ЖҮрек жетіспеушілігі жайлы негізгі деректер


Дәрі – дәрмектерді қабылдау маңыздылығы



бет2/3
Дата15.06.2016
өлшемі221 Kb.
#137739
1   2   3

Дәрі – дәрмектерді қабылдау маңыздылығы

Неге дәрі–дәрмектерді қабылдау маңызды?

Емделуден жақсы әсер алу үшін дәрі – дәрмектерді міндетті түрде қабылдау қажет.

Мүмкін, дәрігеріңіз Сізге жүрек жетіспеушілігінің терапиясы үшін бір күнде, әр түрлі уақыттарда қабылдайтын препараттар тағайындады делік. Төменде Сізге дәрі қабылдауды ұмытпау үшін бірнеше маңызды кеңестер берілген.


  • Плакатқа сурет салып, оған дәрінің атын, қай мезгілде, қай уақыттарда қабылдау керектігін жазып, қабырғаға іліп қойыңыз.

  • Аптаның күндері мен уақыты жазылған қорапша (басқаша, дозаторлар деп аталады) сатып алыңыз. Дәрі қабылдауды ұмытпау үшін қорапшаны апта басында толтырыңыз. Отбасы мүшесінен немесе медбикеден қорапшада дәрі дұрыс толтырылғанын тексертіңіз.

Егер дәріні бекітілген уақытта қабылдау керек болса, қоңырауға қойып қойыңыз (ұялы телефоныңызда оятқыш қызметін қолданған ыңғайлы).

  • Туыстарыңызға немесе достарыңызға дәрі қабылдап жүрген уақыт кестесін айтқаныңыз жөн, олар Сіздің есіңізге түсіріп тұрады.

  • Дәрі қабылдау әдетке айналсын десеңіз күн тәртібіне қойыңыз. Мысалы, тіс жуардың алдында, таңертеңгілік ас немесе түскі ас алдында дәрі қабылдаңыз.

  • Егер үйіңізден алыс шыққалы жатсаңыз, қабылдау уақытын жіберіп алмас үшін дәрілеріңізді өзіңізбен бірге алыңыз.

  • Демалысқа шығып жатсаңыз, дәрілеріңіздің артық мөлшерін алып жүріңіз. Әрқашан қол жетімді жерде ұстаңыз.

  • Дәрілеріңіз таусылып қалмас үшін, алдын ала тапсырыс беріп алыңыз.

  • Егер дәрі қабылдау жағынан қиындықтар туындаса, фармацевтпен немесе емдеуші дәрігеріңізбен ақылдасыңыз.

  • Егер Сіз үйден шыға алмасаңыз және дәрілерді қабылдауды дұрыс ұйымдастыра алмасаңыз, емдеу дәрігеріңізден көмек сұрасаңыз болады. Ол үйіңізге медбике жіберіп, дәрілеріңізді дозаторға орналастыруға жағдай жасайды. Егер Сіз өз бетіңізбен қозғала алмасаңыз, медбикені мүмкіндігінше күнделікті шақыруыңызға болады.


Басқа рецептісіз және рецептпен шығарылатын препараттар.

Дәрігер жазып берген кейбір дәрілер, Сіз қабылдап жатқан дәрілермен әсерлесіп, жанама әсерлер беруі мүмкін. Рецептісіз берілетін кейбір дәрілер де жүрек жетіспеушілігінде қабылданатын дәрілермен әсерлесуі мүмкін. Рецептісіз немесе рецептпен шығарылатын дәрілерді қабылдаудан бұрын өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесуіңізді естен шығармағаныңыз дұрыс.

Емдеуші дәрігеріңізге немесе фармацевтке дәрілер жайлы қоятын сұрақтарыңыз.


  • Бұл препараттың қандай жанама әсерлері бар?

  • Жанама әсерлерін төмендету үшін не істеуге болады?

  • Дәрінің келесі қабылдау уақытын ұмытып кеткен жағдайда не болады?

  • Бұл препараттарды қабылдап жатқан кезімде кейбір азық – түліктерді, сусындарды шектеймін бе?

  • Қандай күн мезгілінде (мысалы, таңертең немесе кешке) маған бұл дәрілерді қабылдау тиімді?


Халық медицинасы сияқты басқа да альтернативті ем бар ма?

Мүмкін Сіз халық медицинасы, емдік шөптер, альтернативті емделу туралы жақсы пікірлер оқыған шығарсыз. Бірақ бұл емдік заттардың жүрек жетіспеушілігінде көрсететін нақты әсеріне медициналық кепілдік жоқ. Керісінше, дәрігердің жүрек жетіспеушілігіне жазып берген дәрілерін шөптердің құрамындағы кейбір ингредиенттері әсерін жойып, жанама әсер көрсетуі мүмкін.

Төменде, жүрек жетіспеушілігі дәрілерінің әсеріне кедергі келтіретін кең таралған табиғи немесе альтернативті заттардың бірнешеуі:


  • Эфедра (ма хуанг)

  • Эфедриннің адам ағзасындағы қайта өңдеуден өткен өнімдері

  • Қытай шөптері

  • Долана тұндырмасы

  • Сарымсақ

  • Женьшень

  • Гингко

  • Кофермент Q-10

Альтернативті емдік заттарды, шөптерді, халық медицинасының емдік заттарын қабылдау алдында өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен, медбикемен немесе фармацевтпен міндетті түрде кеңесіңіз.
Құрылғылар (имплантталатын құрылғылар)

Егер Сізде аритмия немесе электрлік импульстер жүректен дұрыс өтпесе, емдеуші дәрігеріңіз Сіздің жүрегіңізге қосымша қолдау көрсету керек екенін ескертеді. Қазіргі кезде Сіздің жүрегіңіздің жақсы жұмыс жасауына және\немесе оның дұрыс соғуына әсер етеін ауырлықсыз электрлік импульстер жіберетін жоғарғы технологиялы құрылғылар бар. Бұл құрылғылар симптомдарды басумен қатар, ұзақ өмір сүруге септігін тигізеді.

Құрылғылар үнемі жаңарып отырады: көлемі кішірейген, әсері жоғарылаған, қуаты ұзақ уақытқа сақталған. Бұл құрылғыларды жергілікті жансыздандырып, бұғана астына салады, сондықтан олар қатты көрініп тұрмайды. Құрылғылардың көбісі амбулаторлы жағдайда кезеңді түрде ауыстырылып (жылына 1 рет) отырады.

Кейбір заманауи имплант құрылғылар электрлік импульстерді жіберумен қатар, дәрігерге науқастың медициналық көрсеткіштерін алыстан бақылауға көмек беріп тұрады. Байланыс кәдімгі телефон арқылы немесе сымсыз жүйе арқылы орнатылады. Осы көрсеткіштер көмегімен емдеуші дәрігеріңіз Сіздің жағдайыңыз туралы біліп, асқынулардың алдын алып отырады.


Хирургиялық араласулар.

Көптеген жағдайда, жүрек жетіспеушілігіне арналған, дұрыс таңдалған препараттар науқастарды ұзақ жыл өмір сапасын қанағаттанарлық жағдайда ұстап тұрады. Бірақ, кейде жүрекке операция керек жағдайлар да болып қалады. Хирургиялық операция жүрек жетіспеушілігі бар науқастардың жағдайын жақсартады, бірақ операциялар пайда әкелумен қатар, үлкен қауіппен бірге жүреді. Жүрекке жасалатын радикальді хирургиялық араласулар әрқашан белгілі бір үлкен қауіппен байланысты болады.

Сіздің жағдайыңызды жақсартатын хирургиялық операцияларға тәж артерияларын шунттау, жүрек қақпақшаларын протездеу және жүрек қондыру жатады. Бұл операциялар соңғы кездері медицинаның өрлеуіне байланысты кең таралды. Бірақ, жүрекке сәтті жасалған операцияның өзі, жүрек жетіспеушілігіне арналған препараттарды қабылдаудың маңызын төмендетпейді.
Дәрігерге қойылатын сұрақтарыңыз

Дәрігер алдына келгенде өзіңізді мазалап жүрген сұрақтарыңызды, жүрек жетіспеушілігінің емі жайлы бүкіл анықтаманы алуды ұмытпаңыз.


Жүрек жетіспеушілігін бақылауға алу үшін не істеуіңіз керек.

30 жыл бұрын жүрек жетіспеушілігін тек қана медициналық заттармен емдеген. Басқа сөзбен айтқанда, басты рөлде дәрігер тұрды. Ал қазіргі кезде жүрек ауруын бақылауда ұстап тұратын ең жақсы әдіс, медициналық ем мен салауатты өмір салтын бірге байланыстыру. Сондықтан, дәрігердің ақыл - кеңесін тыңдап, өзіңіздің өмір салтыңызды өзгерту үшін, барлық мүмкіндігіңізді пайдаланғаныңыз жөн: өйткені ол Сіздегі жүрек жетіспеушілік симптомдарын азайтады және оның өршуін болдыртпайды.

Бұл тарауда біз Сіздерге жүрек жетіспеушілігімен қалай күресуге болатынын айтамыз. Ең қарапайым өмір салтын ұстау (мысалы, күнделікті серуендеу, тағамдағы тұз мөлшерін бақылау, салмақ өлшеп тұру) Сіздің жалпы жағдайыңызға оң әсер беріп, аурудың белгілерін әлдеқайда төмендетеді.
Өмір салтын өзгерту

Жүрек жетіспеушілігі — бұл созылмалы ауру. Яғни, ұзақ уақыт емді қажет етеді деген сөз. Жүрек жетіспеушілігі мен жүрек - қантамыр ауруларын бақылауға алу үшін өмір салтыңызды өзгертуге дайын болыңыз.

Дәрігер Сізге жүрек жетіспеушілігінен ем жазып бергенімен, емнен барынша пайда алу үшін, өзіңіздің өмір салтынызды, яғни тамақтануды, физикалық белсенділік дәрежесін, темекі тарту, алкоголь қабылдауды өзгертуге тура келеді .

Бұл тарауда аталған өмір салтын құрайтын әрекеттердің жүрек жетіспеушілігіне қалай алып келетінін және олардың Сіздің ағзаңызға кері әсерін төмендету үшін қалай күресу керектігі айтылады.


Тамақтануды өзгерту.

Мүмкін Сіз өзіңізді сапалы тағам қабылдап жүрмін деп ойлайтын шығарсыз. Бірақ сізге көптеген тағам құрамын өзгертуге тура келеді: тұз, май, алкоголь. Дәрігер Сізді диетологқа жіберуі мүмкін, ол Сізбен жұмыс жасай отырып, өзіңізге жеке тамақтану тәртібін жасап шығарады. Бұл әрекет жағдайыңызды жақсартып, жүрек жетіспеушілігін бақылауда ұстап тұруға көмектеседі.


Дене салмағын қалай дұрыс қадағалау қажет

Жүрек жетіспеушілігі көп жағдайда дене салмағының өзгеруімен қатар жүреді. Бұл өзгерістер денсаулығыңызға өзгерістер әкелуі мүмкін, сондықтан, оны қадағалап отыру керек.


Салмақ жоғалту

Егер Сіз аз уақыт аралығында салмағыңызды ешқандай күштемесіз тез жоғалтсаңыз, бұл жағымсыз симптом болуы мүмкін. Бұл жағдай Сіздің қажетті калория қабылдамауыңыздан немесе жүрек жетіспеушілігі немесе физикалық белсенділіктің жоқтығынан бұлшықет массасының азаюын білдіреді. Сонымен қатар, мұндай жағдай зәр айдағыш заттарды көп қабылдаудан да болады. Салмағыңыз күрт төмендесе дәрігерге немесе медбикеге хабарласуды ұмытпаңыз. Бұлшық ет массасының азаюы ісіну кездерінде байқалмауы мүмкін, өйткені дене салмағы өзгермей сол қалпында қалады.

Егер Сіз салмағыңызды тез жоғалтып жатсаңыз және оны қалпына келтіре алмай жатсаңыз, дәрігеріңіз немесе диетолог, Сізге арнайы жоғары калориялы, жоғарғы белокты жеке тамақтану тәртібін ұйымдастыруға кеңес береді. Сонымен қатар, тағам мөлшерін азайтып, жиі қабылдасаңыз да пайдасын тигізеді.
Салмақ қосу

Кенеттен салмақ қосу ісінумен немесе артық тағам қабылдаумен түсіндіріледі.

Ісінуден болған салмақ қосу жүрекке күштемені ұлғайтады, жүрек қандағы артық сұйықтықты айдау үшін қосымша күш жұмсайды. Ісіну кезінде адамдар өте жылдам түрде салмақ қоса бастайды. Бұл проблема туралы өзіңіздің емдеуші дәрігеріңізбен немесе медбикемен кеңесіңіз, себебі, жағдайыңыздың нашарлауына алып келуі мүмкін.

Артық тамақ қабылдаудан болған салмақ қосуда да, жүрекке артық күш түседі, себебі, көптеген тіндерді оттекпен қамтамасыз етіп отыру қажет. Яғни, бұл жүректің күнделікті адам жасайтын әрекеттеріне көп күш жұмсауына тура келеді деген сөз. Артық тамақ қабылдаудан болған салмақ қосу әдетте баяу дамиды. Осындай жолмен де салмақты тез арада қосу – өз жағдайыңызға кері әсерін тигізіп, аурудың белгілерінің тез білінуіне жағдай жасайды. Өзіңіздің тамақтану тәртібіңізді медбикемен немесе диетологпен кеңесе отырып, жүрекке артық күш түсірмеу үшін өзіңізге қандай диета жағатынын, қандай жаттығулар жасау керектігін біліңіз.


Денеге салмақ қосуды бағалау

Дене салмағыңызды бағалау үшін, күнделікті өлшеніп тұрыңыз. (белгілі бір уақытта жасап тұрған жөн, мысалы, таңертең, пижамада, дәретке барар алдында). Сонда дәрігеріңіз салмағыңыздың өзгерісін бірден байқайды. Мүмкін, Сізге зәр айдағыш заттардың мөлшерін өзгерту керек болар.


Тұзды қолдану

Жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастар үшін ас тұзын қолдануды төмендету өте маңызды. Тұз адам ағзасына керек, бірақ аз ғана мөлшерде. Табиғи тұз көптеген азық-түлік құрамында бар, сондықтан тамаққа 2-3 г артық тұз қолданбауға тырысыңыз.


Неліктен?

Адам ағзасы жүрек жетіспеушілігі салдарынан артық су мен тұзды нашар шығарады. Сондықтан денеде сұйықтық жиналады. Артық сұйықтық алақан, табан, асқазанның ісінуіне және артық салмаққа алып келеді. Сонымен қатар, бұл сұйықтық өкпеде іркіліп, Сізде ентігу пайда болады. Артық сұйықтық қан көлемін ұлғайтады. Ал оны бүкіл денеге айдау үшін жүрекке жүктеме арта түседі. Сонымен қатар, тұзды тағамнан кейін ағза суды көп мөлшерде қажет етеді.


Қалай?

  • Жеміс жидек және көкөністерді көп жеуге тырысыңыз, етті басқа тағамдармен (мысалы соя ақуызымен) алмастырыңыз, табиғи тамақтануға тырысыңыз, қанықпаған май қышқылдарын (мысалы, бадам майы), ботқа, балық қабылдаңыз.

  • Тамағыңыздың иісі аңқыған болуы үшін оған әр түрлі көк шөптерді, дәмдеуіш және жеміс жидек шырынын (лимон шырыны, лайм) қосыңыз.

  • Тағамға көп тұз салып жібермеу үшін оның ыдысын үстелге қоймаңыз

  • Құрамында тұзы көп дайын азық түліктерден аулақ болыңыз. Мысалы, жартылай фабрикат, консервіленген көкөністер, сыр, шұжық тағамдары, құрғақ тамақ, нан, қызанақтың қайта өңделген өнімдері (мысалы, кетчуп, томат шырыны және т.б.) әртүрлі соустар. Осындай азық түлік құрамындағы тұз мөлшерін бақылап және этикеткаларында жазылған ақпаратқа үнемі қарап жүріңіз.

  • Азық түліктердің құрамындағы тұз мөлшерін білу үшін әрқашан олардың этикеткасына қараңыз.

  • Егер үйден бөлек жерде тамақтансаңыз, тағамдарды таңдап жеуге көңіл бөліңіз.

Сізде ісінулер болмаса немесе зәр айдайтын заттарды қабылдап жүргеніңіздің өзінде, тұзды қолдануды шектегеніңіз дұрыс, өйткені ол денсаулығыңызға пайдалы. Сонымен қатар еміңізге де нәтижелі әсерін тигізеді. Жүрек ауруларының алдын алу үшін тұздылығы төмен емдәм үлкен рөл ойнайтыны дәлелденген. Сізбен бірге тамақтанатын немесе азық-түлік алуға өзіңізбен бірге баратын жақындарыңыз және достарыңыз тұзды аз мөлшерде қолдана бастағаннан тек қана ұтады.
Сұйықтықты қолдану

Қолданатын сұйықтықтың мөлшерін бақылау неліктен маңызды?

Су мен тұздың ағзаға жинақталуының нәтижесінде қан құрамындағы сұйықтық мөлшері ұлғаяды. Артық сұйықтық қан көлемін ұлғайтады, ал оны бүкіл денеге айдау үшін жүрекке күштеме арта түседі. Өкпеде жиналған артық сұйықтық тыныс алудың қиындауына, ал асқазанға жиналса, астың қорытылуының қиындауына алып келеді немесе кейде аяқтарында жиналады.


Сұйықтық деңгейін қалай бақылаймыз?

Дәрігер Сізге ағзадағы артық сұйықтықтарды шығару үшін зәр айдағыш препараттар тағайындайды. Бірақ та, абай болыңыз! Егер де сіз көп мөлшерде сұйықтық қабылдай бастасаңыз, жоғалған сұйықтық тез арада қалпына келеді. Дәрігер мен медбике Сізге күніне қанша мөлшерде сұйықтық қабылдау керек екенін түсіндіреді. Жүрек жетіспеушілігі бар көптеген науқастар үшін ол 1,5–2 л құрайды. Егер Сізге сұйықтықты қолдануды шектесе, онда Сіз күніне су, шырын, мұз бөлшектері, сүт, кофе, сорпа, шай және газдалған сусындар сияқты сұйықтықтарды 1,5–2 л артық ішпеуіңіз керек.


Қабылданатын сұйықтық мөлшерін төмендету үшін берілетін кеңестер:

  • ожаумен ішпеңіз, кішкене кеселермен ішіңіз;

  • сізге тағайындалған сұйықтық мөлшерін бір күнге бөліп қойыңыз;

  • өте суық және өте ыстық сұйықтықтарды ішіңіз, ол су ішу уақытын ұзартады;

  • егер күн ыстық немесе Сізде жоғары температура, іш өту болса қосымша 100–300 мл су ішіңіз.

Қатты шөлдегенде не істеу керек:

  • мұз бөлшегін сорыңыз;

  • құрамында кофеин бар сусындарды шектеңіз (бұған кофе, шай және газдалған сусындар жатады);

  • алкогольді ішімдіктерді шектеңіз;

  • сағыз шайнаңыз;

  • мұздатылған жеміс жидектер жеңіз;

  • минералды су және шайға лимон шырынын қосыңыз.


Алкогольді ішімдіктер

Алкогольдің аз ғана мөлшері жүрек бұлшықеттерін босаңсытады, пульсті баяулатады және қан қысымын төмендетеді. Кейде осы мөлшері жүректің ишемиялық ауруларының алдын алуы мүмкін. Бірақ, жүрек жетіспеушілігі кезінде алкогольді асыра қолдану, жүрек жиырылуының жиіленуіне және қан қысымының жоғарылауына, ал ұзақ уақыт қолдану жүректің зақымдануына алып келеді. Денсаулығыңызға зиян келтірмейтін алкоголь мөлшерін Сізге дәрігер айтады. Әдетте, күніне 1-2 сусыннан артық ішуге мүмкіндігінше шек қою қажет (1 сусын бұл бір стакан пиво немесе бокал вино). Айқын жүрек жетіспеушілігі кезінде дәрігер толығымен алкогольді қабылдауға тыйым салады.

Күнделікті қабылданатын су мөлшерін есептегенде алкогольді ішімдіктерді де есепке алу керек.
Калий

Калий - ағза функциясына қажетті негізгі минерал. Керекті калий мөлшері көбінесе азық-түліктердің құрамында болады. Егер Сізде жүрек жетіспеушілігі болса және зәр айдағыш препараттар қабылдасаңыз, Сіздің ағзаңыз қажетті калий мөлшерін жоғалтады. Бұндай жағдай болмау үшін, дәрігер Сізге басқа зәр айдайтын препараттар немесе басқа дәрілер тағайындайды. Егер Сіз зәр айдайтын препараттар қолдансаңыз, Сізге калийге бай тағамдар қабылдауға кеңес беріледі.

Калийге бай тағамдар:


  • Банан

  • Апельсин

  • Қара алхоры

  • Соя бұршақтары

  • Қауын

  • Балық

  • Картоп

  • Өрік

  • Жүзім

Егер, Сіз тағамға көп мөлшерде тұз қолдансаңыз ағзаңыздағы натрий мөлшері көбейеді, калий жоғалады, сондықтан төмен тұздылықты диета ұстау өте маңызды.
Майлар мен холестерин.

Майларды қолдануды шектеу (әсіресе қаныққан) – дұрыс тамақтанудың маңызды бөлігі.


Неліктен?

Егер өте көп майлы тағам қолдансаңыз, қан құрамында майлар және холестерин жоғарылайды. Қан құрамындағы холестериннің жоғарғы деңгейі жүректің ишемиялық ауруымен тығыз байланысты. Миокард инфаркті және жүрек жетіспеушілігі ЖИА асқынулары болып табылады. Сонымен қатар, құрамында май деңгейі жоғары азық-түліктер жоғары калориялы болып келеді, сондықтан салмақ қосуға үлесін тигізеді.


Қалайша?

Егер Сіз диетолог-дәрігерге барсаңыз, ол лайықты диета түрін таңдап беруге көмектеседі. Сіздің рационыңызда жеміс - жидек және көкөніс, балық, құс еті, майсыз ет, ет алмастырушы (мысалы соя) және қанықпаған майлар ену керек. Өнімдердің этикеткасын оқу – өте пайдалы әдет. Өйткені онда өнімдер құрамында не бар екендігі және оның мөлшері жазылады.

Құрамында қаныққан майлар жоғары мөлшерде болатын (сүт өнімдері және қызыл ет) өнімдерден алшақ болу керек. Қабылдайтын тағамдарыңызда жұмыртқа сарыуызы және басқа да мал өнімдерінен жасалған тағамдарды шектеу арқылы қанда холестерин деңгейін азайтуға болады.
Қант диабетімен сырқаттанатын науқастарға ұсынылатын емдәм.

Қант диабеті жүрек жетіспеушілігімен қатар жүреді. Кез келген жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын үшінші ауқас қант диабетімен сырқаттанады. Бұл науқастар инсулин мен емдәм көмегімен емделуде. Жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын науқастар үнемі қандағы қант деңгейін бақылап отыруы қажет. Қанттың жоғарғы әсері жүрек қызметіне кері әсерін тигізеді(тікелей немесе жанама әсер). Жүрек жетіспеушілігі мен қант диабеті бірге жүретін науқасқа диетологтың, дәрігердің немесе медбикенің тағайындауын орындаған маңызды.


Жаттығу мен физикалық белсену.

Жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын науқастарға негізінен әлсіз физикалық белсенудің барлық түрі пайдалы. Жаттығулар олардың жалпы жағдайын жақсартады.


Неге?

Физикалық белсенділік жүректің «өндірістік» қызметін жоғарылатады, жүктемені төмендетіп, жүректің соғуын әсерлендіреді. Бұл аурудың симптомдарын жеңілдетеді.


Қалай?

Ең алдымен, жаттығуларды орындамас бұрын өзіңіздің дәрігеріңізден кеңес алу керек. Жүрекке бірден жоғарғы жүктеме түсіруге болмайды. Дәрігер немесе медбике Сізге жаттығудың қай түрін қолдануға болмайтындығын айтады. Егер, Сізде мүмкіндік болып жатса, жақын жердегі жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын науқастар реабилитациясына байланысып, олардан физикалық белсенділіктің мөлшері жөнінде бағдарламалары бар ма, сұрастырыңыз.

Өзіңізге ұнаған физикалық жаттығу түрін таңдаңыз. Себебі, бұл Сіздің үнемі жаттығумен шұғылдануыңызды қамтамасыз етеді. Бір біріңізге көмек беру мақсатында, жаттығу кезінде өзіңізге серіктес тапқаныңыз ыңғайлы. Дұрысы қай жаттығуды орындап, қай жаттығуды орындамаған дұрыс екенін түсінгеніңіз. Мысалы, жүрек жетіспеушілігінің пайда болуы алдында, бұрын соңды қорыққаннан немесе ұнатпағаннан жүгірмеген болсаңыз, онда спорттың бұл түрін орындай алмайсыз, ал егер Сіз жаяу жүргенді немесе жүзгенді ұнатсаңыз физикалық жаттығудың осы түрімен айналысыңыз.

Жаттығудың алдында әрдайым ширығып алыңыз, ал соңына қарай керілулер жасасаңыз болады. Денсаулығыңызға зияны тимейтіндей етіп жасауын жаттықтырушы көрсетеді. Егер дала желді немесе суық болса, онда жаттығуды үйден шықпай жасағаныңыз дұрыс. Физикалық жаттығу алдында бірнеше минут айнала жүріңіз, сонда жаттығуды жасауыңыз жеңіл болады.

Жаттығуды жаяу жүруден бастағаныңыз жөн. Күнделікті жаяу жүруге дағдыланыңыз, өзіңіз газетті қораптан алуға, автобуста бір аялдама ерте түсіп қалып, жаяу жүріп баруға дағдыланыңыз. Егер, Сіз әрдайым жаяу жүріп, физикалық жаттығулыр жасап жүрсеңіз, велосипед теуіп, жүзуге қатысуға тырысыңыз. Күшіңіз мен шыдамыңызға қарай біртіндеп қашықтықты ұзартыңыз.

Жақсы ереже: жаттығу жасау кезінде сөйлеуге мүмкіндік болу керек. Егер, жаттығу кезінде сөйлеуге мүмкіндік болмаса, бұл Сіздің жүктемеңіздің тым жоғары екенін көрсетеді. Егер Сізде суық тер, жүрек айну, жүрек тұсындағы ауыру сезімі, бас айналу, тұншығу басталса тез арада жаттығуды тоқтатыңыз. Ал, егер осы симптомдар жойылмаса, дәрігеріңізбен хабарласыңыз. Тамақ қабылдағаннан кейін үзіліссіз спортпен айналысуға болмайды. Жаттығу жасауды тамақтанудан бір екі сағат кейін жоспарлаңыз. Жүрек жетіспеушілігімен сырқаттанатын көп науқастар, кішкентай баланы қолына ала алмайтындығын айтып шағымданады. Тыныс алуыңызға қиындық тудыратын іс қимылдан аулақ болыңыз. Егер Сіз немереңізді қолыңызда көтере алмасаңыз, аяғыңызға отырғызыңыз.
Темекі шегу.

Темекінің құрамында қандағы оттегінің тасымалдануына кері әсер ететін монооксид қышқылы болады. Ағзаның оттегіге қамдана алмауынан жүрек қатты жұмыс жасайды. Темекіні қолдану қан тамырлар қабырғасына майлардың жиналуына, тамыр тарылуына әкеле отырып, қан қысымын жоғарылатады. Темекі шегуді тоқтату еш уақытта кеш болмайды. Темекіні тоқтату жүрекке жағымды әсер етеді. Әртүрлі әдіс тәсілдер бар. Көмек сұраудан ұялмаңыз. Арнайы қолдау топтары мен басқада қолдау топтары бар. Сіз үшін барлық кеңестер пайдалы болуы мүмкін. Алайда, Сіз өзіңізге сенімді болыңыз. Және Сіз темекі тастаудың әдісін қарастырыңыз.


Ең көп таралған әдіс тәсілдерді қарастырайық:

  • Темекіден бас тартқан кезде жеңілдету үшін никотинді пластер, сағыз, ингаляторлар және дәрілік препараттар қолданыңыз. Дәрігерге қаралып кеңестер алыңыз.

  • Соңғы кезде темекіден бас тартуға көмектесетін дәрілер шыққан. Ол туралы өзіңіздің дәрігеріңізден сұраңыз.

  • Күнделікті темекіні азайта отырып, біртіндеп тастаңыз.

  • Тамақтан кейін темекі шегудің орнын тіс жуу мен алмастырыңыз

  • Темекіден бастартудың бастапқы сатыларында, темекі шегуге рұқсат етілген жерден аспағаныңыз жөн. Егер Сіздің жұмыс орныңызда темекі шегілетін болса, әріптестеріңізді темекіден бас тартуға үгіттеңіз.

  • Қолдарыңызбен әртүрлі қимылдар жасап қойыңыз: мысалы, қолыңызға скрепка алып,қағазды қыстырыңыз немесе сағыз шайнаңыз

  • Көп қимылдаңыз. Физикалық белсенділік Сіздің көңіл күйіңізді көтеріп, тыныштануға көмектеседі.

  • Күлсалғышқа темекі күлін тастамаңыз. Ол Сіздің барлық уақытта неше темекі щеккеніңізді және тұрып қалған түтін исінің сондай жаман екенін есіңізге түсіреді.


Дәрі қабылдауды қалай ұйымдастырамыз?

Емделуден жақсы нәтиже алу үшін дәрігердің тағайындауларын дұрыс қабылдау маңызды. Дәрілерді қабылдап қана қоймай, оны бақылап, дұрыс орындау қажет. Таблеткаларды қажетті мөлшерде, қажетті жиілікте қабылдағаныңыз жөн. Мысалы, тамаққа дейін не тамақтан кейінгі уақыттарда. Сізге бір күн ішінде қабылдайтын бірнеше дәрілер жазып беруі мүмкін және олар әр түрлі мөлшерде болады. Соны Сіз есіңізде сақтап, уақытымен орындауыңыз қажет. Дәріні қашан қабылдағаныңызды еске салып тұру үшін, дәрі қабылдау кестесін құрғаныңыз жөн. Қабылдап жүргеніңізді дәрігеріңізге көрсету үшін, кестені өзіңізбен алып жүріңіз. Өйткені дәрігер Сізге басқа да дәрілер тағайындаса, осы кестеге жазып өзгерте алады.

Сізге жүрек жетіспеушілігі симптомын жеңілдететін немесе жүрек ырғағын реттейтін имплантты құрылғы орнатқан күннің өзінде Сіз тағайындалған дәрілерді қабылдап жүруіңіз керек. Бұл құрылғыны медикаментозды терапияға қосымша тағайындайды. Сонымен қатар, имплантты үнемі тексертіп отырыңыз. Қабылдап жүрген дәрілеріңізді дәрігеріңізге айтып жүріңіз. Тексеруге барып анализ тапсырып тұрыңыз. Дәрігердің күнделікті тапсырмалары бойынша нұсқауларын орындап жүріңіз. Егер Сіз дәрігердің қабылдауына келсеңіз, келесі қабылдауына жазылып кетіңіз.
Егулер

Жүрек жетіспеушілігі кезінде өзіңізге қамқорлық жасау, алдымен өзіңізді жақсы сезінуге бағытталған. Өзіңізді жақсы сезінудің тағы бір тәсілі, тұмау немесе пневмония секілді инфекция қаупінің төмендеуі. Респираторлы аурулар жүрек жетіспеушілігі бар науқастың жағдайын нашарлатуы мүмкін.

Пневмония мен тұмау кезінде иммунитетті қалыптастыратын қауіпсіз вакциналар қол жетімді. Бұл вакциналарды қолданбас бұрын дәрігер немесе медбикенің кеңесі керек. Егер саяхатқа баратын болсаңыз, турфирма қызметкерлері Сізге саяхаттау алдында екпелер мен дәрілерді ұсынады (мысалы, малярияға қарсы).

Ал егер Сіз антикогулянттар қабылдап жүрсеңіз, дәрігер немесе медбике Сізге екпенің жаңа бағдарламаларын ұсынады, мүмкін оны бекітілген кестеден ертерек жасау керек болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет