Жүрек – қан айналу жүйесі аурулары Тақырыбы: Ревматизм



бет2/3
Дата15.05.2024
өлшемі19.91 Kb.
#501232
1   2   3
Дәріс № 10 Ревматизм

Классификациясы:Ревматизмді жіктегенде (классификациясында) төрт жағдайға көңіл аударады:
1.Аурудың даму фазасы
2.Клиникалы-анатомиялық сипаттамасы
3.Жүрек-тамыр жүйесінің функциональды күйі.
4.Ауру барысының ерекшеліктері.
Аурудың дамуында екі фаза болады: активті және активті емес. Активті фазада ауру клиникасында ревматизмге тән қабыну белгілері айқын күйде болады. Активті емес фазада қабыну белгілері болмайды.
Аурудың барысында бес түрін ажыратады:
1.Жедел.
2.Жеделден бәсең (қаталдау)
3.Созылмалы солғын
4.Үздіксіз-қайталама
5.Латентті, бүркемелі.
Жедел барысында ауру кенет басталады, белгілері өте айқын, активтілігі өте жоғары дәрежеде болады және көптеген ағзалар бірден зақымданады. Емнің нәтижесінде ауру тез сауығады.
Ревматизмнің жедел бәсең (қаталдау) барысында белгілері көмескілеу болады, олардың ұзақтығы 3-6 айға созылады. Аурудың активтігі онша жоғары болмайды.
Аурудың созылмалы барысы 6 айдан көбірек созылады, көбіне бір ағза зақымданады, аурудың активтігі төмен, белгілері солғын болады.
Аурудың үздіксіз-қайталама барысында ауру бір өршіп, бір басылып отырады. Ауру басылғанда қабынудың белгілері толық жойылып кетпейді. Ауру полисиндромды болады, ағзалардың зақымдануы тұрақты түрде үдеп отырады.
Аурудың бүркемелі барысында ауру клиникасында ревматизм белгілері болмайды. Ревматизм диагнозы кейін жүрек ақауларының белгілері пайда болғанда ғана қойылады.
Клиникасы. Ревматизм барлық органдар мен жүйелерді зақымдайды.Оның ішінде жиі зақымданатындары жүрек-тамыр жүйесі және тірек-қимыл ағзалары.
Ревматизмдік полиартриттің негізі- жедел синовит. Ол көбіне буын айналасы тканьдердің экссудативті қабынуымен қосалқы кездеседі. Ревматизмдік полиартритке тән шағымдар: үлкен буындардың өте қатты ауыруы, бұл буындарда қимылдың азаюы, қызу көтерілу, көп терлеу.
Ревматизмдік полиартрит ревматизмнің басқа түрлері сияқты кейбір стрептакоккауруынан 1-2 аптадан кейін басталады. Стрептакокк инфекциясы мен ревматизм бастамасының аралығындағы бұл уақыт организмге иммундық өзгерістер туу үшін қажет. Ревматизмге әр буынның қабынуы бір аптаға созылады, ал жалпы ревматизмге тән синдром 2-3 аптаға созылады. Ревматизмдегі буын зақымдану ерекшеліктеріне қабыну процесінің көшпелілігі, симметриялы буындардың зақымданатыны, қабынудың залалсыздығы және ревматизмге қарсы қолданылатын емнің тез әсер етуі жатады.
Ауырған буынды қараған кезде қабынуға тән барлық белгіні көруге болады: буын ісінген, оның терісі қызарған, буын терісінің қызуы жоғары болады, өте қатты ауыратындықтан, буында қимыл азайған. Ревматизмдік полиартрит өзінен кейін буын тұсында ешқандай өзгерістер (деформация т.б.) қалдырмайды.
Ревмокардит- дегеніміз ревматизм ауруындағы жүректің бір немесе барлық қабаттарының қабынуы. Миокард пен эндокардтың бір мезгілде қабынуы – эндомиокардит деп аталады.
Емі: қозғалмай жату, диета сақтау. Глюкокортикоидтық гормондар (преднизолон, триамсинолон), стероидтық емес қабынуды басатын препараттар (вольтарен, индолитацин) және холин туындыларын (делагил, плаквенил) қабылдау; курорт, санаторийлерде емделу қажет. Ревматизмнің қайталануын тоқтату үшін бициллинмен емдейді, суықтан сақтану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет