Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет3/6
Дата18.04.2024
өлшемі50.34 Kb.
#499121
1   2   3   4   5   6
РЕФЕРАТ

Патриотизмотбасына, туып-өскен ортасына, топырағы мен табиғатына, еліне деген құрметтен бастау алады. Өз ұлтын, жерін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын адам ғана шынайы патриот бола алады. Оны зорлықпен, нұсқаумен жүргізу мүмкін емес. Ел Президенті Н.Назарбаевтың: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Әрбір адам бала кезінен Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн», – деуі патриотизмге баулудың жарқын үлгісі іспетті. Қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан бастау алатындай.
Жалпы, патриотизмді ұлттың тілі, діні мен ділімен тығыз байланысып, астасып жатқан ұғым деп қарастырған дұрыс болар. Дәл бүгінгі шақта көтеріліп отырған маңызды мәселелер қатарында жастарды патриоттық сезімге баулып, өсіру өзекті саналады. Қазақстанның кез келген азаматын отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудің орны бұрын да бөлекше болған, бүгін де маңызын жойған емес. Кез келген елдің дамуы саналы азаматтар қатарының көбеюімен де байланысты. Себебі болашақ – қазақ жастарының қолында. Ал осы жолда тайсалмай, елім үшін деп ерінбей еңбек ететін болсақ, өз үлесімізді қосарымыз анық. Келешекте ел тізгінін қолға алатын жастардың барынша білімді, жан-жақты, білікті болуы қаншалықты маңызды болса, олардың Отанына деген сүйіспеншілігінің мол болуы басты қажеттілік болса керек. Өйткені, елін, жерін сүймеген азамат Отанына адал қызмет ете алатыны күмән тудырады. Ұлтының патриоты болған адам ана тіліне бей-жай қарай алмайды. Ал өз тілінде де, өзге тілдерде де еркін сөйлейтін маман қай кезде де еліне пайда келтіре алатыны анық. Қазіргі тәуелсіздік жағдайында патриоттыққа баулу – айырықша маңызға ие мәселелердің бірі болып отырғаны да сондықтан.
«Саяси түсіндірме сөздігінде» патриотизмге былайша анықтама берген екен: «Патриотизм (грек, patris – отан, атамекен) – өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, қорғауды мақсат тұтатын өз Отанына, Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі. Патриотизм мәселелері жаңа мемлекеттердің құрылуы, ұлттың қалыптасуы, ұлт-азаттық қозғалыстар мен соғыстар кезінде ерекше өзектілікке, саяси мәнге ие болады. Бүгінгі күні Патриотизм мәселесі жаһандану, интернационализация, мемлекетаралық, аймақтық және жер шарылық ықпалдастық жағдайында өрши түсуде. Шынайы патриотизмді интернационализм мен космополитизмге қарсы қоюға болмайды. Өз халқын басқа ұлттар мен этностарға қарсы қоюға бағытталған патриотизм шынайы емес, ол ұлтшылдыққа және шовинизмге ұласып кетуі оңай. Ал, ұлттық және ұлттық-мемлекеттік нигилизмге негізделген интернационализм мен космополитизм жалпыадамзаттық мүдделер мен құндылықтарға қайшы келеді», – делінген.
Н.Г.Чернышевскийдің сөзімен айтар болсақ: «Өз Отанына салқын адам бүкіл адамзатқа да опа бермейді».
Кей мамандардың сөзіне құлақ түрсек, «патриотизм – азаматқа мінездеме беретін негізгі қасиеттерінің бірі» екен. Және ол тек қоғамдық сананы ғана емес, оның дамуының да алғышарты болса керек.
Тұтастай алғанда қарапайым халық патриоттықты ұлтын сүюмен байланыстырады. Ал оның астарында көптеген алғышарттары жатқанын біреу білсе, біреу біле бермейтін шығар. Шын мәнінде, ол тек ұлтын сүюмен шектелмейтіні белгілі. Онымен қоса, мемлекетін, тілін, дінін, ділін, дәстүр-салтын құрметтеумен де байланысты екені ақиқат. Көптеген жетістіктерге жетуге себепкер болған да осы патриотизм десек, жаңылыспаған болар едік. Кезінде Алаш арыстары да ұлтшыл деп айыпталғанымен, шын мәнінде нағыз патриот болғанын тарих дәлелдеп берді.
Патриотизм феноменін үшке бөліп қарастырған жөн дейді отандық ғалымдар. Ол: мемлекеттік, ұлттық және жеке түрлер. Оның біріншісі бүгінгі таңда аса маңызды саналып отырған – жаңа қазақстандық патриотизм. Бұл елімізде мекен етіп жатқан жүз отызға жуық ұлт пен ұлыстардың елге деген сүйіспеншілігі тұрғысында қарастырылады. Яғни, барлық қазақстандықтар жаңа патриотизмге ден қоюы басты межеге, күн тәртібіндегі мәселеге айналып отыр. Жалпы, кез келген адам патриоттықты бесіктегі шақтан бастап бойға сіңіре бастайды. Бұл жерде отбасылық тәрбиенің де, балабақша мен мектеп, жоғары оқу орындары мен ондағы білім беруші ұстаздардың да үлесі зор. Сондай-ақ, жұмыс істеу барысында қоғамдық ұйымдардың немесе басқа да орталықтардың ықпалы болары сөзсіз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Лондон Олимпиадасындағы спортшыларымыздың 205 ұлттық құрама арасынан 12-орын алғанын ерекше атап өткен еді. Сондай-ақ, Қазақстан командасы көптеген этностардың берік және ынтымақты шаңырағының біртұтас жасағы ретінде сайысқа түскенін мақтанышпен жеткізді. Бұл жеңіс тек қазақтар үшін ғана емес, бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды болғаны анық. Себебі әрбір азамат алтын, күміс және қола жүлдеге ие болғандарды ұлтына қарамастан мақтан тұтты. Дәл осы сөздерді Елбасы былайша жеткізген еді: «Олимпиададағы жеңіс салтанаты халқымызды одан әрі біріктіре түсті, патриотизмнің ұлы күшін танытты. Бұқаралық спорт және жоғары жетістіктерге жеткізетін спорт кешенді жүйелі тәсілді талап етеді. Тек саламатты ұлт қана бәсекелестікке қабілетті болмақ», – деді.
Бір қырынан алғанда көпұлтты Қазақстан үшін ұлтаралық татулықтан асқан маңызды мәселе жоқ шығар. Ел ішіндегі тұрақтылыққа мемлекет тарапынан жете мән берілуі де сондықтан болар. Және ел ішіндегі әлеуметтік құрылымдардың қалыптасып, жұмыс істей бастағаны да көңіл көншіктірерлік жағдай. Осындай ұйымдар мен орталықтардың басты мақсаты да қоғамдағы тұрақтылықты, қоғамдық сананы және ұлттық идеяны қалыптастыруға бағытталып отыр. Осындай маңызды мәселелердің қатарында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту де алдыңғы орында тұрғаны рас. Әсіресе, жастардың арасында мемлекеттік тілді қастерлеу, қазақ тілін жетік меңгеруге бағытталған іс-шаралардың қолға алынғанына да біраз уақыт болып қалды. Алайда межелі нәтижеге қол жеткізу үшін әлі де қыруар шаруаның атқарылуы қажет екені айдан анық. Ал қазақ қазақша білмесе, өз елінің шынайы патриоты болмаса, өзгеге үлгі боламыз, басқаға өзімізді сыйлатамыз деу қисынсыз.
Осы орайда жаңа қазақстандық патриотизмге қатысты айтылған Жолдаудағы Елбасының сөздерін мысалға келтіре кетсек, артық болмас деп ойлаймыз. «Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сәйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы. Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке және кәсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады», – дейді Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев. Шын мәнінде, сенім болмаған жерде өркендеу, өсу болмайтыны анық. Кез келген адам өзінің болашағына үлкен үмітпен, сеніммен қарайтыны белгілі. Ал ол үшін қажетті мүмкіндіктердің жасалып, қолға алынып жатқаны, әрине, біз үшін үлкен жетістік. «Мемлекет және халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс», – деген Елбасының сөзі де халықты жігерлендіріп, мақсаттандырып тастағаны анық. «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл, ең алдымен, елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек». Иә, расында патриоттық сезімге баулу туралы бізде аз айтылып жүрген жоқ. Десек те, айтылуы мен орындалуының жөні бір басқа. Сол себепті прагматикалық тұрғыдан қараудың да маңызды екені анық. Қазіргі жастар көбінесе барлық қордаланған мәселелерді мемлекет шешіп беруі тиіс деп есептейтіні жасырын емес. Сондықтан осыған орай Жолдауда айтылған келесі сөздер де дер кезінде айтылған деп білеміз. «Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне, тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. Осындай тәсіл ғана патриотизмді және оны тәрбиелеу мәселесіне прагматикалық және шынайы көзқарасты оятады». Бұл, әрине, қазіргі жастардың көзімен қарағанда өте дұрыс жол. Себебі, бүгінгі жастардың дүниетанымы, өмірге деген көзқарасы, арманы, мақсат-мүддесі, өресі өзгешелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет