Жоспар: Педагогика ғылым ретінде



бет3/5
Дата28.03.2024
өлшемі29.73 Kb.
#496844
түріЛекция
1   2   3   4   5
Документ Microsoft Word (4)

бақылау сұрақтары
1. «Ғылым» жəне «оқу пəні» ұғымдарының негізін ашып көрсетіңіз.
2. Ғылым ретіндегі педагогиканың құрылымдық компо ненттерін сипаттаңыз.
3. Педагогиканың ғылым ретінде дамуының тарихын си паттаңыз.
4. Педагогиканың оқу пəні ретінде дамуының тарихын сипаттаңыз.
Негізгі əдебиеттер
1. Копнин П. В. Гносеологические и логические основы науки: монография /П.В Копнин. – М.: Мысль, 1974.
2. Кохановский В. П. Философия и методология науки: учеб. пособие /В.П Кохановский. – Ростов н/Дону.: «Феникс», 1999.
3. Краевский В. В. Методология педагогического исследования: монография /В. В Краевский. – Самара, 1994.
4. Краевский В. В., Бережнова Е. В. Методология педагогики: новый этап: учеб. пособие /В. В Краевский, Е. В. Бережнова. – М.: Академия, 2006.
5. Сластенин В.А. Избранные труды /В.А Сластенин. – М.: Магистрпресс, 2000.
2-лекция
Тақырып: Педагогика курсының мазмұны мен құрылымы.
Жоспар:
1.Педагогиканың мазмұны.
2.Педагогика курсының мазмұнын құрылымдау.
«Мазмұн» деген ұғымның түсінігі ежелгі грек ойшылдары Аристотель жəне Платонмен ашылды. Аристотельдің ойы бойынша, мазмұн – ол бүтін бөліктерінің жиынтығы
Кейіннен бұл ұғым Гегельмен толықтырылды: «Барлық заттар материалды емес, бірақ барлық заттардың мазмұны болады».
«Білім берудің мазмұны» деген ұғымның педагогикалық түсінігі П. Ф. Каптеревпен анықталып, жүйелі білім ретінде түсіндірілді.
В. В. Краевский мен И. Я. Лернер білім берудің мазмұнын əлеуметтік тəжірибе ретінде қарастырып, мазмұн келесі өзара байланысты құрамдас бөліктерден тұратындығын айтады:
1) табиғат, қоғам, техника, адам, іс-əрекет құралдары туралы білім;
2) дағды жəне іскерлікпен танылған іс-əрекеттің белгілі тəсілдерін жүзеге асыру тəжірибесі;
3) интеллектуалдық рəсімге айналған, əдеттегі іс-əрекет шегінен асатын шығармашылық іс-əрекетінің тəжірибесі;
4) іс-əрекеттің құралы немесе нысаны болған болмысқа деген эмоционалды-құндылық қатынас тəжірибесі .
Əрбір компонентті жеке қарастырайық.
Бірінші компонент – білім, ол адамзатпен жинақталған əлем туралы объективті ақпарат. Білімнің бірнеше түрлері бар:
1. негізгі терминдер мен ұғымдар, оларсыз не бір пікірді, не бір мəтінді түсінуге мүмкін болмайды;
2. ғылымның заңдылығын түсінуге, дүниетанымды қалыптас тыруға, ғылымның басты заңдарын, нысан мен болмыс арасындағы құбылыстар қатынасы мен байланысын ашып көрсетуге көмектесетін ғылыми фактілер мен ұғымдар;
3. түсіндіру нысандары мен əдістерінің өзара үйлесімділігі туралы ғылыми білімдер жүйесін құрайтын теориялар мен нақты бір пəн саласындағы құбылыс болжаулары;
4. білім алудың тарихы, таным əдістері, іс-əрекет тəсілдері туралы білім;
5. өмірдің əр түрлі құбылыстарына деген қатынастар мен нормалар, сыни баға беруші білім.
Екінші компонент – іс-əрекеттің белгілі тəсілдерін жүзеге асыру тəжірибесі, яғни берілген алгоритмге сəйкес іскерлік мен дағдыларды қолдана отырып, репродуктивті деңгейде орындалатын нақты бір іс-əрекеттің түрі.
Үшінші компонент – шығармашылық іс-əрекеттің тəжірибесі, яғни шектеулі білім мен үлгі бойынша игерілген іскерліктер адамның шығармашылық мүмкіндігімен жиынтықта көрініс береді. Шығармашылық іс-əрекет продуктивті деңгейде орын далғаны көрінеді.
Төртінші компонент – болмысқа деген эмоционалды-құндылық қатынас, яғни адамның қажеттіліктері оның белгілі бір нысанға деген эмоцияларын білдіреді, олар құндылықтар жүйесіне қосылып, мəнін ашып көрсетеді.
Ғалымдар білім беру мазмұнын педагогикалық мақсаттармен байланысты деңгейлік сипаттамаға ие деген идеяны алға тартты. Сол деңгейлерді қарастырайық.
1. Жалпы теориялық түсініктің деңгейі: мазмұнның құрамы (элементтер) мен құрылымы (элементтер арасындағы байланыс) жинақталған жүйелі түсінік ретінде көрсетілген.
2. Оқу пəнінің деңгейі: мазмұнның құрамы (элементтер) мен құ рылымы (элементтер арасындағы байланыс) жалпы теориялық түсінікке жататын оқу пəнінің ерекшелігін анықтайды.
3. Оқу материалының деңгейі: мазмұнның құрамы нақты бір пəнді оқыту курсына енетін оқулықтар мен оқу құралдарында бекітілген мазмұнның құрамдық элементтерімен (білім, іскерлік, дағды, құзыреттілік) берілген. Сонымен, білім берудің мазмұны – дидактикада оқытудың маз мұндық жағын құрайтын, əлеуметтік тапсырыстың көп деңгейлік педагогикалық моделі.
Педагогика мазмұнын құрылымдау – бұл оқу пəнінің мазмұнын жобалау рəсімі, яғни мақсатын тұжырымдау, курстың құрылымы мен мазмұнын анықтау, білім алушылардың іс-əрекетін ұйғарым мен шектеулердің шегінде жоспарлау, бұлардың барлығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, типтік бағдарлама, оқу жəне əдістемелік əдебиеттер секілді нормативтік құжаттармен реттеледі.
Педагогиканың тəжірибесінде педагогиканың мазмұнын құры лымдаудың екі амалы қалыптасты: білімдік-бағдарлық (дəстүрлі) жəне құзіреттіліктік (инновациялық).
Біріншісі – білімдік-бағдарлық амал өткен ғасырда қалыптасқан жəне педагогиканың мазмұнын беруге бағытталған амал. Бұл амал негізгі талаптарды тек қана педагогикалық білімнің қалыптасуына қойды, ал болашақ педагогтың іскерлігі, дағдысы жəне құзыреттілігінің қалыптастыруын практикаға жүктеді.
Екінші – құзіреттіліктік амал, бертін келе 2000-жылдардың басында қалыптасып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көрсетілген тізімдердегі басты құзыреттіліктер мен педагогикалық бейімделген білім мен іскерлік жүйесін студенттердің меңгеруін білдірді. Қазіргі кезде екінші амал жетекші болып табылады.
Педагогика курсының мазмұнын құрылымдау келесі принциптерге сүйенеді:
- мақсатқа бағыттылық, болашақ педагогті кəсіби іс-əрекетке даярлаудағы мақсат пен міндеттерге педагогика мазмұнының сəйкес келуі;
- ғылымилық, педагогика курсы мазмұнының қазіргі заманғы педагогикалық ғылым жетістіктеріне сəйкес болуы;
- негізділік (фундаменталдық), педагогиканың əдіснамасын күшейту;
- тұтастылық, оқылып отырған пəннің теориялық жəне прак тикалық жақтарының біркелкілігін сақтау;
- интеграция, педагогикалық үдерістен (құбылыстан) тұтас көрініс беретін көптеген пəнаралық жəне ішкі пəндік байланыстар санын мүмкіндігінше көп бекіту; 70
- модульдік, педагогиканың мазмұның инвариантты (міндетті) жəне вариативті (таңдау бойынша) компонеттерін модуль түрінде беру;
- іс-əрекеттік-модельдеуші, болашақ педагогикалық іс-əрекеттің үзінділерін модельдеу, оның барысында кəсіби нормаларды меңгеру;
- жекешелендіру, мазмұнның вариативтілігі жəне оны меңгеру тəсілдері білім алушылардың негізгі дайындық деңгейіне жəне кəсіптік ерекшеліктеріне байланысты білім мен іскерліктер жүйесін меңгеруді қамтамасыз ету;
- прескриптивтілік (нормалық), педагогика мазмұнының болашақ педагогтың біліктілік талаптарына сай болуы. Педагогика курсының мазмұнын құрылымдау арнайы құжаттарға байланысты. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын (ҚР МЖМБС 6.08.013-2009) «Педагогика жəне психо логия» 5В010300 бакалавриат мамандығы бойынша қарастырайық. Кəсіптік білім беру бағдарламасының құрылымында үш өзара байланысты блок бар, олар жалпы білім беру пəндері, базалық пəндер, кəсіптендіру пəндері деп аталады. Əрбір блок инвариантты (міндетті) жəне вариативті (таңдамалы) пəндерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет