Жоспары: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет6/6
Дата18.04.2024
өлшемі50.34 Kb.
#499121
1   2   3   4   5   6
РЕФЕРАТ

Қорытынды
Сонымен қорыта келгенде, қазақстандық патриотизм, ол – бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі бізде ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ тіл мен мәдениет. Басқа ұлт өкілдері осыны саналы түрде қабылдауы тиіс. Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың маңыздылығы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи еңбектері толық қамтылып, жазылған. Бұның өзі көп нәрседен хабар берсе керек.
Патриоттық сезімді тұлға бойында қалыптастырудың маңызы зор екенін жақсы білеміз. Бірақ ол үшін қалай тәрбиелейміз? Патриот сөзінің аудармасы ретінде ұлтжандылық пен ұлтшылдықтың бірін алсам, әркім әртүрлі пікірде болар деп ойладым, себебі бірде достарымыздың арасында осы сөздерді қолдануға қатысты әңгімелескенімізде түрлі пікір естіген едім. Бірақ өзім ұлтжандылықты қолданғанды дұрыс көремін» – деп, қойған сауалын анықтап көрсеткен екен. Бұл сауалға Абылай есімді жігіт: «Кейде күйлерді, қазақты мадақтайтын жыр-термелерді, өлеңдерді естігенде немесе оқығанда бір түрлі балқып, ерекше бір сезімге бөленемін. Патриоттық сезім деген осы шығар деп қоям ішімнен», – деп жауап жазыпты. Алайда осы сауалға жауап бергендердің ішінде «Мен патриот емеспін» деген қазақ жастарының болғаны жанға батып, налығанымызды несіне жасырайық. Іштей өз елін, жерін, ұлтын сүймейтін адамнан не ғайбыл және өзінің патриот емес екенін мақтанышпен айтатын азаматтар қатары азаймай тұрса, өзгеге не жорық дейсің амалсыз.
Егер еліміздің болашақ жастарын Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелейміз десек, ең алдымен, қазақ мәдениеті мен өнеріне, мемлекеттік тілге мән бергеніміз жөн. Біздің қазақта Отаншылдыққа тәрбиелеудің тамыры тереңде, халық ауыз әдебиетінде – мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерінде, ертегілер мен батырлар жырында, терме және халық әндерінде жатқаны ақиқат. Қазақта «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол», «Ер бір өледі, ез мың өледі» деп, жас ұрпақты елін сүюге, намысты таптатпауға тәрбиелеген. Ендігі мақсат осындай ұлағатты да даналы сөздерді елімізді мекен етіп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстарға жеткізу, олардың да Отанға деген сүйіспеншілігін ояту болмақ.
Сөз соңын Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан үзінді келтіре отырып түйіндесек:
«2050 жылға қарай біз Қазақстанның кез келген азаматы ертеңгі күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси жүйе құруымыз керек. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс және біз бәріміз бір атаның - Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз».

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Елбасы жолдауы «Қазақстан- 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты:болашаққа бағдарланған даму бағыттары.

  2. Елбасы жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»

  3. Интернет желісі

  4. А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет