Қараңғылау жерде мал көзіне май шам білтесінің сәулесін жақындатса, сау көзден май шам білтесінің үш бейнесі көрінеді. - Қараңғылау жерде мал көзіне май шам білтесінің сәулесін жақындатса, сау көзден май шам білтесінің үш бейнесі көрінеді.
- Бұл әдіспен қасаң қабықтың мөлдірлігін, көз бұршағының бар – жоғын, мөлдірлігін, көз камераларын зерттейді. Зерттеу техникасы: қараңғылау жерге қойылған малдың көзіне жанып тұрған май шамды 15 – 20 см жақындатады. Зерттеуші мал дәрігері малдың көзіне бір қырынан қарағанда сау көзден май шам білтесінің үш бейнесін көреді. Бірінші бейне дұрыс орналасқан, анық, орташа көлемде. Ол қасаң қабықтан шағылысқан бейне. Екінші бейне де үлкендеу, сәл көмескі. Ол бұршақ дене қабығының алдынғы жағынан шағылысқан бейне. Үшінші бейне алғашқы екі бейнеден ары таман орналасқан, көлемі кішкене, көмескі және төңкерілген. Бұл бұршақ дене қабығының артқы қабырғасынан шағылысқан бейне.
Пуркине Самсонов әдісі
Көзді паразиттерге зерттеу. Көзді паразиттерге зерттеу. Көздің конъюнктива қапшығында, жас жолдарында телязиоз (ноғала) ауруын туғызатын ұсақ (20 – 21 мм), ақ - сұр жұмыр құрттар (Thelazia rhodesi, Th. Gulosa, Th. Shrjabini) паразиттік тіршілік етеді. Олар тірі балаңқұрттар туады. Телязилерді анықтау үшін жылы физиологиялық ерітіндіні инесіз шприцке толтырып алып, қысымен шапшыта конъюнктва қапшығына, үшінші қабақ астына жіберіп, шайындыны Петри табақшасына жинап алып паразиттерге зерттейді. Оң нәтижеде шайындыдан телязилер анықталады. Пайдаланылған әдебиеттер - Ахметжанов О.Н. - ЖАНУАРЛАРДЫҢ КӨЗ АУРУЛАРЫОқу құралы. – Семей, 2012.
- Интернет желісі
Достарыңызбен бөлісу: |