Жоспар Кіріспе І тарау



бет3/18
Дата10.06.2022
өлшемі0.59 Mb.
#459138
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Дип.-Сыныптан-тыс-жұмыстарда-оқушыларға-тәрбие-беру

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайды болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушьшардың психикалық процестерін, оқушыларды жеке-дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұрақка қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оны қызығушылығын арттырады.
Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау кажет. Мысалы мұғалім "қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау" қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік Ол үшін оның мақсатына баланың "мінез-құлық ережесі" туралы білімдерді кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін аткарады. Яғни балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормалары сақтауға үйрету; "мінез-кұлық нормалары" деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын "мінез-құлық нормаларына" қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндетердің түрі белгілейді.
Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасы таңдауға ықпал етеді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым қатынаста, моралдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.

  • Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді ( сезімі арқылы ақыл ойына әсер етуді көздейді);

  • Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді) көздейді;

  • Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;

  • Төртіншіден, коммуникативтік біліктілігі мен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.);

  • Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру;

Сыныптан тыс жұмыстардың ерекшелігін анықтауда Н.К. Крупская еңбектерінде жасалған оның негізгі принциптері және қазіргі жағдайда әрине, түзетуді кажет ететін тәрбиенің жалпы принииптері басшылыққа алынады. Тәрбиенің даму теориясының диалектикасы мынадай, ол балаларды тәрбиелеу мен мектеп тәжірибесі негізінде пайда болып, ол өзінің объектісі -тәрбиемен, оның барлық қазіргі әр түрлілігімен жүруі керек, тәрбиелеу мәселелерін кең ұғымда қамту, бір жағынан, бірнеше жаңа ғылыми-педагогикалық бағыттардың пайда болуына және ғылыми синтезге алып келу, екінші жағынан кең педагогикалық теорияның құрылуы қажет . Қоғамдық іс-әрекет ретінде пайда болған мектептен тыс жұмыс әрекеттің әр алуан түрінің және педагогикалық жетекшілердің өзгеше құралдарының арқасында әлеуметтік - педагогикалық мәртебеге ие болды.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға ұлттық тәрбие беруде мынадай принциптер басшылыққа алынады.
- балалардың қызығушылығына қарай ерікті бірлесуі негізінде айналысудың жаппайлығы және көпшілікке қажеттілігі, олардың ынтасы мен әрекеттілігінің дамуы;
- әрекеттің қоғамдық пайдалы бағыттылығы: мектептен тыс жұмыстардың әр түрлі формасы; балалардың жас және дара ерекшеліктерінің есебі. Бұл принциптер сыныптан тыс жұмыстар қызметінде іске асыра отырып, сыныптан тыс жұмыстардың мынадай ерекше белгілерін сипаттайды: сыныптан тыс жұмыстарға балалардың жаппай және ерікті қатысуы; әрекеттің белгілі түріне қызығушылығы мен бағыттылығына қарай оқушылардың дифференциялануы; практикалық міндеттер мен әрекеттің жақын нәтижесін қою; қатынас пен қатысу саласының әр түрлілігі; уақытша сыныптан тыс ұжымның құрылымы, өзін -өзі тану, өзін -өзі іске асыру және өзін -өзі жетілдіру негізінде ересектер мен балалардың субъективті -объективті қарым -қатынасы, біздің қоғамымыздың әр түрлі мамандығы мен саласының өкілдерін, педагог мамандарын байланыстыратын ерекше педагогикалық ұжым, сыныптан тыс жұмыстардың әдістемелік бағыттылығы, дара және ұжымдық шығармашылықтың бірлігі.
Сыныптан тыс жұмыстарда педагогтар белгілі бір әлеуметтік мәдениетте балалардың қабілеті мен қызығушылығын дамыту ісін жасаса, әрі тәрбиеші ролінде өздерінің дүниетанымы, өз тәжірибесі және іскерлігі арқылы жасөспірімдерді әлеуметтік шығармашылық істерге араластырады, белгілі әлеуметтік жағдайда өмір сүруге және еңбек етуге үйретеді, қоғамдық тәрбие мақсатын тұлғаның өзін өзі дамыту мақсаттарымен тығыз байланыстырады. Осылайша, тұлғаны тәрбиелеудегі мақсат бір жағынан өзін дамыту жолында алдына қоғамды қоятын, екінші жағынан, қоғам өзінің әрбір мүшесінен күтетін міндет пен мақсаттан келіседі.
Мұндай жағдайда, өз қоғамының мәдени құндылықтарымен қаныққан және оның идеяларын қабылдаған азаматты тәрбиелеу нәтижесінде жеке тұлға мен қоғам арасындағы үйлесімділікті туғызады.
Бірақ өсіп келе жатқан тұлғаға мақсатты әсерлерді жүзеге асырушы әрбір тәрбиелеу институттары мына жағдайда ғана, егер бір жағынан, басқа институттармен өзара байланысқа түсетін болса, ал екінші жағынан - осы процесте тұлғаның өз белсенділігін арттыра білу шартына сай тұлғаны тұтастай жасап шығаруда маңызды жақтарын игеруде ғана тиімді нәтиже алады.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметі-бұл жас балалар мен жас өспірімдерді ғылымның, техниканың, мәдениеттің, өндірістің түрлі салаларына дайындаудың қоғамдық кажеттілігіне негізделген кең және динамикалық жүйе. Ол көп жоспарлы, әрі көп қызметті, өз ерекшелігі және педагогикалық процестің екі субъектісі-тәрбиелеуші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы бар жүйе. Ол (жүйе) тәрбиеленушілердің өмір тіршілігін ұйымдастыруда олардың қоршаған ортаға белгілі қатынасын жасауда мақсатты бағытталған тәрбие әрекеттерінің жүйесіндегі шағын жүйе ретінде шығады. Оның негізгі компоненттері: қызмет субъектісі; кажеттілік, мақсаттылық, заттық-тәжірибелі бағыттылық; процестің нақты әрекетін ұйымдастыру мен қамтамасыздығы; нәтижелілік болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстың тәрбиелік қызметі- дара және қоғамдық қажеттіліктердің байланысы негізінде базалы (мектептік) дайындық пен мектептен тыс сабақтар арасындағы сабақтастықты; тұлғаны тәрбиелеуде әр түрлі жақтардың арасындағы және тәрбиенің кешенді тәсілдеріндегі өзара байланыс, үйлестілікті, білім мен тәжірйбелік әрекеттерді меңгеру процесінде оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы, дербестігі және педагогикалық ықпалының өзара байланысын; тәрбиеленушілерге дифференциалды жолы мен балалардың жасы мен тәжірибесін есептеумен уақытша әр жастағы ұжымның, балалардың мұқтаждықтарын педагогтардың мүмкіншіліктерін ашу болып табылады.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік қызметтерінің жүйесі тұлғаның сапасын дамытудың түрлі деңгейіндегі жасөспірімдерге жасалған диференциалдық жолымен сипатталады.
В.В. Белова., Т.И. Щукиналардың зерттеулерінде жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарының даму сатысына байланысты әрекеттерді ұйымдастырудың бірнеше деңгейі көрсетілген: бірінші – репродуктивтік -еліктеу әрекеті, осының көмегімен жасөспірімдер үлгілерін меңгереді, осылайша өздеріне басқалардан тәжірибеден тәжірибе жинайды: екінші іздену орындау әрекеті мұнда жетекші есепті орындайды, ал жасөспірімдер оның шешу жолын өз бетінше іздейді; үшінші шығармашылық әрекеті мұнда жасөспірімдер анықтаған есепке сәйкес өзіндік шешімдері іске асырылады және жасөспірімдер үшін сапалы жаңа құндылықтар жасалады. М.Д. Виноградова, В.И. Масакова., И.Б. Первин т.б. оқушылардың шығармашылық даралығы бойынша зерттеулері тұлғаның шығармашылық потенциялын дамытудың жемістілігі әлеуметтік құнды дара шығармшылық мүмкіншіліктері мен тапсырмаларын шығармашылықты түрде орындаудың ең жақсы жолын таңдауда да және жаңасын жасауда да қабілеттілігі балалардың әр түрлі талаптарын тоқтату процесінде болатынын растады. Сыныптан тыс жұмыстың қызмет шартында үйірменің ұжымдық әрекетінің шығармашылықпен қанықтыруды дайындықсыз балалардың өзінен қостау табады. Әр түрлі шығармашылық әрекет мектептен тыс ұжымда балалардың ролін және бағытын өзгертуге мүмкіндік жасайды.
Жалпы тәрбиенің шағын жүйесі ретінде сыныптан тыс жұмыстары балалармен жұмысты педагогикалық жағынан ұйымдастырудағы өзгешелігінен ерекшеленеді. Біріншіден, бұл жасөспірімдерді біріге тартатын, одан өзінің іскерлігі мен қатыстығын көрсетуді талап ететін тақырыптық – практикалық әрекеттің жаппай және топтық түрлері. Бұл негізінен, кешенді ойын – жарыстар, шығармашылық мейрамдар, сайыстар фестивальдар және т.б. Бұларға қатыса отырып, балада таңдау мүмкіндігі туады.
Өз бойына танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді біріктіретін жұмысқа қатысудың еріктілігі барлық адамға соның ішінде балаларға өз күшін сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға жететіндігіне жағдай жасайды. Екіншіден, бағытталған қызығушылыққа және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен айналысқысы келетін балалар үшін үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар және басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары қабілеті мен дайындығына қарамай ниет білдіруші барлық жасөспірімдерді бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады.
Үшіншіден, әбден дайындалған жасөспірімдерге арналған жұмыстың формалары мен түрлері. Бұлар оқушылардың ғылыми қоғамы, ғылым, техника әуесқойларының жазғы мектеп – лагерлері, экспедициялар (архиологиялық, геологиялық, фольклорлық т.б.) жатады.
Сыныптан тыс жұмыстардың шартында ұйымдастырудың барлық осындай әдістері балаларға дифференциалды әсер етудің есебімен бір уақытта әрекет етеді. Бірақ олардың тұлға потенциалын шығармашылықпен дамытуда бейімділігін атап көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет