Жоспар: І. Кіріспе


Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні



бет2/5
Дата26.10.2022
өлшемі160.47 Kb.
#463428
1   2   3   4   5
АБ2

Қазақ халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
 Ерте, ерте, ертеде... жазу-сызу, кітап оқу болмаған заманда біздің ата-бабаларымыз, әйгілі жыршыларымыз өздерінің ойдан шығарған қиял әңгімелерін, тарихи оқиғаларды ұрпақтан-ұрпаққа ауызша мұра етіп қалдырған. Оларға қазақтың халық ертегілері жатады.
Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз. 
Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме деуге де болады.
Жыршылардың қызықты, үлгі-өнегеге толы ертегілерін естуге еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін жиналып, тыңдаған,естерінде сақтаған.
Ертегілерден біздің бабаларымыздың тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін көреміз. Ертегілерде жауыздық пен әділдік, қастық пен достық, жамандық пен жақсылық күресіп, ақыры, соңғылары жеңіп шығады. Халық қиялының нәтижесінде ғылым мен техника қарыштап өсіп, аспанға ұшатын, айға қонатын корабльдер, теңіз астында бірнеше ай жүзетін сүңгуір қайықтар, жер шарының әр түпкірінен хабар алатын телетайп, телеграф, телевизорлар, жер астындағы метролар, т.б. ойлап табылды. Бұл - халықтың ой-қиялының іске асуы, адамның ақыл-ойының керемет күші.
Ертегілердің негізгі кейіпкерлері хан, оның уәзірі, шал, кемпір, мерген, тазша, қойшы, өнерпаз жігіттер, дәулер, мыстан-жалмауыз кемпірлер, айдаһар, самұрық құс, т.б. Жағымды кейіпкерлер өз жолында қорқынышты құбыжықтарға, алдырмас кедергілерге тап болады. Ер Төстік, Нан-батыр, Әбдірахман патшалар тіптен жер асты әлеміне де түсіп кетеді... Еркемайлар сиқырлы күштердің көмегімен өліп, қайтадан тіріледі. Ал Күнікей қыз оттан күймей аман шығады...
Қазақ ертегілері адамды сиқырлы күштерімен таңқалдырады: Самұрық құстың алыптылығы, адамша сөйлейтін Шалқұйрық, жәндіктер де бар... Бұл ғажайып кейіпкерлер ертегіден ертегіге «көшіп» жүреді. Ертегі мен кейіпкерлердің аттары әртүрлі, сюжеттері ұқсас бола береді. Құрметті балалар! Сіздер қазір біздің ертегі Бәйтерегіміздің негізі Самұрық құс пен оның балапандары жайлы аңызға сапар шегесіздер. Елбасымыз да балалық шағында сіздер сияқты «Ер Төстік» ертегісін қызыға оқып, есіне сақтаған. «Ер Төстік» ертегісінің әсерімен ғажайып «Бәйтерек-Астана» кешенін салдырды. Қымбатты жас дос! Батыл да тапқыр, батыр Ер Төстік және Хасанмен бірге жасаған виртуалды ертегілер әлеміндегі саяхаттарыңызға сәт-сапар тілейміз!
Ертегілер бізге сонау ерте заманнан келді. Ертегіге біз сенеміз, ондағы оқиғалар кейде өзімізбен болып жатқандай, қорқынышты жерінде көзімізді жұмамыз. Ең негізгісі – бәрі де жақсы аяқталатынына сенеміз. Қазақ халық ертегілері тұнып тұрған даналық.
Қазақ кейіпкерлері батылдық, батырлық, мейірімділік секілді адами қасиеттерімен ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар жақсылық зұлымдықтан үстем шығады. Жағымды кейіпкерлер арасында батырлар да, қарапайым адамдар да, және әйелдер бейнесі де бар.
Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз.
Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. “Ер Төстік”ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс-әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.
Қазақ халық ертегілерінде құмырсқа еңбекқор, төзімді, ақылды болып көрсетілген. Ол тыным таппай еңбектенеді. Өзі кішкентай-ақ бола тұра алып күштің иесі. «Құмырсқаның қанағаты», «Бөдене мен құмырсқа».
Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиерлік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой-өрісі, қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.
«Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген сынаққа жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.
«Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.
«Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.
«Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.
«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.
«Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. Яғни,балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.
Руханилық — жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Қазақ халық ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді. Ертегілер өмір бойғы тәртібімізді, қарым-қатынасымызды қалыптастырады,шыдамдыққа, қайсарлыққа, болашаққа міндеттер қойып, соған жетуге үйретеді. Ертегі ойлау қабілетін, қиялдауға да көп септігін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет