Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім



бет2/7
Дата19.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462953
1   2   3   4   5   6   7
қант диабеті

Қант диабетінің 1 типі дамуы: диабетке бейімділігі жоғары адамдарда вирусты инфекция Лангерганс аралшалары клеткаларына қарсы антиденелер түзілуін туғызады. Бұл антиденелер инсулинтүзуші клеткаларды бұза бастайды, бірақ қант диабетінің белгілері (шөлдеу, жиі несеп шығару, дене салмағын жоғалту, шаршағыштық) тек бета клеткалардың 80% жойылғанда дамиды. Осыған байланысты антиделер түзілуі, аурудың басталуымен диабеттің айқын белгілері пайда болуы арасында айлар кейде жылдар өтуі мүмкін. Қант диабетінің 1 типінде инсулин түзілуі төмендейді, абсолютті инсулин жетіспеушілігі дамиды, сондықтан аурудың басынан бастап науқастарды инсулинмен емдеу керек. Отбасында ата-анасының біреуі диабетпен ауырса балаларда диабет даму қаупі 3-5%-ды құрайды. Егер ата-анасының екеуі де диабетпен ауырса диабет даму қаупі 10-25%-ға өседі. Қант диабеті 1 типі әзірге толық жазылмайды, қазіргі уақытта бета клеткалардың бұзылуын баяулатуға байланысты әдістер жасалуда, ол ауру басталуын кейінге шегеруі немесе дамуының алдын алуы мүмкін.

1 типті қант диабеттің клиникасы


Бастапқы мерзімдегі көріністері инсулин тапшылығына қатысты;
1 Айқын шөлдеу (полидипсия)
2 Полиурия
3 Арықтау
4 Тамақ құрғауы
5 Шаршау
6 Тәбеттің жоғарылауы

Қарап тексергенде көңіл аудару керек:

Қарап тексергенде көңіл аудару керек:


1 Айқын салмақ кемістігі
2 Тері,ерін,тіл құрғақтығы
3 Тері тургорының аса төмендеген
4 Балаларда алақан мен табанның өзгеше сарғыштығы
5 Капиллялар кеңеюі
6 Беттің қызаруы
7 Жараның ұзақ жазылмауы
8 Пиодермиялар
9 Пародонтоз
10 Терінің саңырауқұлақтық қабынуы тән.

Ағымын 3 кезеңге бөлеміз:

Ағымын 3 кезеңге бөлеміз:

  • Потенциалды диабет
  • Жасырын диабет
  • Анық қант диабеті кезеңі
  • Балада қанда глюкоза мөлшері өседі.Гипергликемия глюкозурияға әкеледі. Зәрдегі глюкозурия оның тығыздығын жоғарылатады,полиурия байқалады. Қан көлемі азайып,полидипсия дамиды. Ағзада кетонды денелер жиналып,сілтілік – қышқылдық орта ацидозға ығысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет