Зерттеудің көкейкестілігі: Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық тұрғыдан жақсы дамуы өз кезегінде мектеп оқуында оқу үлгерімінің жақсы болуына ықпалын тигізеді. Бұл әсіресе 12 жылдық білім берудің нәтижелі енгізілуіне негіз болады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына ойынның әсерін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
Териялық әдебиеттер негізінде ұғымдарды зерттеу: мінез-құлық, мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқы.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың мінез-құлық дамуының негізгі критерийлерін анықтау;
Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлықын дамытудың жолдарын анықтау;
Ойынның мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқына ................
Эксперименталды зерттеу нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын дамуына ойынның тигізетін әсерін растау және дәлелдеу
Зерттеу объектісі мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеудегі болжам: егер мектепке дейінгі ұйымдар жүйесіндегі педагогикалық үрдіс ғылыми негізделген бағытта дұрыс ұйымдастырылса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың қажетті интеллектуалды қабілеттерінің деңгейі жоғарлайды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: алған нәтижелерді түрлі ғылыми хабарламалар, реферат, курстық жұмыстарды дайындауда, сондай-ақ, мектепке дейінгі ұйымдарда оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда пайдалану мүмкіндігінде.
Зерттеу базасы: Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы №7 « Ақ бота » ясли- балабақшасы
Зерттеудің көздері: Ғалымдардың зерттеу проблемасына сай еңбектері; ҚР ресми материалдары (заңдар, Конституция, қаулылар), ҚР Білім министрлігінің мектепке дейінгі ұйымдардағы оқу-тәрбие жөніндегі құжаттары (конституция, стандарт, реформалар, бағдарламалар); этнопедагогикалық еңбектер. ғылымда талқыланған зерттеулер жеке тұлға мен әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігі теориясы (Л.И.Божович, Б.Т.Лихачев, А.С.Макаренко, С.Т.Шацкий және т.б.), әлеуметтену тұжырымдамасы (Б.Г. Ананьев, Г.М. Андреева, Л.С. Выготский, И.С. Кон, В.С. Мухина, А.В. Петровский), мотивация және мотивтер тұжырымдамалары (В.Г.Асеев, В.К.Вилюнас, В.И.Ковалев, А.Н.Леонтьев, М.Ш.Магомед-Эминов, В.С.Мерлин, П.В.Симонов, Д.Н.Узнадзе, П.М.Якобсон, Дж.Аткинсон, Г.Холл, А.Маслоу, Х.Хекхаузен, А.К.Маркова, Т.А.Матис, А.Б.Орлов т.б. және т.б), оқу-тәрбие мекемелерінде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің түрлі педагогикалық астарларын жан-жақты қарастырған Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, К.Б.Жарықбаев, К.Ж.Қожахметова, С.А.Ұзақбаева, Л.И.Керимов, А.А.Бейсенбаева, Т.С.Сабыров, Г.А.Уманов, Р.М.Қоянбаев сияқты белгілі қазақстандық ағартушылардың тұжырымдамалары, сонымен бірге білім беру жүйесіне байланысты мемлекеттік құжаттар.
Достарыңызбен бөлісу: |