ЖҮрек жетіспеушілігі жайлы негізгі деректер


Пульс және артериялық қан қысымын өздігінен қалай өлшеуге болады?



бет3/3
Дата15.06.2016
өлшемі221 Kb.
#137739
1   2   3

Пульс және артериялық қан қысымын өздігінен қалай өлшеуге болады?

Дәрігер Сізге артериялық қан қысымын, жүректің соғу жиілігін үнемі үй жағдайында өлшеп тұруға кеңес береді (әрине, оны Сіз өз еркіңізбен орындауыңызға болады). Бәрібір кез келген жағдайда нақты өлшеуді өзіңіз үйреніп алғаныңыз жөн.


Неге?

Егер Сіз қан қысымы мен пульсті өлшеп жүрсеңіз, денсаулығыңыздың өз бақылауыңызда екенін сезінесіз және жүргізіліп жатқан еміңізге сеніміңіз артады. Егер Сізде пульс пен қан қысымын көрсететін құрастырған жақсы кесте болса, ол дәрігерге де медбикеге де тиімді. Өйткені дәгірерге Сіздің жеке ерекшеліктеріңізге қарай еміңізді реттеуіне көп пайдасын тигізеді.

Сондай ақ, үй тұрмысында өлшенген қан қысымы мен пульс артық уайым туғызуы мүмкін. Дәрігердің ұсынысынан артық қан қысымыңызды жиі өлшемеңіз. Дәрігеріңіз Сіздің қан қысымыңызбен, пульсіңізді өлшеп, жүргізілген емнен кейін қанша болу керектігін өзі айтады.
Қан қысымы мен пульсті қалай өлшейді?

Дәрігер Сізге қандай аппарат сатып алған дұрыс екендігін айтады. Қалыптыда, тұрмыстық жағдайында, электронды тонометр қолданылады. Бұл қарапайым егу және арнайы оқытуды қажет етпейді. Ол апаратты қолдану ережелерін дәрігеріңіз түсіндіреді.

Үй жағдайында пульсті өлшеу өте оңай. Бұған тек, секундтық белгісі бар сағат қажет. Тыныш жер тауып алыңыз. Сізді мазаламайтын бұрышқа отырып, кем дегенде он минуттан кейін (пульс тыныштық күйде жақсы нәтиже береді). Білезіктің ішкі жағынан екі саусақпен жай ғана қысып, пульсті санаңыз. 30 секундта соққыларды санаңыз. Бас бармақпен өлшемеңіз, себебі, бұндай жағдайда артериядағы пульс пен саусақтағы пульсті шатастырып алуыңыз мүмкін. Шыққан санды 2-ге көбейтсеңіз, пульсіңіз анықталады. Ол көбінесе 60–100 рет минутына соққы болады.
Басқа ауруларды бақылау

Жүрек жетіспеушілігі – бұл ұзақ уақыт емдеуді қажет ететін созылмалы ауру. Сізде бір немесе бірнеше созылмалы аурулар болуы мүмкін. Сізге қосымша дәрілер қабылдауға және өмір сүру салтыңызды өзгертуге тура келеді. Жүрек жетіспеушілігіне зиян келтіретін барлық қосымша ауруларды емдеу керек. Бірнеше созылмалы аурулармен өмір сүру оңай емес. Жақсы нәтижеге жету үшін дәрігерге өзіңіздің барлық ауруларыңыз жайлы және тағайындалған еміңіз жайлы ақпарат беріңіз. Әсіресе Егер Сіз әртүрлі дәрігерлерде емделіп жүрсеңіз, бұл ақпараттар аса маңызды.

Жүрек жетіспеушіліг бар науқастарда көбінесе мына созылмалы аурулар кездеседі:


  • Артериялық қан қысымының жоғарылауы, гипертензия

  • Жүрек ырғағының бұзылыстары

  • Холестерин деңгейінің жоғарылауы

  • Өкпе аурулары

  • Диабет

  • Анемия

  • Қалқанша бездің аурулары

  • Артрит, бұлшықет және буында ауыру сезімі

  • Депрессия


ҚАУІПТІ СИМПТОМДАР

Жүрек жетіспеушілігін дәрігер мен медбикенің тағайындаған еміне және өмір салтын өзгертуіне сәйкес бақылап отыруға болады. Барлық симптомдарды үнемі қадағалаудың да маңызы бар, өйткені жүрек жетіспеушілігі үдемелі әрі баяу дамиды.


