Жоспар: Кіріспе Бетон толтырғыштарының негізгі мақсаты, құрылымы. Бетонды қоспасын дайындаудың технологиялық үрдісінің қысқаша сипатталуы Темірбетон өнімін жасау


Темірбетон өнімін жасау технологиялық үрдісінің үлкейтілген сұлбасы



бет4/5
Дата12.11.2023
өлшемі31.94 Kb.
#483044
1   2   3   4   5
бетон

3.Темірбетон өнімін жасау технологиялық үрдісінің үлкейтілген сұлбасы

Біз қарастырған ТБӨЗ – де материалдар темір жол арқылы және автотранспорт көмегімен әкелінеді. Ол материалдар заводқа келісімен өлшенеді де инертті материалдар мен цементтің жұмсалуы жобаланады. Өлшенгеннен кейін ол материалдар келесі жерлерге түседі: инертті материалдар-инертті материалдар қоймасына, цемент- цемент қоймасына; қоймадан цехтарға таратылу жүреді.


Цемент пен инертті материалдардың қоймаға түсумен қатар онда арматура да түседі, ол арматура қоймасында сақталып, сол жерден арматуралық қаңқа жасау цехіне түседі.
Инертті материалдар қоймасынан және цемент қоймасынан жартылайфабрикаттар бетон араластыру цехіне түседі, ол жерде бетон қоспасы және тауарлы бетон (ерітінді) дайындалады. Дайын бетон қоспасы №8 цехқа түседі, ол жерде науалар(лоток) жасалады, №7 цехқа түскен бетоннан қысымдық кұбыры(напорные трубы) жасалады, №10 цех науа жасайды және №5 цех қысым құбырын жасайды. Дайын өнім термоөңдеуден өткеннен кейін , ол дайын өнім қоймасында қолданушыға берілгенше сақталады . бетонараластырғыш цехтардағы ерітінді(раствор) құрылыста қолданылады. Жөндеу цехі бүлінген құрылғыларды жөндеумен айналысады.

4.Ылғалдылық өлшеу әдістері мен классификациясына шолу
Ылғалдылық өндірісте және құрылыс материалдар өндірісінде технологиялық процесстерді басқаруда және параметрлерді басқару кезінде маңызды рөл атқарады. Өндірісте жиі руданың, концентраттардың және инертті материалдардың ылғалдылығын анализдеу керек. Бетон бұйма өндірісінде берілген мәндерді тұрақты ұстау керек. Бұл үшін барлық инертті материалдардың ылғалдылығын дәл өлшеу керек.
Соңғы жылдары өңделетін материалдардың ылғал мөлшері туралы ақпаратына негізделген, өндірістік процесстерді автоматты басқару жүйелері жиі қолдануда. Мұндай жүйелер ауыл шаруашылығы, құрылыс, энегетика сияқты көптеген салаларға енгізілуде. Мұндай жүйен бетон өндірісіне енгізгенде белгілі қиыншылықтар пайда болады. Бетон қоспасының компаненттерінің ылғалдылығы туралы ақпарат алғанда, ылғал өлшегіштің кірісіне , ылғалдылықтан басқа, көптеген факторлар әсер етеді. Мысалы, материалдардың химиялық және түйіршікметрлік құрамы, мүмкін болған электролиттердің қосындылары, айнымалы тығыздық, температураның ауытқуы, ылғалдылықтың біркелкілік емес таралуы, және т.б.
Бетонды заводтарға арналған автоматты ылғал өлшегіштерге келесі талаптарды тұжырымдауға болады:
өлшеу әдістерінің «байланыспаушылығы»;
өлшеу әдісінің интегралдығы, яғни өлшеуіш сұлбалардың елеулі өзгеруінсіз, кең материал классына өзгеру мүмкіндігі;
өлшемдердің үздіксіздігі;
ылғал өлшегіштің тезәсерлігі
материал ылғалдылығын интегралды бағалау, яғни өлшеу нәтижесінің, бақыланатын материалдың қабатының көлем координатасы бойынша ылғалдылықтың біркелкілігіне тәуелсіздігі;
едәуір жоғары сезімталдығы;
бетонды заводтардың эксплуатационды жағдайына жоғары сенімділігі;
Инертті материалдардың ылғалдылығын тура және жанама әдістермен өлшеуге болады.
Ылғалдылықты анықтаудың тура әдісінде, лобороториялық анализдеу қолданылады: химиялық, дистиляционды, гидротермикалық, тепе-теңдікті. Бұл әдіс жоғары дәлдікпен сипатталады. Тура әдістің негізгі кемшілігі болып, материал сынамасының қажеттілігі, үрдстің ұзақтығы, периодтылығы болып табылады.
Ең көп тараған әдіс кептіру (термогидравликалық) болып табылады. Бұл әдісте материалдың үлгісі қоршаған ортамен тепе-теңдікке жеткенше жылы-ауалық кептіріледі. Қоршаған ортамен тепе-теңдігін шартты түрде ылғалдың жоқтығын білдіреді. Практикада жылдамдатылған кептіру әдістері, яғни тұрақты салмаққа жетпейінше кептіру қолданылады. Бірінші әдісте, егер екі бірінен кейін бірі өлшенген үлгілер бірдей немесе нәтижелері жақын болса, кептіру тоқтатылады. Кептіру жылдамдығы бірте-бірте төмендеткендіктен, үлгдегі барлық ылғал жоқ болады деп болжамдалады. Бұл әдіс шамамен бірнеше сағаттан бірнеше тәуілікке дейін уақыт алады. Тездетілген әдісте кептіру әлдеқайда аз уақыт алады.
Дистиляционды әдіс кезінде үлгі сумен араластырылмай, сұйықтық бар ыдыста ысытылады.судың бөлінген буы, сұйықтықтан бөлінген бумен бірге айдауға ұшырайды да, мұздатқыш арқылы өтіп, өлшегіш ыдыста конденсирленеді. Осы ыдыста судың массасы мен көлемі өлшенеді.
Экстракционды әдісте зерттелетін үлгіден ылғалды су сіңіргіш сұйықтық арқылы шығарылады. Сонымен қатар, сұйық экстрактінің ылғалдылыққа тәуелді сипаттамалары анықталады: тығыздық, сыну көрсеткіші, қайнау мен қатаю температурасы және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет