Жоспары; Ойлау теориясының жаңа сатысынлағы зерттеулер



бет1/7
Дата18.02.2023
өлшемі36.39 Kb.
#469748
  1   2   3   4   5   6   7
Ойлау биологиялық үрдіс Толымбекова П.С


Ойлау биологиялық үрдіс.
Жоспары;

  1. Ойлау теориясының жаңа сатысынлағы зерттеулер.

  2. Ойлау психологиясы жайында негізгі теориялык көзқарас

  3. Балалар ойының ақылдылығы деген не?

Осы бағытта ойлау теориясының жаңа сатысынлағы зерттеулер О.Зельц еңбектерінің 2-томында баяндалып, Келердің адам тектес маймылдарға жасаған тәжірибелері оның адамның продуктивті ойлауын қарастырған тәжірибе нәтижелерімен ұш-тастырылады. Мұндай бағыттың сырларының бәрі Келлер еңбектерінде жарияланды.
О.Зельц, Бюлер сияқты, вюрцбург мектебінен шыққан және ол бұл мектеп пен құрылым психологиясының қағидаларын қосьш алып, олардың көзқарастарын ойлаудағы биол гиялық теориямен байланыстыра отырып өзара ымыраласты мақсаттарын көздеді.
Балалар психологиясындағы мұндай көзқарас. Бюлер еңбек-терінде кеңінен өрістеді. ол вюрцбург мектебінің ой теориясы душар болған дағдарыстан биологиялық көзқарас пен балалық кезеңді құтқарудың сәті түсті деп қуанышқа бөленді. Құтқарудың бұл жолы Бюлер енбектерінде баяндалып, ол балалардың ойлау әрекеті, ең алдымен, биологиялық тұрғыдан қарастырылып, ол жоғары сатыда тұрған маймылдардың ойлауы мен адам ойлауының тарихи даму ерекшеліктері арасындағы олқылықты толықтыруға себебін тигізді.
Сөйтіп, балалардың ойлау әрекетін сол маймылдар мен адам ойлауының ортасында орын алатын биологиялық дамудың өткелі сияқты деді. Бұл авторлар баланың биологиялық даму ерекшелік-теріне сәйкес оның ойлау әрекетін де осы негізге сүйене отырып түсіндіруді мақсат етті.
Мұндай жайттардың бәрі оғаш болып көрінгенімен, бір жағынан алып қарағаңда, менің пікірімнше, Ж,Пиаженің теория да сол көзқарастың тарихи даму тармағына жатады деп ойлаймын. Ж.Пиаженін теориясы біздерге мәлім. Дегенмеи, бір теория жайында ерекше ескерерлік бір жайт бар. Ол теория өте бай зерттеу нәтижелеріне тіректеліп қана қоймай, оның нәтижелері балалардың ойлауы жайындағы қазіргі ілімге де енген. Сондықтан бұл білімді осы бағьпта енді ғана көтеріліп жүрген өзге де зерттеулермен салыстырып қарағанда, бұл ілімді аяғына дейін жеткізілген зерттеу деп санауға болады.
Пиаже теориясында ойлаудың дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың арақатынасына қатысты идеяны ерекше маңызы бар. Пиаже концепциясы бұл орайда өте қарапайым. Ол З.Фрейдтін психоанализімен және оған жақында Э.Блейлермен бірге, бала ойлауының дамып жетуінің алған басқышы – өз ойынан рахат көріп қанағаттануы. Мұндай прнцип баланың ойында жетекші қызмет атқарады. Сәби кезеңінен бастап бала ойлауы арқылы, Пиаженің айтуынша, оның өзінің жартылай соқыр сезімі биологаялық әрекетімен ұштасьш, одан қалайда рахат табу бағы тында дамиды дейді.
Бала ойлауындағы мұндай сипатты Блейлер аутистихалық ойлау деп атайды. Пиаже бала ойлауының бұл түрін бағытсыз ой дейді (өйткені, баланың жасы өсіп, оның ойының қисынды болудан айырмашылығы тұс көру сипатыңда болып, бала өз тілегін қанағаттандаруды түсінде айқын көруі сияқты болады. Бала ойлауының мұңдай түрлері нағыз мағыналы сипаттан көрі ойының ерікті түрдегі армандау сипатында дамитындығын көрсетеді. Дегенмен, баланың даму процесі үнемі әлеуметтік ортаның жағдайына тәуелді больш отыратындықтан олар өздерінің ойын ересек адамдардың ойлауына тенестіре түсуіге ұмтылып отырады дейді Пиаже. Осы кезде баланы сөйлеуге үйретіп, тілді меңгертеді. Сөйлеу нәтижесінде баланың ойы айқындала түседі. Сөйлесу нәтижесінде баланың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы дамиды. Бала әлеуметгік ортада өзгелердің де ойын түсініп, оларға жауап беруге үйренеді, сөйтіп, оның өзіндік ойы қарым-қатынае жасау нәтижесінде өрістей бермек дейді.
Баланың әлеуметгік ортада қарым-қатынас жасауына ерекше мән беріп, оны Пиаже бейнелі түрде анықтап әлеуметтенуі «жеке меншіктің әлеуметтенуі» сияқты процесс дейді.
Пиаженің бұл пікірін қорыта келе: баланың өзіндік ойлауы биодогиялық дара жан иесі ретінде оның «жеке меншігі» болып саналады да, ол даму процесінде ортанын әсерінен ығыстырылады, жеке меншік ойы ойлау формаларымен алмастырылады. Сөйтіп баланыц өзіндік ойы; түсінде көргендей айкын ойы әлеуметтену салдарынан адамдардың логикалық ойлау сипатына қарай ауысып, бала бұрынғы «жеке меншігінен» айырылады. Оның ойлау әрекеті енді ұғым формасына, қисынды ойлау жүйесіне ауысады дейді. Баланың өзіндік ойының (эгоцентрлік ойының} әлеуметгенген ойлау жүйесіне қарай ойысуы
Пиаженің анықтауынша өту кезеңі деп аталады. Ойлаудын. негізгі еелелерін талдауда Пиаженің көзқарасы міне осындай.
Ойлау психологиясы жайында негізгі теориялык көзқарастарды жүйелей отырып, жалпы қорытынды жасау үшін менің пікірімше, оны тарихи және теориялық тұрғыдан терең қамтыдык деп айтуға батылым жетпейді. Дегенмен, қарастырған фактілерді корыта отырып, мынадай ой түюге болар деймін: бұл бағыттардың бәрі ойлау процесін қарастыруда ассоация мектебінің шарықтап тұрған кезінде өрбіп, өзекті мәселенің мәнін дұрыс шеше алмағандықтан, атап айтқанда, ойдың ақылға тіректеліп дамып, ол адамның әр алуан әрекеттерімен ұштасып жататындығын байыптап түсіне алмады. Соның салдарынан олар күйреп, бірінен соң бірі сәтсіздікке ұшырап жатты. Осы мектептердің көзқарастарындағы қайшылықтар мен ойлау әрекетінің мақсатталығын дұрыс түсініп, оның басқа да психикалық қызметтермен байланысты болып отыратыңдығын қалай түсіну керек?
Бұл мәселені бір жағынан Платонның идеяларына сүйенген вюрцбург мектебі де шеше алған жоқ. Бұл жәйтті Кюльпе де мойыңдады. Екінші жағынан мәселенің түйінің шешудің мүмкіи еместігін мойындаған бихевиористер ақылдылық дегеннің өзі алдану, оның мәнісі адам әрекетінің бейімделгіштігі ғана, әрбір нәрсенің мәнін шешу бақылап көру мен қателесу деген пікірлермен шектелді. Мұндай мәселені шещуді батыл қолға алған Пиаже болды. Ол Э.Клапаредтің бірсыпыра пікірлерімен санасады да бала ойлауын бір мезгілде ақылды және ақылсыз деп санауға бола ма? деген оғаштықты байқайды.
Пиаже бала ойлауының ақылды және ақылсыз болатындығын қостағанымен, оның себебі жүйелілік пен қисындылыққа байланысты, ол өсіп жетілген сайын ойлауының сипаты жүйеленіп, нәрселер жайындағы ұғымдары қалыптасады дейді.
Бюлер баланың ақыл-ойының дамуынын бастапқы кезеңінен-ақ қарапайым ойлау формалары болады деген идея көтерген-ді. Ол баланың жүйелі ойлауы 3 жаска дейін қалып тасып жетіледі де, бұдан былайғы даму кезеңінде оның ойлауында жаңа қадамдар жасала қоймайды дейді.
Сонымен кейбір мамандар баланың ойлау сипаты ересек адам-дардың ойлауымен қатарласьш қалады деген пікірді қолдаса ал басқа біреулері баланың ойы әлі топас, дамымаған, ол бізбен тең-десе алмайды дейді. Пиаже бұл екі түрлі көзқарасты қатар зерттеп, балалардың ойлауындағы жүйелілік пен қайшылық (логикалық қайшылық) қалайша бірігеді деген жәйтгі анықтауды міндет етіп қойды.
Бала ойлауының жүйелі болуын Пиаже әлеуметгік өмір мен ұштастырады ал, жүйесіз ойлауын ол баланың өзіңдік (ау- тистикалық) ойлауы дейді. Бұл екі жайтқа Пиаженің ілгерідегі қысқаша анықтамасын баяндап бергенбіз. Пиаженің бұл пікірінше бала ойлауының әлеуметтік сипаты сыртқы жағдайға, ортаға байланысты болса, ал жүйесіз ойы баланың өз басына байланысты дейді. Ойлаудың әрекетке айналуы баланың ойыны, суда жүзуімен, үлкен тенниске ойнауымен байланысты деген Уозсонның пікірімен ұштасады. Сөйтіп Пиаженің бала ойлауының сипаты оның ақылымен, іс-әрекетімен байланысты болуы бұл мәселені ғылыми әдіспен зерттеп, бихевиоризмнің тығырынан босатып алады.
Сонымен казіргі буржуазиялық психологияның ойлаудың мән-мағынасы және формалары жайындағы мәселенің тетігін тетігін алмай, тығырыққа тірелу себептерін, түрлі көзқарастардың сыр-сипатына шолу жасап, олардың бағыт-бағдарларын баяндадық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет