Жүрек – қан айналу жүйесі аурулары Тақырыбы: Ревматизм



бет3/3
Дата15.05.2024
өлшемі19.91 Kb.
#501232
1   2   3
Дәріс № 10 Ревматизм

Жүрек ревматизмі


Жүректің ревматизммен зақымдану түрлеріне ревматизмдік миокардит, эндокардит, перикардит және панкардит жатады.
Ревматизмде миокардтың қабынуы 100 % жағдайда кездеседі.Ревматизмдік миокардит жайылма және түйінді, алғашқы және қайталама болып бөлінеді.
Ревматизмдік миокардит белгілері жалпы миокардитке тән белгілерден және ревматизмге тән белгілерден тұрады.
Жалпы миокардитке тән белгілерге: жүрек шамасыздығына тән белгілер, жүрек ишемиясына тән белгілер және аритмия белгілері жатады.
Ревматизмге тән белгілер:
1.Аурудың стрептакокк инфекциясымен байланысы барлығы және стрептакокк ауруы мен ревматизм бастамасының арасында бүркемелі кезең болуы.
2. Ауру клиникасында полисиндромдық белгілер басым болуы, басқа ағзаларға қарағанда жүрек-тамыр және тірек-қимыл ағзаларының зақымдануы анағұрлым жиі кездеседі. Олардан кейінгі орындарда нерв жүйесінің, терінің және клегей қабықтардың зақымдануы алады.
3. Ауру барысының белгілі бір түрлері болуы.
4. Ауру клиникасында ревматизмнің нң басты белгілерінің болуы:
а) зарарсыз көшпелі полиартрит,
б) жүректің барлық қабықтарының зақымдануы (кардит),
в) хорея,
д) ревматизм түйіндері,
5. Зақымданған ағза жағынан ревматизмге тән белгілердің болуы,
6. Дерттің қайталауға және асқынуға бейімділігі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет