- Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.
- Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.
- Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.
- Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады.
- Бүрген майымен. Оны күйікке пайдалану да жақсы көмектеседі.
- Алоэмен. Жаңа жұлынғаналоэ жапырағының шырынын сығып, күйген жерге тамызады. Екінші жапырағының өзегін алып, күйген жерге дәкемен таңып тастайды.
Күйік шалғандағы халық емі
Күйдіретін қалақаймен (жгучая крапива). Тұнбасын дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынаста жақсылап араластырады да, қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын тұнбаға бинтті батырып, күйген жерге басады. - Күйдіретін қалақаймен (жгучая крапива). Тұнбасын дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынаста жақсылап араластырады да, қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын тұнбаға бинтті батырып, күйген жерге басады.
- Қалақайдың гүлдерінен тұнба жасау үшін 30 грамм қалақай гүліне 1 литр қайнаған су құяды. Үш сағаттай тұндырады. Сосын сүзгіштен өткізеді. Дайын тұнбаны терінің сыртына компресс түрінде пайдаланады.
- Зығыр майымен. Бір қасық зығыр майына соншалықты мөлшерде кілегей, бір қасық лимон шырынын, бір жұмыртқаның ақуызын қосады, араластырады. Оны күйіктің үстіне жағып орайды. Мұны күніне 3-4 рет ауыстырып отырады.
- Қамыспен. Күйікке қамыс тамырының шырынын жағады, кепкен ұнтағын жара аузына себеді.
- Жұмыртқамен. Терінің күйген, ауырған аймақтарына шикі жұмыртқаны жағады. Ол үшін жұмыртқаның ақуызы да, сары уызы да пайдаланыла береді. Жұмыртқаны теріге кеппей жатып, үсті-үстіне жағады. Бұл емді ауру сезімі басылғанша жалғастырып, ауырған жерді жайлап жуады.
Достарыңызбен бөлісу: |