бақылау сұрақтары
1 Педагогиканы оқу пəні ретінде құрылымдайтын принциптерді түсіндіріңіз.
2 «Құрылымдау» түсінігінің мəнін ашыңыз.
3 Білімнің неше түрлері бар:
Негізгі əдебиеттер
1. Аристотель. Собрание сочинений: в 4 т. /Аристотель. – М.: Мысль, 1984. – Т.
2.Гегель Г. В. Ф. Философия природы //Энциклопедия философских наук: в 3 т. /Г. В. Ф. Гегель. – М.: Мысль, 1975. - Т.2. 90 2. Каптерев П.Ф. Избранные педагогические сочинения /П.Ф. Каптерев. – М.: Педагогика, 1982.
3. Теоретические основы содержания общего среднего образования: монография /Под ред. В. В. Краевского, И. Я. Лернера. – М.: Педагогика, 1983.
4. Леднев В. С. Непрерывное образование: структура и содержание: монография /В. С. Леднев. – М.: АПН СССР, 1998.
3 лекция
Тақырып: Педагогика оқыту технологиясы
Жоспар:
1.Оқыту тұтас педагогикалық үдерістің бөлшегі ретінде.
2.Педагогиканы оқытудың заңдылықтары мен принциптері.
Тұтас педагогикалық үдеріс екі өзара байланысты оқыту жəне тəрбие үдерістерінен тұратыны бəрімізге белгілі. Оқыту – алдын ала жоспарланған мақсатты түрде бағытталған іс-əрекет, оны орындау барысында білім алушылардың білім алуы, тəрбиеленуі жəне дамуы жүзеге асады, сонымен қатар адамзаттың, іс-əрекеттің жəне қарым-қатынастың жекелеген қырларының тəжірибесі меңгеріледі.
Оқытудың негізгі сипаттары:
- екіжақтылық, ол субъектілердің өзара байланысына негіз деледі; - қызметтің мазмұндық жəне іс-əрекеттік жақтарының бірлігі;
- танымның ерекше үдерісі;
- тұлғаның жан-жақты дамуына бағыттылығы;
- басқарушылық. Бұл сипаттамалар жалпылама қасиетке ие жəне педагогиканы оқыту үдерісіне қатысты. Оқыту үдерісінің құрылымы екі басты субъектілердің, яғни оқытушы мен студенттердің өзара бірлескен іс-əрекетімен танылған. Біріншісінің іс-əрекеті
– білім беру, оқыту, ал екіншісінің іс-əрекеті – оқу.
Оқыту – білім алушылардың оқу-танымдық іс-əрекетін басқаратын, ұйымдастыратын оқытушының мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдастырылған ісі. Оқытудың мақсаты – əрбір студенттердің білім алуын тиімді етіп ұйымдастыру.
Оқу – бұл мақсатты түрде бағытталған, арнайы ұйымдас тырылған студенттердің танымдық іс-əрекеті, оның орындалу барысында білім, іскерлік, дағды жүйесі меңгеріледі жəне жеке тұлғалық қасиеттері дамиды. Оқудың мақсаты болып таным, қор шаған орта жайлы ақпараттарды жинақтап өңдеу табылады. Оқу дың қорытындылары жалпы оқушының дамуынан, қарым-қатынас жүйесінен, білімінен, іскерлік, дағдысынан көрініс табады.
Оқыту үдерісі өзара байланысты мынандай компоненттермен танылады: мақсат, міндеттер, мазмұн, субъектілердің қызметі, əдістер, тəсілдер, құралдар жəне оқытудың нəтижесі. Жүйе ні қалыптастырушы компонент болып табылатын мақсат оқыту үдерісінің қалған барлық компоненттерін өз қарамағына жинастырады. Олардың барлығы біркелкілік пен бүтіндікті қалыптастырып, алдыға қойылған мақсатқа жетуге септігін тигізеді. Оқыту үдерістері компоненттерінің өзара əрекеттесуін кесте түрінде көрсетуге болады
Оқыту үдерісінің əдіснамалық негізі болып гносеология саналады. Гносеологияның негізгі қағидаларына сəйкес, таным үдерісі нақтылы пайымдау, абстрактілік ойлау мен практика бірлігінен тұрады. Оқыту үдерісінің қозғалтқыш күші қарама-қайшылық болып табылады. Ол қорытылып талданған түрінде былайша түсін діріледі: оқытудың арнайы мақсатына жету қажеттілігі мен мақсатқа жетуге деген тəсілдері мен құралдардың жетіс пеушілігі арасындағы келіспеушілік; нормативтік талаптар, педагогтың педагогикалық əсер етуі мен білім алушылардың оқу мазмұнын нақты белгіленген уақытта, белгілі деңгейде меңгеру мүмкіндіктері арасындағы келіспеушілік жəне т.б.
Оқыту үдерісінің субъектілері (педагог пен білім алушы) мынаны түсінгені маңызды: олар оқу барысында жалғаса беретін қарама-қайшылықтарды бірігіп шешіп, келесі пайда болатын жаңа қарама-қайшылықтарды шешуге дайын болуы керек.
Оқыту кезінде үш қызмет жүзеге асады: білім берушілік, дамытушылық жəне тəрбиелік. Бұл қызметтер туралы 1.3 тарауында айтылған. Жалпы алғанда барлық қызмет өзара байланысты жəне өзара жанамаланған, сонда да бұл жүйеде басымдылық білім беру қызметінен табылады. Практика жүзінде қызметтердің іске асуы кешенді міндеттердің шешімін табуымен, педагог пен білім алушы іс-əрекетінің мазмұнымен, оқыту əдістері мен формаларының үйлесімділігімен байланысты.
Осылайша, педагогиканы оқыту үдерісі дидактикада құрастырылған жалпы ережелерге негізделеді оны педагогиканы оқыту үдерісін ұйымдастыру кезінде оқытушы ескеруі тиіс.
Оқу үдерісін ұйымдастырудың жалпы нормалары оқытудың заңдылықтарымен, принциптерімен байланысты. Заңдылық бүтіннің құраушы бөліктері арасындағы өзара қайталанатын, тұрақты, негіздік, объективті байланыстарынан көрініс табады
Оқыту үдерістері компоненттерінің өзара əрекеттестігі Оқыту заңдылықтары дегеніміз бұл оқыту үдерісінің құрамдық бөліктерінің арасындағы объективті, мəнді, тұрақты, қайталанатын байланыстар.
Педагогиканы оқыту заңдылықтары оқыту үдерісінің компо ненттері арасындағы байланысты көрсетеді. Заңдылықтардың жалпы жəне жеке, ішкі жəне сыртқы, дидактикалық жəне оқутанымдық, психологиялық жəне ұйымдастырушылық түрлері болады. Заңдылықтардың мысалдарын қарастырайық.
Педагогиканы оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның тұлғаның білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық. Педагогиканы оқытудың нəтижелілігі оқушының саналы түрдегі іс-əрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық.
Педагогиканы оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігі білім беру орындарының материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл сыртқы заңдылық. Педагогика бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі заңдылықтың мысалы.
Педагогиканы оқыту қорытындылары білім алушылардың оқытудың мақсатын түсіну мен қабылдауға тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық заңдылық. Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл оқу-танымдық заңдылық мысалы. Білім алушының дамуы басқа адамдардың, яғни өзара тура жəне жанама байланыстағы адамдардың дамуына байланысты болса, бұл - əлеуметтік-психологиялық заңдылық. Оқыту үдерісінің тиімділігі оқытушының ұйымдастыруына жəне басқаруына байланысты болса, бұл - ұйымдастырушылық заңдылық.
Сондықтан да, педагогика оқытушысы бірігіп істеген іс-əрекеттің (оның жəне студенттің) нəтижесі заңдылықтардың əр түрлі типтеріне байланысты екенін анық түсінген жөн.
Заңдылықтар педагогиканы оқыту принциптерін анықтайды. Оқыту принциптері əрдайым оқытуда тұрған оқу үдерісінің обьективті заңдылықтары мен мақсаттарын бейнелейді.
Принциптер – оқыту үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге жетекшілік жасайтын нормативтік талаптар. Оқытудың барлық принциптері өзара байланысты, сондықтан оларды 95 жүйе түрінде қарастырған жөн. Бұл жүйе жалпы дидактикалық жəне ұйымдастырушылық-əдістемелік принциптерден тұрады. Дидактикада көрсетілген оқыту принциптерінің педагогиканы оқыту принциптеріне де тікелей қатысы бар екенін айта кеткен жөн. Енді сол принциптерге тоқталайық.
Жалпы дидактикалық принциптер – оқу мазмұнын жалпы мақсаттар мен заңдылықтарға сəйкес анықтайтын педагогикалық теорияның, концепциялардың негіздері. Олар мынандай принциптер:
- білім берушілік, дамытушылық жəне тəрбиелеу принциптерінің бірлігі педагогикалық білім мен іскерліктер жүйесінің қалыптасуына, жеке тұлғалық қасиеттердің, мінез-құлықтың ерекшеліктерінің дамуына, аса кəсіби-мəнді құндылықтарды тəрбиелеуге мүмкіндік береді;
- оқу үдерісінің мазмұны мен əдістерінің ғылымилық принципі ғылыми педагогикалық білім мен педагогикалық практика байланыстылығын анықтайды;
- оқытудың практикамен байланыстылығы принципі білім алушылардың шынайы педагогикалық үдеріс кезінде педагогикалық білімді қолдануын қарастырады;
- жүйелілік пен бірізділік принципі оқыту мен оқуды белгіленген бір тəртіппен жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл принцип педагогиканы оқыту үдерісінің жəне мазмұнының қисындық құрылуын талап етеді. Мысалы, педагогиканы оқытуда алдымен «Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін, одан кейін «Тəрбие теориясы», «Дидактика» бөлімдерін жалғастырып, «Мектептану» бөлімімен аяқтаған жөн;
- көрнекілік принципі білім алушыларға педагогика бойынша оқу материалын терең əрі саналы түрде өңдеу үшін оқылатын педагогикалық құбылыстар мен нысандарды ұсынады;
- саналылық пен белсенділік принципі білім алушылардың оқу мақсаттарын айқындап, өз жұмыстарын жоспарлап, оқу міндеттерін шешудің тəсілдерін өз бетімен анықтайды, меңгерген білімдерінің мəнін түсінеді. Оқытудағы белсенділік дегеніміз оқудағы жедел ақыл-ойлық жəне практикалық жақтары мен педагогика бойынша білім, іскерлік, дағдыларының саналы меңгеру шарты мен нəтижесі болып саналады;
- беріктілік принципі білімнің білім алушылар санасында берік болып қалыптасқанын талап етеді, ол үшін студенттер танымдық белсенділіктерін танытып, оқығандарын практикада жиі қайталап, еске түсіріп отырулары керек;
- бағыттылық принципі педагогикалық білім беру мазмұнының болашақ педагог тұлғасын дамытуға əрекет етеді;
- сəйкестілік принципі педагогикалық білім беру мазмұны ның педагогикалық ғылымдардың даму тенденциясына жəне кəсібипедагогикалық іс-əрекеттердің ұсынған талаптарына педагогтарды даярлау нəтижелерінің сəйкестігін қамтамасыз етеді.
Ұйымдастырушылық-əдістемелік принциптер – педагогиканы оқыту үдерісінің ұйымдастырушы формалары мен əдістерін анықтайтын ережелер. Енді оларды қарастырайық:
- педагогиканы оқыту үдерісінің тұтастығы мен бірлігі принципі педагог пен білім алушының іс əрекеттерінің бірлігі мен өзара байланысын көрсетеді; -
оқу жұмыстарының топтық жəне жекелік формалары мен оқу жұмысының тəсілдерін тең үйлестіру принципі педагогика мазмұнын меңгертудің тиімділігін арттырады, ол үшін білім алушыларды ұжымдық, топтық, жеке жұмыстардың түрлеріне тарта білу керек. Сонымен қатар білім алушыларды үйірме, клубтар жəне т.б. жұмыстарына қатыстыру қажет;
- оқуға деген жағымды қатынасты қалыптастыру принципі ғылымның əр түрлі салаларының мəліметтерін пайдалануды көздейді, педагогикалық білімдердің өмірдегі практикалық мəнін түсіндіреді.
Əр принцип белгілі бір ережелерден тұрады. Ереже дегеніміз оқытудың жекелеген аспектілерін ашып көрсету, принциптерді нақтылау. Олар педагогқа белгілі бір педагогикалық жағдаяттар туындағанда не істеу қажеттігіне нақтылы нұсқаулар береді.
Достарыңызбен бөлісу: |