Жоспар: Мультимедиа Мультимедиялық технология Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы Мультимедиа принциптері Мультимедиялық технологияның мүмкіндіктері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Мультимедиа


Мультимедианың бағдарламалық құралдары



бет2/4
Дата19.11.2023
өлшемі166.24 Kb.
#483656
1   2   3   4
Рефарат

Мультимедианың бағдарламалық құралдары кез келген типті ақпаратты интерактивтi режимде пайдалануға мүмкiндiк беретiн компьютердiң бағдарламалық жабдықтары. Мультимедиалық ресурстар - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегiмен дайындалған ақпараттық өнімдер.Мультимедианың дамуы бейнетехникалық және дербес компьютерлiк технологиялардың өркендеуi нәтижесiнде жүзеге асуда. Мультимедиа статикалық (мәтiндiк, кестелiк, графиктiк) және динамикалық (анимациялық, бейнелiк), дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды iске асырады. Қазiргi таңда электрондық оқулықтарды, компьютерлiк оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелiк оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту процесiндегi инновациялық әдiстерді жүзеге асыратын бiрден бір жаңа ақпараттық технология болып саналады. Мультимедиа түрлiше ақпаратты ұсынудың немесе пайдаланудың әртүрлi әдiстерiн қолдануға мүмкiндiк бередi. Бiз қазiргi күнге дейiн мультимедианың кейбiр түрлерiн күнделiктi тұрмыста қолданып келдiк. Мысалы, теледидар және кино - мультимедианың құрамдас бөлiктерi. Пайдаланушылар бұл технологияның жекелеген элементтерiн атауда „мультимедиа” сөзiн қосарлана қолданып келедi. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнiмi, мультимедиа қызметi т.б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технологиялар кешенiнен құралатындықтан оның жекелеген элементтерiн атау кезiнде „мультимедиалық” сын есiмiн қосарлана қолдану дұрыс деп санаймыз (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнiм т.б.). Ал, жалпылай тек „мультимедиа” деп атауға болады. Мультимедия технология ақпараттану бағытында жоғары дәрежеде ие болып отыр.Оның негізгі мақсаты:жиынды көрініс,мәтін және мәләметке дыбыс қосу бейне көрініс,анимация және басқа визуалды эффектілерді интерактивті интерфейстеу сияқты механизмдерді қолдану.
Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы
Web-қа арналған қосымшалар. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары (компьютерлер, телекоммуникациялық байланыс құралдары, қажетті интерактивті программалық және әдістемелік жабдықтар) әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындататын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмысының маңызы өте зор.. Әрине, қазіргі компьютер мен интерактивті программмалық-әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа модельдерін іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Мультимедиалық құралдар көмегімен дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламалары білім сапасын арттырудың бірден-бір кепілі. Мультимедиялық құрылғыларға мысал ретінде виртуалды пернетақта, интерактивті тақта т.б. 
Виртуалды пернетақта – оқытушының интерактивті тақта арқылы компьютердегі мәліметтермен жұмыс істеуіне арналған. Яғни, компьютердің стандартты пернетақтасының аналогы болып саналады. Интерактивті тақтаның қарапайым тақтадан айырмашылығы: 



  • статикалық, динамикалық тұрғыда дидактикалық материалдар дайындауға болады; 

  • әртүрлі сызбалар мен сұлбаларды, диаграммалар мен графиктерді жылдам салуға мүмкіндік беру арқылы уақыт үнемдейді; 

  • оқушылардың зейінін нақты, қажетті ақпаратқа аудару үшін сол ақпараттарды ерекшелеуді, оқшаулауды жүзеге асыратын аппараттық-бағдарламалық құрал-саймандармен жабдықталған;

  • ұсынылған ақпаратты оқытушы немесе оқушы бүкіл сабақ бойында бірнеше мәрте қайталап көре алады

  • жұмыс алаңы ауқымды аймақты қамтиды; 

  • экранға шығарылатын слайдтардың саны шектеусіз;

  • оқу материалына дыбыстық қосымша енгізуге болады

  • сабақ барысында пайдаланылып, файл түрінде сақталған ақпараттың электрондық немесе баспалық нұсқасын оқушыларға көшіріп беруге болады; 

  • интерактивті тақтаның бейнедатчиктермен жабдықталуы экран бетіндегі кез келген нүктеге берілетін әсерлерді бірмезетте жылдам анықтайды, соның нәтижесінде тақтада бірнеше пайдаланушылар бірмезгілде жұмыс жасай алады; 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет