Мес қарынды тексеру Месқарын негізінен күйіс қайтаратын малда сол жақ аш бүйірде – бел омыртқаның астындағы аш бүйірде орналасқан.
мес қарынды клиникалық зерттеу әдістеріне жататындар:
қарау,
сипау,
перкуссиялау,
тыңдау,
сонымен қатар арнайы аспаптар,
құрал-жабдықтар пайдаланылады.
Мес қарынды зерттеу әдістері:
Тақия қарынды тексеру Ірі қара малдың тақия қарынының негізгі ауруы-травматикалық радикулит. Оны анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:
а) төс сүйектің семсер тәрізді өсіндісі аймағына қысым түсіру арқылы;
б) шоқтық аймағының терісін қатпар қылып бір орынға жинау арқылы;
в) көкірек қуысының бүйір бетін басу арқылы;
г) диафрагманың беку сызығы бойымен нұқу арқылы;
д) жануарды еңіске түсіріп жүргізу арқылы;
е) пилокартин және т.б. заттарды тері астына егу арқылы.
Ұлтабарды тексеру
Сипалау кезінде ұлтабар қабынуы, жара, улану және т.б. ауруларда ауырсынудың бар – жоғын анықтайды.
Асқазанды тексерудің негізгі әдісі –зонд жіберу арқылы тексеру.
Сипалау және нұқу арқылы ауырсынуды, сезімталдығын, жергілікті температурасын анықтайды. Тыңдау арқылы - өзіне тән дыбыстардың бар немесе жоқтығын анықтау.
- Жуан ішек бөлімін тексеру
Нұқу кезінде топастау, топас және тимпаникалық дыбыстардың естілуін, тыңдау кезінде өзіне тән дыбыстардың (шұрылдау, пырылдау) естілуін анықтау.
Нұқу кезінде ірі қара малда бауырдың топас дыбысы оң жақта 10-12-ші қабырға аралығы аймағында, ал қой мен ешкіде 8-12-ші қабырға аралығы аймағында естіледі.
Нұқу арқылы сау жылқылардың көкбауырының топастау дыбысын 15-ші қабырға аймағында маклок сызыығы деңгейінде естуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |