4. Шығармашылық топ мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
4.1. Шығармашылық топ мүшелерінің құқықтары
4.1.1. Топ мүшелерінің құқығы бар:
шығармашылық топ жұмысының жоспарын мектепке дейінгі ұйымның жұмыс жоспарына және оның даму бағдарламасына енгізу туралы ұсыныс беруге; мектепке дейінгі ұйым әкімшілігінен шығармашылық топты ғылыми, материалдық т.б. тұрғыда қамсыздандыруды талап етуге; мектепке дейінгі ұйымның шығармашылық топ мүшелерінің және басқа да педагогтарының педагогикалық шығармаларын, инновацияларды апробациялауға, тәжірибеге енгізуге.
4.2. Шығармашылық топ мүшелерінің міндеттері
4.2.1. Шығармашылық топ мүшелері міндетті:
педагогтардың жаңа идеяларымен танысуға, басым идеяларды айқындауға; педагогтар арасында өзара көмекті, өзара оқытуды жүзеге асыруға; ұсынылған идеялардың механизмін, алгоритмін, әдістеме формасында жүзеге асыру жөніндегі шығармашылық үрдісті ұйымдастыруға.
4.3. Шығармашылық топ мүшелерінің жауапкершілігі
4.3.1. Шығармашылық топ мүшелері жауапкершілік алады:
шығармашылық топ құжаттарын дайындау сапалылығына; тәлімгерлік, шығармашылық үрдіс барысын жүйелі қадағалауға; апробация нәтижелерін объективті тұрғыда бақылауға; шығармашылық ізденістер, өзара оқыту жөніндегі жұмыстар нәтижесі туралы әкімшілікті ақпараттандыруға.
5. Шығармашылық топтың құжаттары мен есебі
Шығармашылық топ жетекшісі келесі құжаттардың болуына, мазмұнына, оның жүргізілу мәдениетіне жауапкершілік алады:
шығармашылық топтың жұмыс жоспары; шығармашылық топ отырысының хаттамасы, онда талқыланған мәселелер, құрылған идеялар, нұсқаулар педагогтардың шешімі, сабақ конспектісі, ұсыныстары түрінде тіркеледі. әдістемелік ұсыныстар, нұсқаулар, құралдар шығармашылық топ жұмысының нәтижесіне дәлел болады.
6.Құрамы
2.1. Шығармашылық тобы жетекшісі Д.М.Омирбаева және педагогикалық құрам:
Сураган О. Ботабекова А.К. Тусенова М.К. Альжанова М.Ж. Каржасбекова М.К. Зекенова Б.Ы. Жунусов Н.Ж. Акбаева Б.К. Монтаева А.К. Смагулова Н.К. Абекбаева Ж.Б. Ильяшова Ж.Р. Садирбеков А.Т Рымбаева Н.И. Аметов Д.Ж. Есентаева Н.А. Кошанова М.К.
Достарыңызбен бөлісу: |