бақылау сұрақтары
1. Анықтаманы жалғастырыңыз: Оқыту үдерісі дегеніміз…
2. Оқу үдерісінің негізгі сипаттамасын атаңыз.
3. Оқу үдерісінің екіжақтылығының мəні неде?
4. «Оқу үдерісі» жəне «таным» деген түсініктерге анықтама беріңіз.
5. Педагогикадағы оқу үдерісінің заңдылықтарын есепке алу дегеніміз нені білдіреді?
6. Педагогиканы оқыту принциптерін сипаттаңыз
1. Оқытудың заманауи теориясының əдіснамалық негізі болып табылады:
А) білім беру құжаттары
В) білім алушылардың жас ерекшелігі
С) қоғамның даму заңдары
D) табиғаттың даму заңдары
Е) таным теориясы
2. Оқыту – бұл:
А) оқу үдерісі кезінде қиындық көрген оқушыға педагогтың көмек көрсету қызметі
В) тиімді оқытуды ұйымдастыру
С) оқыту мақсаттарын жүзеге асырудағы педагогтың белгілен ген іс-əрекеті
D) теориядан практикаға өту үдерісін басқару
Е) педагогтың өзіндік іс-əрекетінің түрі
3. Оқу – бұл:
А) таным, тəжірибе, жаттығу негізінде мінез-құлықтың жаңа түрлері мен іс-əрекетін туындататын немесе бұрынғыларын өзгеріске түсіретін үдеріс 8–1541 114
В) оқыту мақсаттарын жүзеге асырудағы педагогтың белгіленген іс-əрекеті
С) теориядан практикаға өту үдерісін басқару
D) тиімді оқуды ұйымдастыру
Е) педагог пен оқушылардың мақсатты түрде бағытталған белсенді əрекеттестігі нəтижесінде білім, іскерлік пен дағды, тəжірибе жəне мінез-құлық, жеке бас қасиеттерін қалыптас тыратын үдеріс
Негізгі əдебиеттер
1. Философский словарь /Под ред. И. Т. Фролова. – М.: Политиздат, 1991.
2. Педагогический энциклопедический словарь /Гл. ред. Б. М. Бим-Бад. - М.: Большая Российская энциклопедия, - 2003. 117
3. Полонский В. М. Словарь по образованию и педагогике /В. М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004.
Достарыңызбен бөлісу: |