2.2 Германиядағы орта білім жүйесі
Елдегі көптеген оқу орындары мемлекеттің меншігінде. Жеке ЖОО-лар аз. Сапасы жоғары білімнің үлесі мемлекеттік оқу орындарында көбірек. Германияның білім беру жүйесінде студенттерге оқыту бағдарламасын еркін таңдау құқығы қарастырылған. Сондай-ақ оқытушылар да зерттеу және сабақ беру саласын таңдай алады. Түлектер оқуды белгілі бір бекітілген мерзімде емес, емтихан тапсыруға дайын болғанда ғана бітіреді. Яғни студент өз біліміне сенімді болғанда ғана және дипломын қорғай алатындай жағдайға жеткенде ғана оқуды аяқтай алады. Германияда сонымен қатар бір немесе бірнеше университетке қатарына баруға мүмкіндік бар. Шетелдік талапкер неміс жерінде білім алу үшін ағылшын тілін білсе ғана болғаны.
Бірақ оқу жүйесі еркін, бағдарламалары таңдау арқылы оқытылады деп қуануға болмайды. Германияда студенттерді оқыту жүйесі өте қатал. Бір жағынан осы қаталдықтың арқасында ғана елде сапалы білімге қол жеткізіп отыр.
Гейдельберг заңгер мектептері ішінде Еуропадағы ең мықты оқу орны болып саналады. Университеттік ұстаздар құрамында философтар Гегель мен Ясперс, химик Гельмгольц және Нобель сыйлығының 8 лауреаты бар.
Германияның білім беру жүйесі демократиялық деп айта аламыз. Ата-ана мен оқушы төменгі сыныпта өзіне керекті мектепті таңдайды. Төменгі сыныптарда, яғни 6-10 жас аралығында балалар оқуды, санауды, жазуды, табиғатты тануды үйренеді. 10-19 жас аралығында жоғары сатыда оқып, оқушы мамандана бастайды.
Германияда мектептің мынадай түрлері бар:
негізгі мектеп (Hauptschule )
шынайы мектеп (Realschule)
Осының қорытындысы бойынша жоғары мектепке (Gymnasium), кейін унверситетке түседі.
Нәтижесінде орта білім туралы диплом беріледі.
Жекеменшік мектептердің басым бөлігі діни, зайырлы бағытта жұмыс істейді, азаматтығы жоқ адамдар тек осы мектептерде білім ала алады.
Енді осыларға неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталайық.
Германияда балалар бастауыш мектептегі оқуды 6 жасынан бастауға міндетті. Алғашқы бастауыш бөлігінде олардың барлығы ортақ бағдарлама бойынша бірдей деңгейде оқып, білім алады.
Ал, 5-6 сыныптар - бағдарлау бөлімі деп бекер айтылмаған. Өйткені, тап осы бөлімде балалардың жеке икемділіктері мен бейімділіктері айқындалады, яғни олардың әрі қарай қай бағытта оқитыны анықталады. Оқу үлгерімі орташа балалар - негізгі мектепте, одан гөрі тәуірлері - іс жүзіндегі мектепте, ал таланттылары - гимназияларда оқитын болады.
Негізгі мектепте оқудың мерзімі - 4 жыл. Онда оқушылар 7-10 сыныптар көлемінде білім алады. Іс жүзіндегі (реальная) мектепте оқудың мерзімі 6 жыл. Онда оқушылар 7-10 сыныптар көлемінде білім алады.
Іс жүзіндегі (реальная) мектепте оқудың мерзімі 6 жыл. Онда оқушылар 7-10 сыныптар көлемінде білім алады. Бұл мектептің түлегі арнайы жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік алады. Басқаша айтқанда, жоғары білім алу үшін алдын ала міндетті түрде осы мектепті жақсы бағаға оқып бітіруі керек.
Ал, университеттік білім алу үшін гимназияда оқып, оның қабырғасынан жоғары сапалы біліммен шығуға тиіс. Гимназиядағы оқу 7 жылға созылады: төменгі сатысы - 7-10 сыныптар, жоғары сатысы - 11-13 сыныптар.
Германияда баға 6 балдық жүйемен қойылады, 1-ден 6-ға дейін. 1-бұл өте жақсы, бірақ ол жиі қойыла бермейді. Бұл біздегі 5+. 2-сыныпқа дейін баға мүлдем қойылмайды, өйткені немістер баланың дамуына кедергі болады деп есептейді. Тек 3-сыныптан бастап алғашқы бақылау жұмыстары жүргізіле бастайды.
Германияның жоғары білім жүйесін 409 жоғары оқу орны құрайды: 104 университет және 203 қолданбалы ғылым жоғары оқу орны, олардың көпшілігі (82 %) мемлекеттік жоғары оқу орны (мемлекеттік емес ЖОО-лар мемлекеттік лицензия алуға міндетті). Германия ЖОО-ларында 2 млн. жуық студент оқиды: 48 % әйелдер, 250 000 шетелдік студенттер.
Германияда ЖОО-ның бірнеше түрлері бар.
1. Университет. Университетте білім алу екі кезеңге бөлінеді. Негізгі курс 3-4 семестрге созылып, бітіргеннен кейін лиценциат атағы берілді. Ары қарай студент негізгі курстарды (4-6 семестр) оқуға көшеді. 6-семестрді бітіргеннен кейін магистр атағы (Magister Artium) немес техникалық мамандықтар үшін маман дипломы берілді. Дипломды алу үшін студент диссертациялық жұмыс қорғауы керек. Диплом алғаннан кейін студент оқуын ары қарай жалғастырып, диссертациясын қорғап доктор (Doctorate) атағы ала алады. 2. Жоғары мектептер. Бұл оқу орындарын да студенттер 3-4 жыл ішінде ауыл шаруашылық, менеджмент және экономика, компьютерлік технология салалары бойынша білім ала алады. 4 жыл білімнен соң бітіруші инженерлік ғылымдар дипломын немес академиялық Diplomgrad атағын алады. 3. Кәсіби академиялар. Германияда осы секілід университеттік емес типтегі оқу орындары да бар. Мұндай типтегі ЖОО-лар 120 профиль бойынша мамандарды дайындайды: инженер, экономист, дизайнер және т.б. Осы уақытқа дейін барлық ЖОО-ларда алғашқы жоғары білім алу немістер үшін де, шетелдіктер үшінде тегін болды. 2007 жылдан бастап кейбір ЖОО-лардың студенттері семестріне 500 евродан төлейтін болды, оған қосымша төлемдер де қосылды, ол 150 евро, оның құрамына жол жүру билеті, кітапхана қызметін пайдалану кіреді. Талдаудың тереңіне сүңгімей-ақ осы ерекшеліктерді тізіп шығайық.
Бірінші: Германияда оқушының 7-сыныптан бастап, өзінің қабілет қарымына қарай, мектептердің үш түрінің бірін таңдауға хақысы бар. Ал, бізде бір ғана мектеп жүйесі қызмет атқарады.
Екінші: Германияда әр мектеп түлектерінің статусы бар, тіпті, негізгі мектеп түлегі құжаттарының статусы мен іс жүзіндегі мектептің және гимназияның 10-сыныптарын бітірген оқушылардың құжаттарының статусында өзіндік айырмашылық бар. Біздің орта білім беру жүйесінде мемлекеттік үлгідегі бір ғана құжат бар.
Үшінші: Германияда он жылдық оқу көлемінде білім алу мектептердің үш түрінің біреуінде ғана міндетті. Ал, біздегі міндетті толық орта білім он бір сынып көлемінде.
Төртінші: Германияда арнайы жоғары оқу орнына түсу үшін іс жүзіндегі мектепті (яғни, 12 жылдық оқуды), ал, университетке түсу үшін - гимназияны (яғни, 13 жылдық оқуды) бітіру міндетті. Ал, біздің елімізде орта білім туралы аттестаты бар әрбір түлек кез келген жоғары оқу орнына құжат тапсыруға қақылы.
Бесінші: Германия 16 жер бөлігінен тұратын федералды мемлекет болса да, тек қана 13-сыныптың түлектеріне ғана мемлекет бойынша федералдық министрлік бекіткен арнайы кітапшалармен шығарылатын ортақ талаптар қойылады. Осы талаптар негізінде гимназия түлектерінің білім деңгейі бітіру емтихандарымен өлшенеді, университеке түсу үшін бұл оқушылар емтихан тапсырмайды. Біздің елімізде болса, соңғы жылдары жоғары оқу орнына түсу үшін компьютерлендірілген тест тапсырады.
Достарыңызбен бөлісу: |