Жоспар: Натюрморт жанры туралы түсінік Қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы суретші Шығармашылығы мен марапаттаулары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Натюрморт



бет3/4
Дата29.01.2024
өлшемі1.38 Mb.
#490182
1   2   3   4
Реферат еңбек Алтынай

4.Қорытынды
Айша Ғалымбаева тағдырдың өзі еркелеткен, ұзақ жылдар бойына оған өзгеден ерекше көре білу, сезіне білу қабілетін аямай сыйлаған аяулы жан. Оның болмыс бітімінде кез келген суретші армандайтын асыл қасиеттер – шеберлік пен даналық, жан дүниесінің қартаймайтын жастығы бар. Оқулықтарды ақтарып, минут сайын әр дерекке, әр натураға елеңдей қарайтын кездің бәрі баяғыда артта қалған. Суретшінің жас кездегі жаза басудан, толайымдап толғайтын күдіктерден арылып, жасампаздықтың жазық даңғылына түскелі қай заман. Оның поэтикалық идеясы мен кескіндеме тілінде келістіре жазудың үндестігі ғажайып жарасым тапқан. Суретші қылқаламының әр сілтемесі техникалық шеберлік пен сезім қуатына толы. Ал, алуан түсті бояу мен нұр сәуленің өзі дүнияуи және руханият әлемінің арнайы жіберген ақ періштесіндей. Ол адам жанын поэтикалық әсер мен пәк сезімдерге бөлеуге қашанда әзір.
Айша Ғалымбаеваның бақытты суретші екені ақиқат. Оның алдында өмірдің өзекті сюжеттерінің күштеп тізеге салуына көнбейтін мәңгілік тақырыптар мен идеялардың есігі айқара ашылған. Ғаламдық жаратылыстың өзі құдірет, құшағында жүріп сүйініп, тамашасына табынуға қу тірліктің кесірінен уақытың жете бермесе де табиғатқа жетер сұлулық жоқ, өмірдің өзі қызықты, ал, адамдар да бір есептен бұл өмірге тектен текке келмеген деп күй көкірекке ой түйетін әр пенде үшін Айшаның образдары әрқашан айшықты да тартымды.
Өзінің шеберханасында гүл шоғы көзге көп түсе бермесе де, суретшінің қайта-қайта сала беретін сүйікті суреті – гүлдер, гүлдер тағы да гүлдер... Олар художниктің көз алдында емес, сазгердің көкірегін кернеп, енді-енді төгіліп, жарыққа шыққалы тұрған әсем әуен тәрізді оның ішкі жан дүниесінде. Осының өзі көп қиналмай-ақ табан астында суырып салар шығармашылық еркіндікке мол мүмкіндік береді. Мұндай шабытты шақта суретші қолы қас қағым сәт ойлануға мұрша бермей, қалт етіп қате жібермей, жылдам да жеңіл жорғалайды. Заттың формасы мен аты айқындала бастайды, алайда бұл натюрморттар гүлдердің кескінін суреттегеннен гөрі, оның идеясын бейнелейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет