Дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады.
Тәж Махал
Тәж Махал
- Үндістандағы ең әйгілі ғимарат және ЮНЕСКО әлемдік мұра нысаны. Делиден 204 шақырым жерде орналасқан. Әлемге танымал бұл монумент Аграның жанындағы Жанума өзенінің жағалауында орналасқан.
Экономикасы
Үндістан — аграрлы-өнеркәсіпті ел. Экономикасы көп құрылымды. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейінгі уақыт ішінде Үндістан бұрынғы отардан экономикалық жағынан қуатты елдердің қатарына қосылды. 1961 жылы басталған реформа өз жемісін берді. Қысқа мерзім ішінде ауыр және жеңіл өнеркәсіп, станок жасау салалары құрылды. Атом, ғылым мен ғарыш техникасы, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларында үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Экономикадағы табыстар ішкі және жалпы жиынтық өнімнің мөлшері бойынша Үндістанға әлемдегі алғашқы он елдің қатарына қосылуына мүмкіндік берді. Салық жүйесіне өзгерістер енгізу, банк-қаржылық секторға бақылауды күшейту, мемлекеттік бюджет зәрулігін қысқарту, экономикадағы өнеркәсіп саласын реттеу мен нарықтық қатынастарға бейімдеу, сауда-тариф жүйесіне өзгерістер енгізу, т.б. шаралар жүзеге асырылды.