Орта сыныпта Абай шығармаларын терендеп оқытылуда.
Ғалым болмай немене, Балалықты қисаңыз, Болмасаң да ұқсап бақ, Бір ғалымды көрсеңіз, Ондай болмақ қайда деп, Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Орта сынып оқушыларына "балалықты қисаңыз", "болмасаң да ұқсап бақ" - деген сөздерінің маңызын ашып түсіндіру ќажет.
Мұғалім оқушының тек жаман жақтары емес, жақсы қаситтерінің көрінуіне жағдай жасап, қандай оќушыны талапты дейміз, ќабілетті оқушы қандай болады, еңбек сүйгендіктен қабілеттің ортасында қаңдай байланыс бар, қабілетті қалай дамытуға болады. Балаларды тәрбиелеуде Абай шығармаларына негіздей отырып "Адам болам десеңіз" атты ашық сабағымды ұсынып отырмын.
Тақырыбы: "Ғылым таппай мақтанба"
Білім беру: Қазақ халқының ±лы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірімен және шығармасымен таныстыру."Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің мәнін ашып меңгерту, ой өрісін кеңейту,
мәнерлеп, сауатты оқуға жаттықтыру.
Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Сөздік қорын дамыту, тіл байлығын молайту, ойлау, көру, сезіну, ќабылдау, ќабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік - жақсы мен жаман әдет-қылықтарды ажырата білуге, бойларына жақсы қасиеттерді жинай білуге, өздігінен жетілуге талпынған, жауапкершілік сезімі, парызы бар өнегелі т±лғаны тәрбиелеу.
Сынның түрі: Жаңа білім беру.
Сабақ өткізілу әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, с±рақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, мәнерлеп айту.
Сабақгың кұрал-жабдықгары мен көрнекіліктері: оќулық, плакаттар, карта, тақта.
Сабақ барысы:
ұйымдастыру сәті.
Абай туралы не білеміз?
Оқушының өз ойын білу.
Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Балалар, біз бүгін сабақ барысында қазақ халқыының ұлы ақыны А. Құнанбаев өмірімен және шығармасымен танысамыз. "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің мәнін ашып меңгеріп, ой өрісімізді кеңейтіп, сауатты оқуға жаттықтыру.
Кіріспе әңгіме: Картамен үғындыруЌасќа б±лақ Жидебай Абай — қазақ халқыының ұлы ақыны, даныпан ойшылы. Абайдың аты - Ибраһим. Абай Қ±нанбай±лы 1845 жылы тамыздың 10-жұлдызында туып, 1904 жылы шілденің 6-шы жұлдызында қайтыс болған. Абай Семей облысы Абай ауданының Шыңғыс тауының бауырындағы Ќасќаб±лақ деген жерде туған. Абайдың әкесі Құнанбай болған. Абайдың анасы - ¦лжан ақылды, мейірімді кісі екен, ал Абайды әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибраһимді еркелетіп "Абай" деп атаған.Қос ана ќазақтың ертегі, аңыз-жырларын көп білген. Абайға кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айтып, оны санасына құя білген.Абай ауылында Ғабитхан деген татар молдасынан үш-төрт жыл сабақ алады. Әкесі Абайдың зеректігін байќаған соң оны Семейдегі Ахметриза медересесіне береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді. Абай он екі жасынан бастап өлең жаза бастайды. Өз өлендерінен жиырмадан астам әндер шығарған үлкен сазгер. Абай үлкен аудармашы. Лермонтов, Пушкин, Крылов өлендерін ќазақшаға аударған. Абай атамыздың шығармасындағы ең өзекті мәселе жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады. "Интернатта оқып жүр", "Әсемпаз болма әрнеге", "Ғылым таппай мақтанба" өлеңдері. Таласбек пен Зерделі сияқгы оќушылар "Адам болам десеңіз" деп оќулықтан Абай µлењдерін оқып үйренді. Өлењді оқымас б±рын сөздік ж±мыс жүргізіледі.Рақым - адамның өзге кісіге жасайтын жақсылығы, көмегі. Ќанағат - барға риза болу. Бекер мал шашу - қолда бар дүниесін, ақшасын, мал-мүлкін д±рыс пайдалана алмау. "Ғылым таппай мақтанба, Білім таппайбаптанба" - дегендегі орын деп отырғаны — алған білімді, үйренген ғылымды жұмсайтын орын. Ақын ғалым мен болу екеуінің тамыры бір дейді. Ғалым болудың басты шарты — не нәрсені болсын ақылға салу, ақылың сенген нәрсеге ғана сену. Бес жаман іс те адамның бойындағы жағымсыз ќасиеттерді сынға алады. Өсек — біреуді сыртынан кіналау, жала жабу, сөзтасығыштық. Өтірік — бұған өтірік сөзді шын деп ант еткен азғын адамды жатқызады. Жаман қылықтардың бірі — мақтаншақтық, даңғойлық. Ондай адамдар өзін мақтауды сүйетін, басқалардың алдында білімді, жағымды болып көрінгісі келетін бөспе, сөзге құмар. Адамның бойына біткен жаман қылықгардың ең жағымсызы - еріншектік. Талапсыздық, жігерсіздік, ±ятсыздық, кедейлік — бәрі осыдан шығады. Бекер мал шашу - қолда бар қаржы мен мүлкін дұрыс пайдалана алмау, өз пайдасын көруге тырысатын мақтаншақ адамды айтады.Ал осы жаман әдеттерден аулақ болу үшін қазақ халқы "Тоқсан ауыз сөзден тобықтай түйін шығарған" мақал-мәтелдер ќалдырған.
Шығармашылық жұмыс:
Плакаттағы сөздерді д±рыс пайдаланып мақалды жазу.
-
Өрге баспас сөз өтірік (Өтірік сөз өрге баспас).
-
Түбі - қорлық, ұрлық (¦рлық түбі - қорлық).
3. Ертеңі таусылмас еріншектің (Еріншектің ертеңі бітпес).
Ал жаман қасиеттерге қарама-қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы касиетті тындайық:
Талап — талаптың ішіндегі ең негізгі бұл бір өнерді тандап, содан нәтиже шығару, болашақќа талпыну.
Еңбек — Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды.
Терең ой - адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі - ақыл-ой. Екіншісі — сөз.
Нағыз адам өткен-кеткеніне қорытынды жасап, келешекке үмітпен ќарайды. Адам үнемі үздіксіз ойлауы керек. Өйткені ақыл-ой ғана адамды алға бастайды. Терең ойдың негізі ми мен ақыл.
Крпатт — барға риза болу, місе түту.
Ракрім — адамның өзге кісілерге жасайтын жақсылығы, мейірімі, көмегі.
Рақымдылық негізі жүрек пен сезім. Барлық адам баласын өз бауырындай көру, өзіне ойлаған жақсылығын өзгеге де жасау.
Жаман қасиеттерден алыс болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек болашаққа Отанын сүйер азамат болып шақырамыз сөзсіз.
Өлеңді мєнерлеп оќу.
Қорытынды:
Сабақты қорытындылау с±рақтармен ж±мыс жүргізу және ж±мбақ шешу ойыны арқылы жүргізіледі. 1. Адам болуға кері осер ететін қандай ќасиеттерді білесіндер?
Оқушылар жауап бере отырып, адам бойындағы жаман қасиеттерді сызбадан атап табады.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ±ста, сонда толық боласың елден бөлек.
Адам болам десеңіз
Бес асыл іс
Бес дұшпан
Талап
Еңбек
Терең ой
Крнаіит
Рахым
Өсек
Өтірік
Макщаншақ
Еріншек Мал шашпақ
Жүрек
Ақыл
Қайрат
Білім
2. Ал адам болу үшін ќандай ќасиеттерді бойға сіңіру керек екен? Осы с±ракќа да жауап бере отырып, сызбадан адам бойындағы жақсы қасиетті атап табу.
А. Қ±нанбаев былай деген:
Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті.
Ыстық қайрат, н±рлы ақыл, жылы жүрек.
Осы үшеуінің басын қосып, оны үлкен күшке айналдыратын — ғылым. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек.
Яғни, осы үш қасиет бірігіп біліммен көзге түседі.
Үйге тапсырма:
-
Өлеңді мәнерлеп оқу.
-
Өлеңнің өзіңе ұнаған жолдарын жаттап ал.
Анкета
Абай еңбектеріндегі кұлықтан тәрбиенің өлшеміңце орта мектеп жүйесіне ендіру мақсатымда.
Сіздердің ой-пікірлеріңізді білгіміз келеді.
Сіздің жауабыңыздың осы мақсатын жүзеге асыруға көмектесуі мүмкін.
Сіздің жауабыңызға алдын-ала ризашылық білдіреміз.
-
Жаңа бағдарламада Абай шығармалары қалай қарастырылып отыр?
-
Бала тәрбиесінде Абай м±расын қашан, қай сыныптардан бастап, қапай оқытуға болады.?
-
Абайдың кара сөздерін сабақта қоладануға байланысты ќандай әдіс-тәсідцерді пайдалануға болады?
-
Абай шығармаларын пайдаланып балаларға қандай деңгейде адамгершілік тәрбиесін беруге болады?
І. сынып мұғалімі
-
Жаңа бағдарламада және оған сай жасалған "Әдебиетті" оқу пәніндегі Абай шығармаларының ішінде кейбір өлеңдерінен
үзінділер берілген.
-
Абай шығармалары бағдарлама бойынша бастауыштан бастап оқытылады. Әрине, б±л шығармаларды мұғалім көмегімен
мәнерлеп оқу қарастырылған. Тіркестерге ерекше тоқталып, мағынасын ашу қашан да кажет.
-
Абай барлық ќара сөзінде бейне бір оқушымен әңгімелесіп отырғандай, өзіне-өзі сұрақ қойып, оған жауап береді. Олай болса, әңгімелесу, с±рақ-жауап тәсіддері тиімді болмақ.
-
Абай шығармаларының адамгершілік тәрбиесіне қосар үлесі мол.
Абайдың шыѓармаларын пайдалана отырып окушыларға жоғары деңгейде тәрбие беруге болады.
I. сынып мүғалімі
-
"Ана тілі " оқу пәнінің жаңа бағдарлама бойынша Абайдың өлеңдері мен шығармаларынан үзінді берілген. Абай шығармаларын тек оқып, әсерлену үшін ғана емес, іс жүзінде қолдану, күнделікті өмірде пайдалану үшін жазылғанын түсіну керек.
-
Абай м±расында балаға берілетін тәрбиесі Абайдың даналығы мен өсиетін балалардың жас кезеңінен бастап бойларына сіңіре
беру үшін халқының сөз өнерін еркін қолдана білуі мен шешендік талантына төнті ету үшін сол арқылы балалардың сөз өнеріне сүйіспеншілігін оятуға халқының әдет-ғұрып, салт-санасы, дәстүрлерімен тәрбиелейді.
-
Абайдың қара сөздерін оқыта отырып, балаларды жан-жақты тәрбиелеу бағыт-бағдар береді. Сабақта қолдануда тірек-сызба әдісімен пайдалануға болдады.
-
Абай шығармаларын оықта отырып өмірге деген көзќарасы, қызығушылығы, адамгершілік пен табиғатќа деген сүйіспеншілігін сонымен бірге баланың жүріс-т±рысын, мінез-
қ±лқын тєрбиелеуді кµрсеткен. Б±л арқылы төрбиенің жоғары дсңгейін кµрсетеді.
Оќушыларға арналған анкеталық сұрақтар
-
Абай деген кім?
-
Абай қай жылы туылған, және қай жерде?
-
Ұлы Абайдың қандай шығармаларын білесің?
-
Ол қандай өлеңдер жазған?
Қосымша. Анкета
Абай еңбектеріндегі құлықтан тәрбиенің өлшемінде жалпы білім беретін мектеп жүйесінек ендіру мақсатымда.
Сіздердің ой-пікірлеріңізді білгіміз келеді.
Сіздің жауабыңыздың осы мақсатын жүзеге асыруға көмектесуі мүмкін.
Сіздің жауабыңызға алдын-ала ризашылық білдіреміз.
1.Жаңа бағдарламада Абай шығармалары қалай қарастырылып отыр?
2. Бала тәрбиесінде Абай мүрасын қашан, қай сыныптардан бастап, қалай оқытуға болады.?
3. Абайдың ќара сөздерін сабақта қоладануға байланысты қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады?
4. Абай шығармаларын пайдаланып балаларға қандай деңгейде адамгершілік тәрбиесін беруге болады?
Анкеталық сұрақтар бойынша қорытынды.
Мұғалімдер мен оќушылар арасында анкеталық сұрақтар жүргізіп мынадай қорытындыға келдім.
Мұғалімдерге анкета жүргізген себебім олардың Абай туралы білетін білімдерін анықтау еді. Өз іс тәжірибемде қоладанған мәселелерді анықтау еді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі-адемгершілік тәрбиесі. Оқушының жүрегіне ізгілік егу болып табылады Абай шығармаларын оқыту.
М±ғалімдерге қойған бірінші с±рағымның жауабы өзімді толық қанағаттандырмады. Себебі: оқулықтарға ғана сүйенген, ізденіс ж±мыстары байқалмайды. Өзім орыс сыныбында м±ғалім болсам да, оқушыларға Абайдың шығармаларын қазақ тілі сабағы бағдарламасына енгізіп отырдым.
Екінші с±раққа тоқталсақ м±ғалімдер өзінің шеберлігін танытты, жауаптарына қанағаттандым.
Үшінші с±раққа жауап жазғанда олар тек бағдарламамен шектелгені байқалады. Терең ізденіс ж±мыстары байқалады. Менің ойымша олардың Абайдың қара сөздерін толық сабақта тиісті деңгейде берілмейтіні байқалады. Мысалы, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде 25,38,42,44 – қара сөздерінен үзінді келтіруге болады. Жаңа технологияны әр сабакта тиімді қолдаТөртінші с±раққа өте жақсы жауап берген. Мүғалімдердің Абай шығармаларын пайдалана отырып балаларға адамгершілік тәрбиесін жоғары деңгейде беріп отырды.
1. Абайдың жыл мезгідцеріне арнап жазған қандай өлењдері бар?
2. Абай атындағы қандай мәдени орыңдарды білесіңцер?
III. Жаңа сабақ.
Жоспар.
-
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-
Текстпен таныстыру.
-
Сөздік жұмыс.
-
Мысалды рольдерге бөліп оқыту.
-
Алған білімдерін тексеру.
-
Әр бөлімге ат қою.
-
Тіл дамыту жұмысы.
-
"Абайтану" дәптерімен жұмыс.
-
Сабақты қорытындылау.
-
Үйге тапсырма.
ІV. Кіріспе сөз.
Оқушылар, біз бүгін Абай атамыздың аудармасы "Шегіртке мен құмырсқа" мысал өлеңін оқимыз.
Қазақ халқын жер бетіне танытқан да, ұлы халықгардың еңбегін казаққа таныстырған да Абай атамыз болған. Ол орыс ақындарының өлеңдерін қазақшаға аударды. Көбінесе ол Крыловтың мысадцарын қазақшаға аударды. Ол мынадай мысалдар: "Қарға мсн түлкі", "Бақа мен өгіз", "Есек пен бұлбұл", "Шегіртке мен құмырсќа".
Мысал — қызықты қысқа шығарма. Ол өлеңмен де, қара сөзбен де жазылады. Тек адамдар ғана емес, хайуанат-жәндіктер де,түрлі зат-нәрселер де мысал қаһарманы болып әрекет етеді, бірақ - бұған ќарап мысалды ертегі деуге болмайды.
Мысал жазушы жануарды, құстар мен өсімдіктерді суреттегенде адамға тән қасиеттерді дарытады, сол арқылы адамдар бойындағы кемшілікті, мінді күлкіге айналдырып, жақсылықгы, адамгершілікіті дәріптейді.
Мысалдың әрбір кейіпкерлері белгілі бір қасиеттердің иесі, бейнесі ретінде алынады. Мысалы, түлкі - ќ±, екі жүзді алдамшының, қасқыр - қара жүрек қатыгездің, ашқарақ, жауыздың, есек — топас, дүлейдің, қой — момынның, жуасытң бейнесінде көрінеді. Әр мысалда түйінді ой болады. Ол мысалдың басында не аяғында болады. Сөйтіп мысал дегеніміз - өнег айту сипатындағы шағын шығарма. Мысал жазудың шебері И.А.Крыловтың шығармасына Абайдың зор ынта қойып қазақ тіліне аударуы тегін емес. Өйткені ол мысалдарда сыналған жайлар, мәселен, надандық, жалқаулық,мақтаншақтық, т.б. қазақ топ-ырағында да бар еді.
2. Текспен таныстыру.
Шылдауық шегіртке,
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды куып гөлайттап,
Қызықтап жүріп жазды алған.
Жазды күнгі жапырақтың,
Бірінде-тамақ, бірінде - үй.
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң, кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгенмен не пайда?
Суықќа тоңған, қарны ашқан,
Ойын ќайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабандажатып дән жиған,
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғна бас ұра: —
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шықкднша, асыра.
Жаз өтерін білмеп пе ең
Жаның үшін еш шаруа,
Ала жаздай қылмап ең? Мен өзіњдей шаруашыл, Жұмсақ илеу үйлі ме? Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
—Қайтсін, қолы тимепті, Өлеңші, әнші, есіл ер.
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер.
Абай бұл аудармасында құмырсқа мен шегірткені салыстыра отырып, өмірін бостан босќа өткізбей, өзіне пайдалы еңбектенуге шақырады.
3. Сөздік дәптермен ж±мыс.
Осы мысалда кезедсетін мағынасы таныс емес сөздерді теріп дәптерімізге жазайық.
Көгал - көк шөп.
Гөлайттап - қыдыру, сайраңдау.
4. Мысалды рµлдерге бөліп оќу.
3 окушы оқиды. Бірі автор сөзін, бірі құмырсқаның, бірі шегірткенің сөздерін бөліп-бөліп оқиды.
5. Алған білімдерін тексеру.
Оқушыларға карточкалар таратып, жаңа сабақ бойынша түсінгендерін байќау.
Қорытынды
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың ірге тасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.
Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе орта сыныптардың оқушы жастардың жас шамаларына қарай, аңыз-әңгімелерді, батырлар туралы шығармаларды сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, тәтті қиялдарға сезімді, өзінше қорытынды жасауға тырысады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан мектептерінде басқа пәндермен қатар ана тілін оқу пәнінің, оны беретін мұғалімнің оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде атқаратын мақсаттары мен міндеттерін анықтадық. Оќушылар єділеттілік , борыш, ұят, адалдық, ерлік, намыс сияқты моральдік категорияларға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үлкендермен қарым-ќатынас жасауды, өзін-өзі тәрбиелеуді қажет етеді. Жас өспірімдік шақтағы балалардың ерекшеліктерін еске алып, олардың әр-түрлі іс-әрекеттеріндегі еріктілігіне, бастамаларына мүмкіндік беру керек.
Сондыќтан әдет баланың тәртібінің, мінез құлқының тәрбиелік өлшеміне айналуы керек.
Ұсынылып отырған жұмысымызда көтерген мәселелерге сай мекетептерде әлі де болса кемеліне келмей жатқан адамгершілік, мінез-құлыњ тәрбиенің бір саласы әдебиетті оқу пәнінен сабақ берудегі жетістіктерімен кемшіліктерін айта келіп, оның болашағына мынадай ұсыныстар жасап отырмыз.
-
Орыс мектептерінің оқу бағдарламаларына Абай шығармаларын енгізу.
-
Қазақстан да өмір сүргендігінен, білім алғандықтан біздің балаларымыз қазақ жазушыларының, ақындарының, соның ішінде Абай өлеңдерін білу тиіс.
Орта мектептің орыс сынып оқушыларының бағдарламасына сәйкес «Қыс», «Күз» өлеңдерін және «Желсіз түнде жарық ай» әнін енгізу. Жұмыстағы айтылған ойлар, келтірілген тұжырымдамалар мектептің орыс сыныптарының бағдарламасына енгізілсе деген ұсыныс жасаймыз. Осы Абай шығармаларын оқып, танып өскен баланың болашағынан мол үмітпен қарауға болады. Ол үшін оқулыктарға кішкене болса да Абай шығармалары енгізілсе деген қажеттілік туындап отыр.
Егер біздің жұмысымыз оқырмандарға осындай қажеттіліктерді туғызып жатса, алға қойған мақсаттардың орындалғаны, ұлы ғұлама Абайдың шығармаларының негізінде орта сынып оқушыларының құлық тәрбиесінің дамығаны деп есептеуге ғылыми негіз бар.
Пайдаланған әдебиеттер
-
Білім заңы. 2030ж
-
Қ. Жарықбаев, "Қазақтың тәлім-тәрбиесі", Алматы.
-
Президенттің жолдауы.
-
ҚР бастауыш білімінің мемлекеттік стандарты, Алматы, 1998ж
-
Қ. Анарбеков, Үсен Қарасай±лы. Шымкент 1994ж
"Абайдың кейбір мінез машықтары"
-
"Абай оқу әліппесі", Алматы, "Рауан" 1994 ж, 15 бет. "Оқу мен өлең соңында".
-
"Әдеп және жантану", Атам±ра, 1996ж, 41-42 бет, (Хрестоматия)
-
Аль-Фараби "Саяси этникалық трактаттар", Алматы "Ғылым",
1975ж, 225-379 бет.
-
"Абайдың ќара сөздері" 32-137 бет.
-
В.В. Воголовский "Жалпы психология", Алматы, "Мектеп",
1980ж, 323-324 бет.
-
Балалар энциклопедиясы 70-74 бет.
-
Ж.Базилов, С.Калиев "Қазақ халқының салт-дәстүрлері жөне демократ ағартушылар", Алматы, 1993ж 31 бет.
-
ЕАбетаева "¦лағат" журналы, 12 .2002ж
"Абайдың педагогикалық және психологиялық көзқарастары", 49-55 бет
-
Богдамова, Ќайыров, "Адамгершілікке тєрбиелеу өліппесі",
Алматы, 1998ж
-
М. Ж±мабаев "Педагогика", Алматы 1993ж, 42-21 бет.
-
И. Жарықбаев "Жантану негіздері", Алматы 302,316-
317,313бет.
-
М. Зейнеденова. ¦лағат журналы 11. 2002ж
"Ақыл-ой ұстаханасында", 46-47 бет.
-
Б.К. Игенбаев "Адамгершілік сабақгары", 147 бет.
-
Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев "Педагогика" 2 басылымы,
117-119бет.
-
"Психология", Орта мекгепке арналған окулық, Алматы
1953ж, 178 бет.
-
А.Тұрғынбаева "Дамыта оқыту технологиясы", Алматы 2000ж.
-
Ұлмекен Қосбайқызы, Таңбаева "Жасымнан ғылым
бар деп ескердім" Бастауыш мекгеп К2,1995ж, 45 бет,
-
Зәуреш Қазмағанбетова "Бастауыш класта Абай
шығармасын оқыту" Бастауыш мектеп ШД995ж,5 бет,
-
Омар Қаймолда±лы "Абайнама құдіреті"
Бастауыш мектеп N5 1995ж, 3 бет.
-
Бастауыш мектеп N5 1995ж, 19 бет.
Ақбота "Бала біздің болашағымыз"
-
Ә.Тоқбергенов "Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу"
Бастауыш мектеп N5 1995ж, 9 бет.
А.Кобесов "Абай және діни тәрбие мәселелері"
Бастауыш мектеп N7-8 1995ж, 1 бет.
-
Ғ. Қарамолдаева "Абай және музыка"
Бастауыш мектеп 41-45 бет, N7-8 1995ж.
-
К. Төлім±лы "Абайдай ақын бар ма?", "¦лы Абай
жылының шарапаты"
И.Құнантаева, И.Халтова «Абай шығармалары төрбие
жұмысында», Бастауыш мектеп N7-8 1995ж, 45-46 бет. 12-13 бет.
-
Ж. Таубалдиева "¦лттық төрбие арќауы"
Бастауыш мектеп N11-12 1995ж, 45 бет.
-
¦йќасов "Абай заман туралы" Бастауыш мектеп N7-8 1996ж, 38 бет.
32. Бастауыш мектеп N9-10 1996ж, 36 бет.
И. Құнантаева, И. Халтова "Абай шығармалары тәрбие жұмысында"
33. Бастауыш мектеп N3 1998ж, 29 бет.
Ж. Момынбаева "Жасымнан ғылым бар деп ескердім"
34. Сағымбала Әбенова "Абай және табиғат"
Бастауыш мектеп N3 1999ж, 33 бет.
35. Ә.Әмірова "Абай м±расы мектептегі тәрбие ж±мысында"
Бастауыш мектеп N1 2002ж, 6 бет.
36. К. Төрешова "Ана тілі сабағы" Абайдың қара сөздері, Бастауыш мектеп N4 2003ж, 33 бет.
37.Бастауыш мектеп N9-10 1995ж,
Зере
Ұ¦лжан
Ибрагим
¦лы ақын
Әсемпаз болма әрнеге
АБАЙ
Ғылым таппай мақтанба
Күз
Қыс
Жазғытұрым
Достарыңызбен бөлісу: |