Егер Сізде келесі симптомдар байқалса, Сізге тезірек медициналық көмекке жүгіну керек

Нитроглицеринді ішке қабылдағаннан кейін, ауыру сезімі басылмаса

Жүректегі мәселеге байланысты пайда болған ауыру сезімі қалыптыда кеуде аймағында сезіледі. Алайда, ауыру сезімі эпигастрий аймағына, сол жақ иыққа, бұғанаға да берілуі мүмкін. Ол дискомфорт сезіну немесе қысу, басу, ауыру сезімі ретінде білінеді.

Кеуде қуысында ауыру сезімі ӘРҚАШАН жүрек жетіспеушілігінің үдегенін, стенокардия мен жүрек ұстамасы ретінде маңызды симптом болып саналады. Сол кезде тез отырып немесе жатып демалған дұрыс.

Егер Сіз он бес минуттан артық кеуде қуысындағы ауыру сезімін немесе қолайсыздықты сезінсеңіз, ал нитроглицерин қабылдағаннан кейін жеңілдікті сезінбесеңіз тез арада жедел жәрдем шақыруыңыз керек.


Ауыр және созылмалы ентігу

Ентігу – жүрек жетіспеушілігі бар ауруларда ең жиі кездесетін белгі. Сіз өзіңіздің дем алуыңызды және де басқа да өзгерістерді бақылап отыруыңыз керек. Мысалы, Сіз түнгі уақытта және түзу жатқан кезде ентігудің күшеюін байқауыңыз мүмкін. Тыныс алуды жеңілдету үшін, Сіз денеңіздің жоғарғы бөлігін көтеріп, бірнеше жастық қоюңыз керек.

Жүректің қанды айдауы жеткіліксіз болуынан, қантамырларға денедегі қан қайта оралып, өкпе арқылы қайтадан жүрекке түседі, осыдан ентігу пайда болады. Ал өкпеге сұйықтық жиналып, өкпе іркілісі дамиды. Егер Сізде КҮШТІ және ұзақ созылатын ентігу болса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз. Егер Сізде ентігу күшейсе және аз ғана жүктемеден шаршасаңыз дәрігерге немесе медбикеге барып кеңес алыңыз.
Естен тану

Жүрек жетіспеушілігі сияқты ауруда, естен тану және бас айналу миға қан келудің азаюынан болады. Мидың қанмен қамтамасыз етілуі қатты төмендеген кезде, кенеттен естің тануы болады. Егер жүректің жиырылу жиілігі өте көп немесе өте баяу немесе жүректің қанды айдауы жеткіліксіз болса, миға қан келу төмендейді. Сонымен қатар, бұндай жағдай инфакт кезінде де болуы мүмкін. Талма немесе есті жоғалту, медициналық көмекке дереу түрде жүгінетін маңызды жағдай. Жүрек жетіспеушілігі бар адамдарда өте көп кездесетін белгісіне орнынан тез тұрғанда пайда болатын бас айналу. Оның себебі, жүрек қызметінің, жүрек ритмінің бұзылуы және қақпақша өзегінің тарылуы болып табылады. Сонымен қатар, бұл артериялық қан қысымының күрт төмендеуінен болады.

Жүрек жетіспеушілігіне қабылдаған препараттардың әсерінен көбіне бас айналу дамиды. Барлық зәр айдағыш заттар, АПФ ингибиторлары, ангиотензин ІІ рецепторларының блокаторлары және бета блокаторлар артериялық қысымды төмендетеді. Бұл жағдай жүрек жұмысы мен тыныс алу функциясын жақсартады. Бірақ Сіздің қан қысымыныз күнделіктіден төмен болса, Сіз жатқанда немесе отырып тұрғанда бас айналуды сезінесіз.
Егер сіз келесі симптомдарды сезінсеңіз шұғыл түрде дәрігерді немесе медбикені хабардар етініз

Оянуға мәжбүрлейтін немесе жақсы ұйықтау үшін қосымша жастықтарды қажет ететін жиі ентікпе.

Жүрек жетіспеушілігімен зардап шегетін адамдар демалғанда және жатқан кезде ентігу сезінеді. Тыныс алудың қиындауы кенеттен пайда болуы мүмкін, кейде Сізді оянуға мәжбүрлейді.

Жатқан қалыпта ауа жетіспеу сезімі үдей түседі. Сұйықтық гравитация заңына бағынады, сондықтан көлденең қалыпта өкпеге сұйықтық жиналуы мүмкін.

Тыныс алуды жеңілдету үшін, Сіз дененізді қосымша жастықтар арқылы көтере аласыз. Егер бұл жағдай үнемі мазаласа және денеңізді көтеру үшін бірнеше жастықтар қажет болса, Сіздің жүрек жетіспеушілігіңіз үдей түскенін білдіреді. Ентікпемен ояну маңызды симптом. Сізге дәрігерден немесе медбикеден кеңес алғаныңыз дұрыс. Мүмкін, еміңізге өзгерту енгізу қажет болар.
Жүрек соғуының жиілеуі немесе жүрек пульсінің нашарлауы

Жүрек пульсациясының нашарлауы, жүрек жетіспеушілігінің бір симптомы болуы мүмкін. Сіз жүрегіңіздің өте тез немесе «көкірегіңізден шығып кететіндей соғатынын» және жүрек ырғағының ретсіз екенін сезуіңіз мүмкін.

Пульсацияның нашарлауы жүрек ырғағының бұзылысын көрсетеді, оның себебі жүректің қан айдау қызметінің нашарлауына байланысты, жүрек соғуының компенсация ретінде жиілей түсуі. Жиі таралған себебі тез басталатын ретсіз жүрек қағысы болады (қарыншалар фибрилляциясы).

Егер жүрек соғысы көбейіп және бас айналу симптомы болса, тез арада дәрігерге қаралыңыз.


Және де келесі айтылған симптомдарды дәрігермен талқылаңыз

Тез арада салмақ қосу

Жүрек жетіспеушілігі бар науқастар көбіне салмақ қосады. Жүрек жетіспеушілігі сұйықтық жиналуына әкеледі, соның себебінен дене салмағының жоғарылауы болады.

Мұқабаның __-ші бетінде Сіз өз салмағыңызды бақылап отыратын анықтама кестесі бар. Егер артық салмақ анықталса, қосқан салмағыңызды бақылап, соңғы кездегі өмір салтыңызға көз жүгіртіңіз. Сұйықтықтың себебінен болған салмақ қосу мен жоғары калориялы емдәмнен қосқан салмақтың айырмашылығы бар. Егер Сіз неден салмақ қосқаныңыздың себебін білмесеңіз, дәрігерге немесе медбикеге қаралыңыз.
Іштегі ауыру немесе ісінудің күшеюі

Ағзада сұйықтықтың іркілуінен іштің жоғарғы аймағында ісіну және ауыру сезімі пайда болады. Бұл жүрек жетіспеушілігінің үдей түсуінің белгілері. Бауыр мен ішектерде сұйықтықтың жиналуы мен іркілуінен дискомфорт сезіледі. Іш аймағы ұлғайған кейбір адамдар киімінің жабысып тұрғанын байқайды. Осы қолайсыздықты болдырмау үшін тағамдағы ас тұзын азайту және дәрігердің кеңесімен су мөлшерін қадағалап шектеу керек.

Салмақтың жоғарылауымен жүретін іш аймағындағы ісінуді байқасаңыз дәрігер немесе медбикенің нұсқауымен зәр айдағыш заттарды қабылдауыңызға болады. Одан әсер болмаған жағдайда, дәрігердің немесе медбикенің көмегіне жүгініңіз.
Балтыр мен тобықтағы ісінулердің көбеюі

Денеге сұйықтықтың жиналуыннан сирақ пен тобықтың ісінуі байқалады, ол жүректің үдемелі жетіспеушілігінің көрінісі болуы мүмкін. Мұны сіз аяқ киіміңіздің қысып тұрғанынан байқауыңызға болады.

Жүректегі қан айналымның төмендеуінен сұйықтықтың іркілуі болады, себебі сол қан тамырлар арқылы қан кері жүрекке қайтады. Осының салдарынан іш қуысында, өкпеде, дененің төменгі бөлігінде сұйықтық жиналады.

Сіз аяқтың және толарсақтың ісінуін күннің екінші жартысында байқайсыз, себебі гравитацияның себебінен дененің төменгі бөлігіндегі веналарда қан қысымы ұлғаяды. Егер Сіз жатып бірнеше уақыт демалып алсаңыз, ісіну азаяды.

Егер Сіз аяғыңызда немесе тобығыңызда уақыт өткен сайын ісінудің ұлғайғанын байқасаңыз дәрігерге немесе медбикеге қаралыңыз. Зәр айдағыш дәрілерді қабылдауды түзету, ісінуді азайтуға көмектеседі.
Тәбеттің төмендеуі лоқсу

Жүрек жетіспеушілігі кезінде тәбеттің төмендеуі немесе өзгеруі немесе лоқсудың дамуы мүмкін. Кейбір адамдар тамақты аз жеген күннің өзінде, ішінде ауырлықты сезінеді. Сонымен қатар ішінің аурыруы мен қолайсыз жағдайын сезінеді. Бұл симптомдар көбінесе бауыр мен ішектердің айналасында сұйықтық жиналуынан пайда болады да, асқорытуға кедергі жасайды. Егер Сіз тәбетіңізде өзгеріс немесе асқорытуыңыздағы қиындықтарды сезінсеңіз, онда Сізде жүрек жетіспеушілік белгілері үдей түсуде, сондықтан дәрігерге немесе медбикеге қаралыңыз.Тәбеттің төмендеуі мен лоқсу кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсері болуы мүмкін.


Шаршағыштықтың жоғарылуы

Жүрек жетіспеушілігі бар адамдар үнемі шаршағыштықты сезінеді, сондықтан жаяу жүру, баспалдақпен көтерілу, азық–түлік салынған сөмкені көтеру сияқты күнделікті іс-әрекеттерді қиындықпен орындайды. Шаршағыштық пен физикалық жүктемені көрете алмау – жүрек жетіспеушілігіне ең тән симптом.

Жүректің қанды айдау қызметінің төмендеуінен тіндер мен бұлшық еттерге қан аз барады, соның себебінен шаршағыштық немесе қажу дамиды. Ағза шеткері тіндер мен бұлшық еттерден қанды алып жүрекке, миға және бүйрекке бағыттайды. Ағзадағы қажетсіз қалдық өнімдерінің уақтылы шығарылмауынан да шаршағыштық туындайды.

Есте сақтайтын жәйт, жүрек жетіспеушілігі бар науқастарға ауыр физикалық жүктемені ретті түрде азайтып отыру керек, сонда жүрекке түсетін күштеме де азаяды. Егер Сіз өз қуаттылығыңыздың төмендегенін байқасаңыз, бұл жүрек жетісеушілігінің ерте белгісі болуы мүмкін. Шаршағыштықтың үдей түсуі, басқа медициналық проблемалардан да болуы мүмкін, мысалы анемия немесе қалқанша без аурулары. Сондықтан тез арада дәрігерге немесе медбикеге қаралыңыз.


Күшеймелі жөтел

Жүрек жетіспеушілігінен Сізде әрдайым жөтел немесе сырылдар (өкпеде ысқырықты сырыл немесе қиындатылған тыныс алу) болуы мүмкін. Сырылдар демікпеге ұқсайды, бірақ жүрек жетіспеушілігінде оның себебі басқа болады.

Кейде жүрек жетіспеушілігі бар адамдарда қою шырышты, қақырықты жөтел, кейде қан түкірумен байқалады. Бұл көбіне өкпе инфекцияларында (пневмонияларда) анықталады.

Тыныс алуды қиындататын өкпедегі сұйықтықтың жиналуынан жөтел мен сырылдар пайда болады.

Егер Сіз, тынысты қиындататын жөтел мен сырылдардың күшейгенін байқасаңыз, бұл жүрек жетіспеушілігінің үдеуінен болуы мүмкін, сондықтан

Сіз тез арада дәрігерге қаралуыңыз керек. Сонымен қатар, ұзақ құрғақ жөтел жүрек жетіспеушілігіне қарсы қабылданатын дәрілердің жанама әсері болуы мүмкін.


Жүрек жетіспеушілігін зерттеумен айналысатын Еуропалық кардиологтар қоғамының Ассоциациясымен және жүрек жетіспеушілігі бар пациенттер, олардың туыстары мен күтішу тұлғалары үшін бейімделген Бүкіл Ресейлік ғылыми кардиологтар қоғамы құрған мына www.heartfailurematters.org ақпаратты сайт қолданылды

Берілген брошюраның материалдарына мына сайттан www.doctor.kz

қол жеткізуге болады
Келесі қабылдауға келгенде дәрігерге қойылатын сұрақтар

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет