Эстетикалық тәрбие. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығармашылық. жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты.
Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастау қайнар көз дәстүрлі қазақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаһандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол. Бала бойына эстетикалық тәрбиені сіндіру үшін келесі дағдыларды қалыптастыру қажет:
Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру
Күнделікті өмірде гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін білу. Тамақтанар алдында қолды жуу, таңертең және кешке тісті тазалау дағдыларын қалыптастыру.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды жетілдіру, тамақтану, жуыну кезінде қарапайым мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.
Балаларды сыртқы келбетін бақылауға үйрету; сабынды дұрыс қолдануды, қолды, бетті, құлақты тазалап жууды, жуынғаннан кейін құрғатып сүртуді, орамалды орнына ілуді, тарақты және қол орамалды пайдалануды үйрету.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 1.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы,2000. 2.«Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы... www.bala-kkk,kz/normativnye_pravovye.../zakon_o_brake_i_seme/ жүгінген мерзімі 20.01.2023ж 3. Кравцова Е.Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. – M.,1991.-C.152. Мухина В.С. Детская психология. - СПб.,1992. 4. Усова А.П. Роль игры в организации жизни и деятельности детей. «Дошкольное воспитание», 2005,№10. 5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137 6. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
Достарыңызбен бөлісу: |