АҚИҚАТ:
Адамның шынайы болмысы
Кеңістік пен уақытпен шектелмейді
Өзгермейді, ол жалғыз
Барлық ел, барлық заман, барлық адам үшін біреу
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынадай сұрақтар қоюға итермелейді.
• Мен кіммін?
• Менің өмірімдегі мақсатым не?
• Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
• Өзімнің ішкі “Менімді” қалай тани аламын?
Салыстырмалы ақиқат
|
Абсолюттік ақиқат
|
|
ü Жеке ü Өзгермелі ü Сезім деңгейінде табылады ü Алуан түрлі
|
ü Әмбебап ü Өзгермейтін ü Сезімнен жоғары (уақыт пен кеңістіктен тыс) ü Біртұтастықты білдіреді
|
|
|
|
|
Жеке адамның барлық құндылықтары белгілі бір деңгейде иерархияланған жеке адам үшін бірінің маңызы жоғарырақ болса,екіншінің маңызы азырақ болады.
Иерархияның басында адам өмірін айқындайтын бір немесе бірнеше базалық құндылықтар қатар болуы мүмкін.
Құндылықтар иерархиясы жеке адам санасында мәңгілік тұрақтап қалмайды.Өмір ағыны барысында бір құндылықтар бірінші кезекке шықса,енді бір екінші кезекке жылжиды, яғни құндылықтардың орны маңыздылығына байланысты ауысып тұрады.
Өмірдегі түрлі жағдаяттар ,мәселен , ауыр сырқат және т.б жағдайлар жеке тұлғаның құндылықтар жүйесі де айтарлықтай ықпал етеді.
Жеке тұлғаға басқа бір беделді тұлға да өзінің құндылықтар көзқарастарымен зор ықпал ете алады.
Қорыта айтқанда,адами құндылықтар жүйесі адам өмірінің соңына дейін тұрақталып қалмайды.
Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сократ екенін білеміз. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен нормалар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әр түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. Петракова құндылықтарды үш түрге бөледі:
• Табиғи құндылықтар;
• Жүре пайда болған құндылықтар;
• Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар.
Достарыңызбен бөлісу: |