Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім


Жылқының құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы



бет2/8
Дата03.01.2022
өлшемі170.35 Kb.
#451626
1   2   3   4   5   6   7   8
Бекмолда Бекзат

Жылқының құрсақ қуысы мүшелерінің топографиясы


Кеуде қуысы құрсақ қуысынан күмбезі 6-7-ші қабырғаға жететін диафрагмамен бөлінген. Диафрагмаға жақын құрсақ қуысының алдыңғы оң жақ бөлігінде бауыр ораналасады. Оң жақ бөлігінің 3/5 бөлігі 7-15-ші қабырға аралығында орналасып, толығымен жабылып жатқандықтан, қиын тексеріледі.

Құрсақ қуысының оң жақ бөлігін толығымен жуан ішектер алып жатады:

а) үлкен тоқ ішек және оның оң жақ вентральді және дорсальді орналасуы.(оң жақ мықын, 8-17 қабырға асты, бел аймағына дейін);

б) соқыр ішек, оның басы оң жақ айшық қуыста орналасады. Соқыр ішектің денесі шап аймағын толығымен іштің ортаңғы бөлігін алып жатады, ұшы семсер тәрізді шеміршекке дейін жетеді;

в) Аш ішек бөлімі (мықын ішек) соқыр ішектің артында мықын аймағының артқы бөлігінде, іштің төменгі 1/3 бөлігінде жатады; г) он екі елі ішек;

д) оң жақ бүйрек 15-16 көкірек омыртқаларының астында орналасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет