2 ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ӨНДІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ
Біздің заманымызда қоғамның өндірістік күштері дамуының еқ басты көрсеткіші — өндіріс және энергия тұтыну дәрежесі'. Сонда жетекші роль атқаратьш электр энергиясы — энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергия түтыну дүниежүзінде 25 жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл — энергия ресурстарын жүмсаумен байланысты процестер саны үсті-үстіне электр энергиясына көшеді деген сөз.
Электр энергиясын өндіру.
Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық генераторлар арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гидроэлектр станциялары. Бұл электр станцияларының бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын двигательдерінің әр түрлілігінде.
Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдаланылады: кемір, газ, мұнай, мазут, жанғыш сланец. Электр генератор- ларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану двигателі айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары (қысқаша ЖЭС). Біздің еліміздегі жылу электр станциялардың дені отын есебінде көмір тозаңын жүмсайды. Сонда 1 кВт • caғ электр энергиясын өндіру үшін бірнеше жүз грамм көмір шығындалады. Бу қазанында отыннын шығаратын энергиясының 90%-тен кебі буға беріледі. Турбинада бу ағынының кинетикалық энергиясы роторға беріледі. Турбина білігі генератор білігімен мықтап жалғастырылған. Бу турбогенераторлары ете шапшаң айналады: айналым саны минутына бірнеше мыңға барады.
Жұмыстық дененің бастапқы температурасының артуымен жылу дви-гательдерінің ПӘК-і өсетіні X сыныпта физика курсынан мәлім.
Сондықтан турбинаға берілетін буды жоғары параметрлерге: темпе-ратураны — 550° С-ға, қысымды 25 МПа-ға жеткізеді. Жылу электр станциясының пайдалы әсер коэффи циенті 40%-ке жетеді. Мұнда энер-гияның кебісі пайдаланылған ыстық бумен шығып кетеді. Энергияның айналуы 56-суретте келтірілген схемада керсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |