Қортынды; Зерттеушілер өздерінің ой-пікірін білдіру ниетімен қарапайым мысалдарды қолданады. Мұндай мысалды Пиаже де қолданып былай дейді: баланың ақылды ойлау ағысындағы логикалық басқыштар оның сөйлеу әрекетінің соңында барып жүйеленеді. Оның айтуынша баланың сөйлеуі өзінің логикалық жүйесін реттеуші деген пікірін дәйектей түсіп, егер сөйлеу әрекеті болмаса, оның ойлауы да жүйелі болмас еді дейді. Егер бала өзгелермен сөйлеспей өзімен-өзі тұйықталып қалса онда оның ойының жүйеге түсуі тіптен қиындап кетер еді.
2-тапсырма .
Ойлау іштей сөйлеу бейнелерінің сериясы ретінде.
Жоспары;
Ойлау және сөйлеу, оның физиологиялық негізі.
Ойлау тәсілдері.
Ойлау формалары.
Сөйлеу қызметтері мен түрлері.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөйлеу арқылы іс-әрекет пен қарым-қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық процесс. Психология ғылымы тіл білімінен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызметің, адамның мінез-құлық бағытын белгілейді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндірілді. Ойлау – ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекше роль атқарады.
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл – анализ болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез болады.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Ойлау операциясының күрделі түрі – абстракция мен жалпылау.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді “төрт бұрыш” деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |