1) Еңбекке қатысты құжаттар. Еңбек келісімі. Еңбек кітапшасы. Жеке іс парағы. Мінездеме. Өтініш. Өмірбаян. Резюме.
2) Ақпараттық-анықтамалық қүжаттар. Баяндаухат. Анықтама. Акт. Кәшірме. Түсінікхат. Есеп. Хабарланды-ру. Баспасоз хабарламасы.
3) Бұйрық-жарлық құжаттары. Бұйрық. Нұсқау. Жарлық. Қаулы. Шешім. Хаттама. Үндеу. Заң.
4) Азаматтық қатынастарды рәсімдейтін құжаттар. Сенімхат. Қолхат. Келісімшарт. Тапсырыс.
5) Ұйымдық-басқару құжаттары. Ереже. Штат кестесі. Бұлай болу жалпы құжаттарға қатысты. Ал еңбекте аталған іс құжаттарының ең жиі қолданылатын түрлері алынды.
Іс қағаздар тарихы мен стильдік сипаты
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін толыққанды жүзеге асыру үшін іс қағаздарының қазақша жүргізілуінің ролі зор.
Іс қағаздар стилінің әдеби тілдің басқа стилдерінен біршама өзгешеліктері бар. Іс қағаздары дәлелдерді, оқиғаларды, құбылыстарды дәлелдейтін айғақ және ақпарат беру қызметін атқарады. Сондықтан іс қағаздары мен ресми құжаттарда дәлел нақты көрсетіліп, бір ізбен жүйелі, сауатты жазуға ерекше мән беріледі. Өйткені іс қагаздары ерекше қатынас жасау қүралы болып табылады. Іс қағаздары — қарым-қатынас құралдарының бір түрі болғандықтан ол қазіргі күнде өз алдына бөлек жүйе. Іс қағаздары белгілі бір қалыптасқан форма бойынша жазылды.
Ол форманың түрлі үлгілері болады. Іс қағаздары-ның үлгілеріне өтініш, сенімхат, қолхат, анықтама, мінездеме, хабарландыру, шақыру қағазы, хаттама, қатынас қағазы, акт, мәлімдеме, шарт, бұйрық, жарлық, есеп, шағымхат, шешімхат, ілеспе хат, құттықтау хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме, баяндаухат, резюме, өмірбаян, жеке іс парағы, пресс-релиз (баспасөз хабарламасы), еңбек келісімі, еңбек кітапшасы т.б. жатады.
Іс құжаттарының қай-кайсысының болмасын бұрыннан белгілі қалыптаскан бірыңғай сөздері мен сөйлемдері бар. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады.
Мысалы, өзіне тән терминдері, сөз оралымдары. қыскарған сөздері, стандартты сөз тіркестері т.б.
1. Ой жүйелігін сақтау үшін күрделенген сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер қолданылады.
2. Эмоционалды-экспрессивті бояулы тілдік құралдар аз кездеседі.
3. Терминдер мен тіркестер өз мағынасында жұмса лады.
4. Бірнеше вариантта қолданылып жүрген термин сөздердің ішінен Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткепдері қолданылады.
5. Іс құжаттарда көнерген сөздер, бейнелі тұрақты тіркестер, қарапайым лексикаға тән тілдік тұлғалар кездеспейді.
6. Құжаттың мазмұны қысқа әрі тұжырымды түрде баяндалады.
7. Іс қағаздарында айтылатын ой нақты, тұжырымдар дәл, түсінікті түрде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |