Жоспар: М. Хайдеггер философиясының жалпы сипаты Онтология ұғымы Философтың негізгі міндетті М. Хайдеггер философиясының жалпы сипаты



бет3/3
Дата17.04.2024
өлшемі64.96 Kb.
#498985
1   2   3
Документ (2)

Т. Гоббс: «Философия адамның ақыл-ойы, ол жаратушы тәңірдің барлық істерін зерттеуші, осы істердің ретін, себептерін, салдарын анықтауға көмектеседі» дейді. Декарт: «Философия – даналық, адам танып-біле алатын заттар туралы егжей-тегжейлі, жан-жақты білім»-дейді. Фихте: «Ғылыми даму барысында оның шеңберінен шығып кеткенімен, философия адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты»-деген.
Осы анықтауларға сүйеніп, философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдар жасасақ:

  1. Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo — сүйемін, sophia — даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.

  2. Философияның басы — таңдану. Сократ «Менің білетінім — мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

  3. Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән.

Адам философиялық білім жинауға өз еркімен ұмтылады. Тәуелділік философияны көркейтпейді. Кеңетік кезеңдегі философияның мазмұны бұл пікіріміздің жақсы мысалы.

  1. Философия ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады. Бұл — байыпты, ғылыми, толерантты, еркін, творчестволық ойлау.

  2. Философия жауабын табу қиын, тез арада шешу мүмкін емес, күрделі мәселелерді зерттеумен айналысады. Мысалы, адам өмірінің мәні мәселесі, табиғат, қоғам, және адамның арақатынасы мәселесі мәңгілік мәселелер болып саналады.

Философияның анықтамасы: Философия — бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент — Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу объектісі. М.Әуезов: «Философия…- кең ақыл, терең қиял шығарған, адамның жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып, адамшылығын арттырып, ақтылыкқа сүйрейді. Философия:

  1. адамның қайдан жаралғанын шешпек;

  2. адамның жанын, ішкі халін тексермек;

  3. адамның дүниеге келген мақсатын тексермек.

Философия адамшылық жолындағы қараңғы қалтарыстарда қолға ұстаған шамшырақ» дейді.
Бұл ойларды неміс философы И.Канттың сөздерімен толықтыруға болады:

  1. Мен не біле аламын?

  2. Мен не істеуім керек?

  3. Мен не нәрсеге үміттене аламын?

  4. Адам дегеніміз не?

Бірінші сұраққа метафизика жауап береді, екіншісіне мораль, үшіншісіне — дін, төртіншісіне — антропология. Бірақ осының бәрін антропологияда жинақтауға болады, себебі алдыңғы үш сұрақ соңғыға кіреді. …Адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмектесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет