Жоспар І кіріспе


Тіл білімі және философия



бет3/5
Дата19.09.2023
өлшемі1.18 Mb.
#477972
1   2   3   4   5
file-2806

Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Тіл білімі және философия

Ал қоғам мен жаратылыстағы өзгерістер тілге қарағанда тезірек өтеді.

  • Философия өмірдегі барлық заттар мен құбылыстарда форма мен мазмұн бар, олар өзара байланыста, бірлікте болады, — деп үйретеді. Мазмұн өмір сүру үшін, белгілі бір формаға ие болуы керек. Яғни форма — өмір сүрудің шарты. Тіл де — дәл осындай құбылыс. Тілдегі формалардың да (сөздердің, сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалардың) мағына, мазмұны бар. Олар да бір- бірімен тығыз байланысты.

Тіл білімі философиямен тығыз байланысты. Философия тек тіл білімінің ғана емес, күллі ғылымдардың методологиясы болып саналады. Философия да, тіл білімі де барлық құбылыстарды бір- бірімен өзара байланыста қарастырады. Философия табиғат пен қоғам өміріндегі барлық құбылыстар қозғалу, өзгеру, даму күйінде болады деп үйретсе, тіл білімі де тілдік кұбылыстарға солай қарайды. Өйткені тіл де басқа коғамдық құбылыстар сияқты өзгереді, дамиды. Бірақ, ескертетін нәрсе: тілдегі өзгеру тым баяу өтеді.

Тіл білімі және Логика

  • Тіл білімі логикамен тығыз байланысты. Көпшілікке белгілі, логика - ойлау зандары мен ой формалары туралы ғылым. Ал ойлау, әдетте, тіл арқылы іске асады, тіл арқылы жарыққа шығады. Анығырақ айтқанда, адамның ойы тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы айтылып, түсінікті болады

Тіл білімі және Психология

  • Тіл білімі психологиямен де байланысты. Психология түйсік пен қабылдауды, ес пен ойды, сезім мен зейінді зерттейді. Ал бұлардың сөйлеу процесіне (оны қабылдап, түсіну процесіне) тікелей қатысы бар. Өйткені біреудің айтқанын қабылдау, оны ұғыну процесі болмаса, қарым-қатынас жасасу, пікір алысу да болмаған болар еді.
  • Адам сөз арқылы белгілі бір затты атап кана қоймайды,

сонымен бірге, сол затқа (іске, құбылысқа) өзінің қатынасы мен оған қалай қарайтындығын да білдіреді. Яғни тіл ойды білдірудің ғана құралы емес, сезімді де білдірудің құралы. Мысалы; жаман, жексұрын, сұмпайы, сұмырай немесе құмар, іңкәр, ынтазар т.б. Бұл сөздер (синонимдер) бір-бірінен эмоциялық бояуы жағынан ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет