Дерек көзі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.(9)
Кестеден көрініп тұрғандай, кірістердің негізін салықтық түсімдер құрайды, ал салықтық түсімдердің негізгі көздері, бұрынғыдай қосылған құнға салынатын салық пен корпорациялық табыс салығы болып табылады. Республикалық бюджет кірістерінің басқа едәуір көзі—салықтық емес түсімдер және капиталмен жасалған операциялардан алынатын кірістер.
Бюджеттің шығыстары — бұл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.
Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кстремизм мен сепаратизмнің басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қәуіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жузеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы құқық қорғау қызметі және басқалары.
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі: әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.
4) білім беру: білім берудің республикалық ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби және жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру ұйымдарында балаларды оңалту және басқалары.
5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек керсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді ұйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-әрекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде және мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.
6) әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, экологиялық апат аумақтарында тұратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге құқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, құрбандарына және одан зардап шеккендерге төлемдер, көші-қон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқалары.
7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:
8) ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау, жер қатынастары:
9) әнеркосіп, жер қойнауын пайдалану, соулет, қала қурылысыжәне қызметі:
10) көлік және коммуникациялар:
11) экономикалық қызметті реттеу: стандарттау, метреология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бөсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.
12) басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және оны өтеу, мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау.
Республикалық бюджеттен сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық органдардың заңнамалық актілері мен көзделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады (5 кесте)
5 кесте. Республикалық бюджет шығыстарының колемі мен қүрылымы (2005ж.)
|
млн.теңге
|
%
|
ШЫҒЫСТАР
|
773893
|
100,0
|
ШЫҒЫНДАР
|
734809
|
94,9
|
1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет корсетулер
|
44066
|
5,7
|
2. Қорғаныс
|
40435
|
5,2
|
3. Қоғамдық тәртіп және кауіпсіздіқ
|
73822
|
9,6
|
4. Білім беру
|
23241
|
3,0
|
5. Денсаулық сақтау
|
19105
|
2,5
|
6. Әлеуметтік қамтмасыз ету және әлеуметтік комек
|
202043
|
26,1
|
7. Тұрғын ұйкоммуналдық шаруашылығы
|
10321
|
1,3
|
8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
|
12879
|
1,7
|
9. Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану
|
8486
|
1,1
|
10. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау
|
43040
|
5,6
|
11. Өнеркәсіп және құрылыс
|
1395
|
0,2
|
12. Көлік және байланыс
|
59663
|
7,7
|
13. Басқалар
|
68345
|
8,8
|
14. Борышқа қызмет көрсету
|
34338
|
4,4
|
15. Ресми трансферттер
|
93630
|
12,1
|
КРЕДИТГЕР
|
39085
|
5,0
|
Дерек козі: Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.(10)
Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.
Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда — ұлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік көсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруы тиіс.
Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджеттен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.
Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылымында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге, дипломатиялық мекемелерді ұстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады.
Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржыландыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін республикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді.
Рынокқа өтпелі кезеңде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің құндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақұрылымды дамыту және азаматтардың әлеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлудің белсенді құралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, әдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жұмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.
Әр бюджетте оның кіріс және шығыс белігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын профицитті құрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) "көлеңкелі" экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1) шығыстар тұрақты, кірістер өседі;
2) кірістер тұрақты, шығыстар азаяды;
3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ төмендейді).
Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банкгер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың әдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.
Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталган шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.
Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.
Мұндай бюджет мұндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын ұлғайтуы мүмкін. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бұл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сұранымның қысқаруы және өндірістің одан сайын құлдыруы болып табылады.
Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бұл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс.
Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы құлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер тереңдігі мен ұзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады, мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл тұжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рұхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады, мұның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айла-шарғы жасай алады және бюджеттің тапшылығын жаба алады. Бұл тұжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады.
Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін бюджеттің тұжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді
Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы", жыл сайынғы "Республикалық бюджет туралы" заңға және Қазақстан Республикасының басқа зандарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және бақылау тәртібін белгілейді.
Бюджеттің жобасын уақтылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықтайды.
Бюджеттік комиссиялардың құзырына мыналар кіреді: алдағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық саясат жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
алдағы үш жылдық кезенде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру механизмін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап-жасау;
тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар талдап-жасау және өзге де өкілеттіктер.
Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін және басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, Үкіметтің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясаты, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Президенттің Қазақстан халқына елдегі ахуал және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу прцессі мынадай кезеңдерді кіріктіреді:
1) алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;
2) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;
3) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;
4) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;
5) алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу.
1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге бектілген бюджеттік алынымдар көлемін ескере отырып және орта мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджет құрылымына сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін ай-қындайды және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді. Ол ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін қарайды және олар жөнінде шешім қабылдайды.
2. Республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері, орта мерзімді фискалдық саясатта айқындалған басқа да көрсеткіштер, республикалық бюджет тапшылығының ұйғарымды шекті мөлшері және орта мерзімді жоспарда айқындалған басқа да макроэкономикалық көрсеткіштер, Республикалық бюджет комиссиясы мақүлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады.
Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақұлдайды.
3 Әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы құрал ретіндегі салық салуды жетілдіру жолдары
. 2003 жылы салық заңдарындағы өзгерiстер салық жүктемесiн азайту, жаңа техника мен алдыңғы қатарлы технологиялар ағынын көтермелеу және оларды енгiзу жолымен елдiң экономикалық өсуiн көтермелеуге, мемлекет пен салық төлеушiлердiң өзара қарым-қатынастарын жақсартуға бағытталған және елдiң инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға арналған.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" атты Қазақстан халқына Жолдауына, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясына сәйкес салық жүктемесін азайту және елдiң экономикалық өсуiн ынталандыру, сондай-ақ белгiлi бір санаттағы азаматтардың кiрiстерiн заңдастыруын ынталандыру және еңбекақыны ұлғайту мақсатында 2004 жылдан бастап жеке табыс салығының ставкалары азайтылды, әлеуметтiк салық бойынша ставкалардың кемiмелi шәкілі енгізiлдi, қосылған құн салығының ставкасы азайтылды, арнайы экономикалық аймақтар аумағында салық салудың ерекше режимi белгiлендi, арнайы салық режимдерiн қолдану салалары кеңейтiлдi.
Экономиканы одан әрi тұрақты дамыту, жүргiзілiп жатқан реформаларды тереңдету мақсатында мұнай операцияларына, қаржы лизингiне, резидент еместерге, қаржы құралдарына салық салу, сондай-ақ салықтық әкiмшiлендiру нормалары жетiлдiрiлдi.
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың жаңа шарттарын енгізудiң негiзгi мақсаттары: бюджет кiрiстерiн мұнай операцияларынан барынша көп алу, жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық ниеттерiн сақтай отырып, тараптар мүдделерiнiң ең жоғарғы теңгерiмiне қол жеткiзу болып табылады.
Қаржы лизингiне салық салуды жетiлдiру Қазақстанда негізгi құралдарға инвестицияларды қаржыландырудың аса маңызды құралдарының бiрiЭкономикалық жосплау жөніндегі орталықты уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтінімдерін қарау нәтижелері, заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және Республикалық бюджет комиссиясы айқындаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимитері шегінде:
1) ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) ескере отырып, басым инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесін;
2) заңи тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылдың 15 маусымына дейін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
Республикалық бюджет комиссиясы жоғарыда көрсетілген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру көзі мен тетігін және оларды іске асыруға жауапты болатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:
-
бірыңғай бюджеттік сыныптама;
-
ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиті;
-
басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі;
-
еткен қаржы жылыннда Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;
-
орта мерзімді жоспар;
-
орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жасалады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 25 маусымынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті орган белгілеген кестеге сәйкес ұсынады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін мақсатты трансферттерді және бюджеттік кредиттерді қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті органға облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бөлінісінде осы бюджеттік бағдарламалар бойынша негізделген есептеулерді ұсынады.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның олар бойынша қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі жөніндегі ұсынысы ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесінен бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейін республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттаның жобаларын және шығыстарды есептеулерді Республикалық бюджет комиссиясының шешімдерін сәйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уөкілетті органға ұсынады.
5. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде оны Үкіметтің қарауына ұсынады.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу туралы жарлығы не Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:
-
алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдері;
-
жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері;
-
жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі;
-
республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі;
-
Үкіметтің резерві мелшері;
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасы;
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
-
үкіметтік борыш лимиті және басқа да қагидалар болуға тиіс.
Бюджет процесінде маңызды рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы зандардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Үкіметке табыс етеді, бюджеттік өтінім жасаудың және табыс етудің тәртібін айқындайды.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей енгізеді. Жоба Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.
Талқылау Үкімет уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Ұлттық банк Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Парламенттің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.
Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығыстарының, операциялық сальдосының, таза кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профициті пайдаланудың) жалпы көлемдері бектіледі. Келесі оқылымда тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы баптары бойынша бекітіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетті бекітту Парламент палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Парламен ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына республикалық бюджет туралы занды қабылдамаған жағдайда Президент алдағы қаржы жылының I тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бектіледі. Бұл жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Алдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уөкілетті орган об-лыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.
Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен, ал аудандікі (облыстық маңызы бар қаланікі) 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.
Шешім жобасының мәтінінде:
-
алдағы қаржы жылына арналған бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың, (профицитті пайдаланудың) көлемдері;
-
облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджет субвенцияларының көлемдері және аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алынымдар келемдері; жергілікті атқарушы органның резерві мөлшері;
-
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш лимиті және басқа да қағидалар болуға тиіс.
Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.
Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мәслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын кіріктіреді.
Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
Бюджет кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджетке түсетін түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.
Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа төлеуді және есепке алуды; Кодекске сәйкес түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бюджеттен түсімдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегін өтеу есебіне есепке алуды кіріктіреді.
Бюджетке түсетін түсімдер ақша нысанында жүзеге асырылады және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық келемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.
Бюджетке шетел валютасымен түсетін түсімдер Ұлттық банкпен келісе отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен есепке алынады.
Түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді Бюджет кодексіне сәйкес әрбір жұмыс күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бектілген сомалар шегінде толық және уақтылы орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Мынадай жағдайларда — бюджет түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабылданған немесе өзгертілген және бюджетті атқару барысында бюджет түсімдері олардың бектілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға төмендеген жағдайларда міндетті түрде бюджетті нақтылау жүргізіледі.
Бюджет Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде бекітілген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджетті нақтылау кезінде ғана жол беріледі.
Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бюджеттің кірістері жөніндегі жылдық жоспар қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша кем дегенде отыз пайызға немесе бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша алпыз пайызға және үш тоқсанының қорытындылары бойынша сексен пайыздан астам орындалған жағдайда жол беріледі.
Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылау бюджет заңдамасында белгіленген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
Бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда секвестр — бюджет қаражаттарын жұмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік енгізіледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленеді.
Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он пайыздан астам сомаға секвестрлеу заңның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.
Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгеріс және толықтыру туралы заңның жобасы немесе мәслихаттың шешімі Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша төлемдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұруға құқылы.
Бюджетті секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңдамасына сөйкес жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетті тузетуге орталық мемлекеттік органдар және оларға ведомстволық бағыныштағы мемлекеттік мекемелер құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, олардың функциялары өзгерген жағдайларда жоспардан тыс түсімдер есебінен үкіметтік борышты өтеу көлемі ұлғайған және Бюджет кодексінде көзделген жағдайларда жол беріледі. Түзету көрсетілген жағдайларға байланысты тиісті бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген (нақтыланған) осы бюджеттік бағдарламалардың жалпы сомасы шегінде қосу, белу, беру болып табылады.
Жергілікті бюджеттерді түзетуге қаржы жылы ішінде Үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жоғарғы бюджеттен қаражат бөлінген және жоспардан тыс түсімдер есебінен жергілікті атқарушы органдардың борышын етеу көлемі ұлғайған және бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жол беріледі.
Өткен қаржы жылындағы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Үкіметке, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған түзетілген республикалық бюджетті және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетеді.
Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке түсіндірме жазба мен түсімдер бойынша атқарылуы туралы, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы талдамалық есеп қоса тіркеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді.
Парламент өткен қаржы жылы ішінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің жылдық есебін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін кезегімен, алдымен — Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында қаралғаннан кейін Парламентт палаталарының бірлескен отырысында бектіледі.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті жылдан кейін жьшғы 1 сәуірден, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті 1 наурыздан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы 1 наурызынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына, облыстың бюджетті атқару жөніңдегі жергілікті уәкілетті органға табыс етеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептеме жүргізуге, олардың атқарылуын бағалауға республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына, республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына, бақылау іс-шараларының корытындылары бойынша қабылданған шешімердің орындалуына бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұдайы өндірістік мүдделерімен байланысты салық жүйесінің эволюциялық, біртіндеп қайта құру аясындағы салық салудың жасалған типологиясы негізігі белгілерімен сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты жалпы жүйелік функцияларды бөлуге мүмкіндік берді. Бұл фискалды, қайта бөлу, реттеуші функциялар және арнайы функцияларды орындайтын жеке салықтар немесе салық топтары.
Салықтар жалпы ішкі өнімді және ұлттық табысты мемлекеттік реттеу мен қайта бөлудің маңызды құралы болып табылады. Салық жүйесінің құрылымы өзгеруде: салықтық алымдарының жалпы сомасындағы жанама салықтардың үлесі артып отыр.
Салық салудың заңдылықтарын және мемлекеттің ақшалай қаражаттарында нақты қажеттіліктерін айқындай отырып, салық ғылымы мемлекеттің салық саясатының қалыптасуына әсер етеді және қоғамға салықтардың мәні мен маңызы жөнінде дұрыс түсініктеме беріп отырады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға coқпайды, ал олардан түсетін экономикалык тиімділікті айтарлықтай болары
Соңында келесідегідей қорытындылар жасауға болады:
-
Қазақстан территориясында көшпелі өмір кезінде салық жүйесі мемлекеттік биліктің құралы ретінде дамудың қажетті шегіне жеткен жоқ;
-
Тиімді салық жүйесін құру негізінде өзіндік тәжірибесі болмағандықтан, шетелдік тәжірибеге сүйену қажет;
-
Салық жүйесінің «үш киті»: салықтық қатынастарды реттеудің құқылы негізі; салықтарды және басқа да төлемдерді жинайтын ұйымдар; салықтарды құрудың формалары, түрлері және әдістері;
-
Салық жүйесінің І кезеңі (1995-2005ж.) оның көлемділігімен (салықтардың 45 түрі, салық заңдылығының 14 нормативті актілері) немесе фискальді бағытталумен (салық алымдары 95 % дейін) ерекшеленді. Нәтижесі: ЖІӨ тұрақты жыл салығы төмендеуі, бюджетке түсімдердің азаюы, төлемдердің жасалмау дағдарысы, «көлеңкелі» айналымның мөлшерінің ұлғаюы;
-
1995 жылғы Қазақстан Республикасының «Салықтар туралы» заңы (ІІ кезең) салық ауыртпалығын азайтты, «селективті жеңілдік беру» саясатын тоқтатты, салықтар санын 11 дейін қысқартты және салық жүйесінің тиімділігін арттырды. Нәтижесі: ЖІӨ азаюын тоқтатты, инвестициялар ағымы ұлғайды, іскерлік белсенділік жанданды;
-
Салық саясатында ҚҚС маңызы өсті, ол салық ауыртпалығында көбірек үлес салмағына (54 %) иеленді. Оның іс-әрекет механизмі, ставка деңгейі, оны алу әдісі экономиканың дамуын тежеді, дағдарысын тереңдетті;
-
2001 жылдың салықтық «жаңалығы» әлеуметтік салық ставкасының 26 %-тен 21 %-ке төмендеуі және 16 % мөлшерінде ҚҚС ставкасының енгізілуі болып табылады. Бөлшектік зерттеу кезінде ҚҚС қатынасында салық ауыртпалығы тұтыну өнімдерін өндірушілерге таратылды, ал ҚҚС – жанама салық болғандықтан аз қамтамасыз етілген тұрғындарға әсер етті.
-
2004 жылдың Салық кодексі салық жүйесінің құрылымын өзгертіп, эволюциялық сипатта болды. Салық кодексі бойынша Қазақстан Республикасының салық жүйесінің негізгі қасиеті салық салудың халықаралық қағидаларына сәйкес болып табылады.
Осылайша, Қазақстан салық жүйесі 13 жылда салық қатынастарының үйлесімділікке бағытталған 3 рет реформаға ұшырады, яғни ол бюджетке салық түсімдері жеткілікті болатын, салық ауыртпалыгының тиімді деңгейі нарықтық реттеушілік әсермен құрылды.
Қазақстанға өзінің бизнесін жасырғаннан гөрі, салықтарды төлеу ұтымды болатын салық жүйесі қажет. Салық кодексі Қазақстан Республикасының салық жүйесінің үйлесімді, жоғары теңдестірілген болуына бірінші қадам жасады деп есептеу қажет.
ҚОСЫМША «А»
Рет№
|
ҚР Салық жүйесі туралы занға сәйкес жалпы мемлекеттік салықтар, аударымдар және алымдар
|
Рет№
|
ҚР салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер жөніндегі ҚР 24.04.1995 ж. Заңына сәйкес
|
1
|
Пайдаға салық
|
1
|
Занды тұлғаларға табыс салығы (30%)
|
2
|
Шетел азаматтары, яғни азаматтығы жоқтардан алынатын табыс салығы
|
2
|
Жеке тұлғалардан табыс салығы
|
3
|
ҚҚС
|
3
|
ҚҚС
|
4
|
Акциздер
|
4
|
Акциздер
|
5
|
Бағалы қағаздар мен операцияларға салық
|
5
|
Бағалы қағаздар мен операцияларға салықтар
|
6
|
Көлік құралдарына салынатын салық
|
6
|
Көлік құралдарына салықтар
|
7
|
Георазведкаға және ізденіс жұмыстарына шығындарын жабуға салынатын төлем
|
7
|
Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтар
|
8
|
Табиғи ресурстарға салықтар
|
8
|
Орман алымдары
|
9
|
Экспорт, импортқа салықтар
|
9
|
Отын және жанармай жинаудағы алымдар
|
10
|
Кеден тарифтері мен баждары
|
10
|
Занды тұлғалардың көлік жолдарын қолданудағы алымдар
|
11
|
Тіркелген (ренталық) төлемдер
|
11
|
Жұмысбастылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік қорға аудару
|
12
|
Автоқұралдарды сатып алуга салықтар
|
12
|
Барлығы: 11 төлемдердің аударымдары мен алымдары
|
________________
Ескертпе: ақпарат негізі Қазақстан Республикасының Салық кодексінен алынған № 209.
12 желтоқсан 2003 ж. Алматы: 2004 – 238 бет.
ҚОСЫМША «Б»
2000-2003 жыл Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет түсімдерінің пайыздық құрылымы
№
|
Көрсеткіштер
|
2000ж.
|
2001ж.
|
2002ж.
|
2003ж.
|
1
|
Табыстар – барлығы
|
100
|
100
|
100
|
100
|
2
|
Салықтық түсімдер
|
86,9
|
88,2
|
91,1
|
93,3
|
3
|
Корпоративтік табыс салығы:
|
31,2
|
32,8
|
33,1
|
34,4
|
|
а) қосымша құн салығы
|
21,5
|
20,8
|
21,78
|
21,13
|
|
б) әлеуметтік салық
|
18,9
|
19,3
|
19,8
|
20,1
|
|
в) жеке табыс салығы
|
9,7
|
10,1
|
10,8
|
11,9
|
|
г) акциздер
|
3,7
|
3,8
|
4,0
|
4,0
|
|
д) мүлікке салық
|
1,3
|
0,24
|
0,3
|
0,3
|
|
е) жер салығы
|
0,3
|
0,3
|
0,4
|
0,4
|
|
ж) көлік құралдарына салық
|
0,65
|
0,70
|
0,74
|
0,82
|
|
з) жер қойнауын пайдаланғаны үшін салығы
|
0,25
|
0,16
|
0,18
|
0,23
|
4
|
Басқа да табыстар
|
12,5
|
11,8
|
8,9
|
6,72
|
_________________
ҚР Қаржы министрлігінің статистикалық жинағы 2001-2004 жылдар ақпаратының негізінде
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының салық кодексі
2.Идрисова Э.Қ «Налоги и налогообложение в Казахстане» Алматы,1999
3.«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы». Қазақстан Мемлекетінің заңы, 2001
4.«Қазақстан Республикасының заңы 2003 жылға арналған бюджет туралы». Қаржы-қаражат №1, 2003
5.Бурабаев О.Б, Ермекбаева Б.Ж., Құлжабаева М.Т. «Жергілікті салықтар мен алымдар», 1998.
6. ҚР 2003, 2004, 2005 ж 8 айдың Республикалық бюджеттің орындалуы туралы мәліметтері.№12
7.Қазақстан Республикасының Конститутциясы 35 бап
8.Уровень жизни населения в Казахстане. Статистический сборник /Под ред. А.А. Смаилова, Алматы, 2002, 268с .
9. Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.
10. Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені № 6, маусым 2004ж.
11.Карагусова Т. «Салықтың экономикалық негізі», 1994
12.Кипериан Т.Е., Тимофеева О.А. «Нарықтық экономикадығы салықтар», 1993ж
13. Сиасет-нане Низам-Аль-Мулька жүзжылдығы ХҮ ғасырдағы вазир басшылығы туралы кітап, Москва, 1949 ж.34 бет
14.Кашин В.А. Налоги и их роль в регулировании внешнеэкономических связей. – М.: Юнити, 1999-183 стр.
15.Макконелл Кэмпбелл Р., Брюстенлли Л.: Экономикс: Принципы, проблемы и политика в 2-х томах: Пер. с англ. М.:Республика, 1992-670 стр.
16.Манапов Н. Проблемы налоговой системы.// Қаржы-қаражат. № 6. 1992г. 12-15 стр.
17. Налоги/ Под ред. Д.Г. Черника, - 4-е изд. Перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 1998-544 стр.
18.Налоги в развитых странах/ под ред. И.Русаковой – М.: ЮНИТИ, 1991-231 стр.
19.Налогообложение: учебник/ под ред. Юткиной Т.Е. М./ Финансы и статистика, 1998 г.
20.Омарбаев С.М. Налоги и налогообложение. – Караганда: КарГУ, 1999-141 стр.
21. Райзберг Б.А. Современный экономический словарь – М: 1999 г.
22.Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане/ - Алматы: «LEM» - 2002 -160 стр.
23.Саутбаева С.К. Из истории налогообложения в Казахстане, Мысль, № 9, 2001 год, 78 стр
24.Худяков А.И., Бродский Г.М. Теория налогообложения – Алматы: Норма – К, 2002-392 стр.
25.Худяков А.И., Наурызбаев Н.К. Налоги: понятие, элементы, установление, виды – Алматы: ТОО «Баспа», 1998-160 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |