Жұқпалы аурумен ауырған малмен жұмыс істеу тәртібі


Инфекциялық ауруларды клиникалық балау әдістері



бет7/7
Дата17.02.2022
өлшемі4.55 Mb.
#455465
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
1 ЗТС

Инфекциялық ауруларды клиникалық балау әдістері

Инфекциялық ауру шықты деп күдiктенгенде, ветеринариялық дәрігердің ең бiрiншi мiндетi – сол шаруашылықта шыққан ауруды дер кезiнде балау. Балау кезiнде екi нәрсеге көңiл бөлген жөн:

  • 1 Жедел уақытта балау керек.
  • 2 Балауда кешендiк әдiстi қолдану қажет.

Сабақтың мақсаты:
  • Инфекциялық ауруларды клиникалық балау әдістерін дұрыс бағалай білуді үйрену

№2 тақырып

Клиникалық балау әдiстерi

Көп жұқпалы аурулар үшiн клиникалық диагноз шешушi болып саналмаса да, кейбiр ауруларда клиникалық белгiлерi пайдалы бағдар бередi.

Мысалы: iрi қара малдың зiлдi қатаральдық қызбасында, құтыру ауруында, эпизоотикалық лимфангит, бұзаутазда клиникалық белгiлерi диагноз қоюға маңызы өте зор болады.

Клиникалық зерттеудi дене қызуын өлшеуден бастайды. Ары қарай малды жiберiп: дене-тұлғасының ұстауына қарай, әртүрлi тiтiркендiргiштердiң әсерiн, азық, су iшуiне, нәжiстiң түрiне, нәжiс және несеп шығару ерекшелiктерiне назар аудару қажет. Кейiн әртүрлi мүше және жүйелерiн зерттеу кестесiне кiрiседi.

Жұқпалы аурулардың клиникалық белгiлерi көптеген факторлармен: қоздырушының түрi мен мекендейтiн жерi, аурудың кезеңi мен көрiнiс формасынан, организмнiң төзiмдiлiгiмен және басқа көп себептермен байланысты.

Жануарларда клиникалық тексеру жалпы, арнаулы және зертханалық әдiстердi пайдаланып жүргiзiледi.

Жалпы әдістер: Тiркеу, анамнез, қарау және бақылау, дененiң ыстығын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация.

Жалпы әдістер: Тiркеу, анамнез, қарау және бақылау, дененiң ыстығын тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация.

  • - Тіркеу мәлметтерін нақтылағаннан кейін ветеринариялық дәрігер анамнездік деректерді біріктіріп, індеттік жағдайды анықтауға назар аударады. Ол үшін, шаруашылықтың және оның маңайындағы жайылым және шабындық алқабтарының орналасуын, сумен қамтамасыздандыру, малдың күтімі және қоражайларының жағдайын, жануарлар қашан және қандай вакциналармен егілді, аллергиялық және серологиялық зерттеулерден өтті және олардың нәтижелері қандай болғанын анықтау керек.
  • - Анамнездік деректерді жинағаннан кейін ветеринариялық дәрігер малды клиникалық зерттеуге кіріседі.
  • Зерттеу барысында жануардың сыртқы көрнісіне, тері жамылғысының, тері асты шелінің жағдайына назар аударып, беткейлі орналасқан лимфа түйіндерін, көзге көрінетін кілегеі қабықтарын қарап, малдың температурасын өлшейді. Кейіннен тыныс алу жүйесін, жүрек-қантамыр жүйесін, асқорыту жүйесін және т.б. зерттеуге кіріседі.

Арнаулы әдiстер: зондтау, катетерлеу, эндоскоптау, УЗИ, рентгеноскопия, графикалық әдiстер (ЭКГ, ринография, пневмография, гастрография, сфимография, флегмография)

.

Аурудың клиникалық түрлерi: әдеттегi, әдеттегiден тыс, аса жiтi, жiтiден төмен, созылмалы, үзiктi, зiлдi, зiлсiз, орны шектелген, жайылған тағы басқа. Аурудың айтылған түрлерiн айқындаудың емдеу үшiн маңызы аса зор. Сонымен қатар зерттеу барысында аурудың инкубациялық кезеңін, ағымын және өту түрін ескеру қажет. Әрбiр жағдайда жұқпалы аурудың клиникалық белгiлерi жануарларда өзгерiп отырады. Бұл әр-түрлi факторлармен: қоздырушылардың түрi мен олардың енген жерiнен, аурудың өту ағымы және формасынан, аурудың сатысынан, организмнiң төзiмдiлiгiне байланысты. Барлық жиналған мәлметтерді ауру тарихына енгізу қажет.



Зертханалық әдiстер: қанның, несептiң, нәжiстiң тағы басқа анализдерi

Пайдаланылған әдебиет

1. Сайдулдин Т. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары. Алматы. 2015 ж.

2. Байкадамова Г.А. Індеттану және iндетті аурулар. Оқу құралы. Алматы, 2015 ж.

  • ҚР Ветеринариялық заңнамасы, 2004 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет