін дұрыс меңгертетін болса, онда адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда айтарлықтай жетістіктерге жетеріміз сөзсіз. Баланың қоршаған ортадағы жақсылықты көру, қабылдау нышаны бөбектік шақтан-ақ байқалады.Оны дамытып кемелдендіру, шығармашылыққа баулу, бақылап сезген, көрген адами болмысты терең түсіну, өміршең ету отбасы және балабақшадағы тәрбие үрдісінде іске асырылады. [8;15]
Балабақшадағы тәрбие-барлық тәрбиенің бастамасы. Мектепке дейінгі шақ-бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала ббойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен тәрбиешінің міндеті.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше.Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжеттік-ролдік, қимыл-қозғалысты, дидактикалық және басқа да ойын түрлерін пайдалана отырып, топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, игерген білім-машықтарының негізінде бір сюжетке орай басты кейіпкерлерге еліктеуі, ойын ойнауға өзіне серік тауып алуы, онымен шынайы қарым-қатынас орната отырып, таңдап алған рөлдеріне деген жаупкершілігі арта түседі.Ойын-балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.
Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді.Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрі өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің мен көмектесіп жіберсем, бәрін де өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана-сезімі мен іс- тәжірбиесінің молдығында ғана.
Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық, әдептілік-бір күнле қалыптаса қалатын қасиет емес.Бұл-балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет. Тәрбиеші бұл мақсатқа көркем әдәбиет шығармаларын кеңінен пайдаланады.Солай еткенде бала өздігінен ойын шығармаларынан өздеріне ұнаған басты кейіпкерлерін бейнелейді. Осы орайда күнделікті өмірде балаларға түсінікті юморлық шығармаларды пайдалану топта балалардың көңіл-күйін көтеріп, олардың қайырымдылығын ізгі сезімін, бір-біріне мейірімділігін тәрбиелеуге күшті әсер ететіндігін атап өту ләзім.
Ойын проблемасымен шұғылданған көрнекті ғалымдар: Р. И. Жуковская, Д. В. Мендерицкая, Т. А. Маркова, Н. Я. Михайленколардың айтуынша, балалардың өздігіенен сюжетті-ролдік ойындар ойнауы үшін білім машықтарының болуы ғана жеткілікті емес. Балалар игерген білімдерін ойынға пайдалана білуі керек. Сондықтан да балалар өздерінің іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра отырып, арнайы кезеңдерді нақтылы анықтай білу қажет. Ол кезеңдер мыналар: жоспарлау, дайындалу, іске асыру, ойын шартының дұрыс орындалуын бақылау, ойын кезіндегі қарым-қатынасы, тәртібі. Ойын-баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Әрбір елдің ойыны сол елдің қоғамдық иделогиясына, тұрмыс-тіршілігіне, айналысатын кәсіп-шарушылық ерекшеліктеріне байланысты. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, ролдерге бөлінгенде балаға өзіне ұнамсыз рөл тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті- балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Айталық тәрбиешінің ұжымдық ойынды тартымды ұйымдастырып өткізуі балалардың бір-бірімен достық қатынсатарының дұрыс қалыптасуының нышаны екені сөзсіз. Ойын кезінде жолдасының айтқанымен келісіп, оны құрмет тұтудың өзі адамгершілікке бастайтын жол. Тәрбиеші ойын арқылы әр баланың игі бастамасын қолдап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді өрбіте өзіндік мінез-құлқын қалыптастырады. Мәселен, Әлім құмнан неше түрлі құбылыстарды өзі ойлап сала алады. Жанына келген Әсетке құмнан құрылыс салудың жолдарын бар ынтасымен айтып түсіндіреді. Әр баланың бойында өмірге деген белгілі бір бейімділігі, сүйікті істері болады. Дер кезінде байқап, жан-жақты дамыта тәрбиелеу қажет.
Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екекні мәлім. Бала өмірде көрген білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы бейнелесе, яғни үлкендердің, көрсеткен үлгі-өнегеміз қандай дәрежеде болса, балалардың да тәлімдегі соны айтқын бейнелейді.
Балалардың мейірбандық қасиеті отбасындағы үлкен адамдардың өнегесіне, балабақшадағы тәрбиеші апайының олармен күнделікті қарым-қатынасы мен тәрбие жұмысын ұтымды жүргізуіне байланысты. Үлкендердің мейірімділігі баланың сәби жүрегін қуаныш скзіміне бөлейді. Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балалардың достық сезімі ойын кезінде шындала түседі. Кішкентайлар тобындағы сәбилердің екі-үшеуден бірігіп ойнауы келе-келе ұжымдық бағыт алады.
Бала табиғаты тек ойынмен байланысты. Сәби шағындағы алғашқы қуыршақпен ойнауы баланың қамқорлық, ізгілік сезімін оятады да, әрі қарай өрбіте түседі. Мұндай ізгілік сезім құрбылар арасындағы достық қатынастың қалыптасуына жағдай туғызады. Қай бала болмасын жеке дара ойнағаннан гөрі , бірігіп ойнаудың әлдеқайда қызықты, мазмұнды болатынын айқын сезіне бастайды. Соның нәтижесінде олардың ойынға деген қызығушылықтары артып, достықтары беки, нығая түседі. Ересектер тобының балалары алған білімдеріне , өмірден жинаған азды-көпті тәжірбиелеріне сүйене отырып, тәртіптерін, мінез-құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Балалардың өзара қарым-қатынастары тұрақты қажеттілікке айнала бастайды. Тәрбиеші балалардың қарым- қатынастарын күнделікті бақылау арқылы әр баланың мінез-құлқының қалай қалыптаса бастағаның анықтайды, бала бойында қалыптасқан жағымды, жағымсыз қылықтарды ескере отырып , жеке жұмыс жүргізеді. Әсірее ойын арқылы әр баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке баулиды.
Сюжеттік-рөлдік ойындардың мазмұнын балаларға терең меңгертуде тәрбиешінің балалармен бірге ойнауы айрықша жемісті болмақ. Бұл жағдайда тәрбиешінің балалармен өзін иең ұстай білуінің тәрбиелік маңызы зор. Сонда бала өзін еркін сезінеді де, тәрбиеші алға қойған бағдарламалық міндеттерін ойдағыдай жүзеге асырады. Бала мен тәрбиеші арасындағы сыйластық, достық дәнекері бекиді. Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды дұрыс ұйымдастырып өткізудің ролі зор. Бала ағзаларының қимыл-қозғалыс қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Ойын баланы жан-жақты дамытып қана қоймай, өзін қоршаған әлеуметтік құбылыстың қыр-сырын түсінуіне әсер етеді
Ойын ойнау кезінде балалар өзара пікір алысып, жақындаса түседі. Тәрбиеші топтағы әр баланың мінез-құлқын ойын ойнау барысында әр қырынан айқын көріп, білетін болады. Балалар достарын да ойын ойнау кезінде іріктеп алады. Әр бала өз қалауымен достасады. Бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуда мінез үйлесімділігі, сыпайыгершілігі, тағы басқа қасиеттерін ұната отырып таңдайды. Балалардың өзара достық қарым-қатынаста бола білуі аса маңызды фактор.
Педагогтың міндеті- мәселені дер кезінде әділ шешіп, дұрыс бағыт сілтеу. Бала ұжымы ойын кезіндегі жіберілген азды-көпті кемшіліктерді өздері-ақ ретке келтіреді.
Тәрбиеші балалардың ойын кезіндегі қарым-қатынастарына дер кезінде дұрыс бағыт сілтепшынайы достық жайлы ұғымды түсіндіріп отырса, олардың санасына ізгілікті қатынастардың айқын жүйесі орныға бастайды. Қазіргі уақытта ғалымдар мейірбандық сезімінің негізгі сәбилік кезеңде қалыптасатынын анықтады. Бүл жөнінде бала жайында моральдық тәрбие мәселелеріне арналған мақалалар көп айтылып та, жазылып та жүр. Бала жас шағында көрген мейірбандылығын, сол жайындағы сезімдерін өмір бойы ұмытпай, ерекше әсермен еске алып отырады. Сондықтан да өсіп келе жатқан балауса жанның бойына адамгершілік ұғымын дер кезіндн еге білсек, сөз жоқ оның өсу, даму, қалыптасу кезеңі ойдағыдай мәнді болады. Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. «Үлкендер өсіп келе жатқан балдырғанға адамгершілік сезімдерін дер шағында дарыта беру үшін оны қоршаған ортасынада көнілді, қуанышты жайларды жасай білу шарт» - дейді Е. А. Аркин. Бала қуаныш сыйлай отырып, тәрбиелеуге міндеттіміз. Бала тек тәжірбиесінің аздығынан істеген істерінің, қылықтарының дұрыс-бұрыстығын білмей қалатын кездері жиі кездеседі. Ал үлкендер болса, баланың әр қылығына зер сала үңіліп, мән бере бермейді.
Педагогтың сыртқы, ішкі мәдениеті, ұстамтылығы, балаларға деген қарым-қатынасы, ілтипаты аса маңызды. Балалар өте сезімтал. Ол үлкендердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне, жақсы қасиеттеріне дәл, мүлтіксіз баға береді.
Мектепке дейінгі кезеңде балалардың күнделікті іс-әрекетінің негізгі түрі шығармашылық ойынмен тығыз байланысты. Педагог өз тобында тәртіп бұзатын балалардың намысына тимей, адамгершілік жайындағы шығармаларды оқып талдай отырып та олардың сезіміне әсер етеді. Қай бала болмасын жағымсыз қылықтан жиреніп, әңгіме мазмұнындағы жағымды бейнелерге еліктейді. Ойын кезінде көркем шығармаларды оқу барысында, біртіндеп топтағы балалардың өздері-ақ байқағыш, реттегіш бола бастайды. Тәрбиеші күнделікті білім беру, еңбекке баулу, ойындарды ұйымдастыру кезінде әр баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ізгілік сезімдерінің дамуына ықпал етеді. [1;3-17]
Ойынға шартты түрдегі мақсаттар қойылады, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекет бала үшін қызықты. Ойын балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыржәне эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі деуге болады. Балалар ойын барысында өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.
Педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмір бақи өшпестей із қалдырады. Бұл ойын арқылы өзін толқытқан бүгінгі қуанышын, ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының игі ықпал тигізетін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайратердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.
Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп. Әрбір жасқа ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды керек етеді. Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Демек, ойын мен жұмыстың ұқсастығы-жақсы ойын да, жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рақатқа бөлейді. Баланың ойынында да тиісті жұмыстағыдай белгілі дәрежеде жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы; баланың ойыны нақты материалдық, рухани байлықты жасай алмайды, ал жұмыс ондай игілікті өңдірудің негізгі жолы екені белгілі. Ойын кезінде баланың негізгі ерекшелігі: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарының ұштайды.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде болады. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінен. Бұған байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау:
а) Ойын-тәрбие құралы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танып, сезімді кеңейтеді.
ә) ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі
в) эстетикалық тәрбие беру құралы
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таны-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшелігіне сай олардың көзқарасының, мінез-құлқының қалыптасу қаралы деп те ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ұлттық ойындарымыз: тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр-дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді.
Ойында «мен, менікі» деудің орнына «біз, біздікі» дейтін болады. Тәрбиеші балаларға жақын болуға, олардың сүйікті қатысушысы болуға тиіс. Балалардың өз ойынын тиісті арнаға салып, бағыт беретін тек тәрбиеші. Өйткені бала тәрбиешіге сенеді, сол себепті бала жасқанып, ұялмайды. Тәрбиеші баланың ойынындағы сәтсіздікке өкініп, ренжіп, сәтті қадамына қуанып, ризашылық кейіп білдіріп отыруға тиіс. Ойынға басшылық жасау кезінде зорлауға, бұйыруға тыйым салынады. Тәрбиеші баланың эмоциясына, санасына, қиялына әсер ету арқылы олардың қызығушылығын арттыра түссе, сонда баланың құштарлығы өсіп, ойынға құмарта түседі.[10;56-60б]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет