- Крахмал – көптеген өсімдіктердің қорлық полисахариді Өнеркәсіпе оны картоптан алады. Бұл ақ түсті ұнтақ.
ПОЛИСАХАРИДТЕР - Целлюлоза (жасунық) – табиғатта кең таралған: өсімдік ұлпалары содан құралған. Мақта, фильтр қағазы – целлюлозаның (96% -ке дейін) ең таза түрлері. Ағаштың ең негізгі құрам бөлігі – целлюлоза.
ПОЛИСАХАРИДТЕР - Гликоген – жануар крахмалы, ол бауырда жинақталады және жануарлар мен адам ағзасының қор заты болып табылады.
ГЛЮКОЗАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ ТОЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ (СТРУКТУРАЛЫҚ) ФОРМУЛАСЫ -
- Н Н Н ОН Н О
- │ │ │ │ │ //
- Н─ С ─ С ─ С ─ С ─ С ─ С
- │ │ │ │ │ \
- ОН ОН ОН Н ОН Н
-
- Көпатомды спирт ретіндегі қасиеттері
- ( – ОН топқа байланысты),
- 2. Альдегид ретіндегі қасиеттері
- ( -СОН топқа байланысты),
- 3. Глюкозаның өзіне тән қасиеттері.
- 1) Спирттік ашу
- С6Н12О6 → 2СН3-СН2ОН + 2СО2↑
- Этил спирті
- 2) Сүт қышқылдық ашу
- С6Н12О6 → 2СН3-СНОН –СООН
- Сүт қышқылы
- 3) Май қышқылдық ашу
- С6Н12О6 → С3Н7СООН + 2Н2↑ + 2СО2↑
- 4) Толық тотығуы
- С6Н12О6 +6О2 → 6Н2О + 6СО2
КӨМІРСУ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ - Қантты диабетте гликоген алмасуының бұзылуы осы аурудың негізгі белгісі болып саналады. Ұйқы безіндегі Лангерганс аралшаларының В-жасушаларынан бөлініп шығатын инсулин гормонының тапшылығы нәтижесінде глюкозаның гликогенге айналу үрдісі бұзылып қанда қант мөлшері көбейіп кетеді (гипергликемия) және олар зәрмен шыға бастайды (глюкозурия ). Бауырдағы гликоген мөлшері төмендеп кетіп, оның орнын май басады. Осыған байланысты бүйрек шумағында сүзілу үрдісі күшейіп, бүйрек сүзгісінің негізгі мембранасы қалыңдап, капиллярлар арасындағы жасушалар (мезангий жасушалары) көбейе бастайды. Бұл өзгерістерді диабетке байланысты капиллярараралық гломерулосклероз дейді. Зәрмен бөлініп шығып жатқан глюкозадан бүйрек өзекшелерінің эпителиінде гликоген синтезделе бастайды, сол үшін бұл жасушалардың көлемі үлкейген, цитоплазмасы ақшыл арнайы бояғанда құрамында гликоген барлығы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |