Жүргізу о қулық


Редуктор — тұрақты берілетін саны (қатысы) бар жабық механикалық күш  берілісі. Рекуперация



Pdf көрінісі
бет127/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Редуктор — тұрақты берілетін саны (қатысы) бар жабық механикалық күш 
берілісі.
Рекуперация — гидрожетекті машинаның жұмысы кезінде гидрожүйедегі 
жұмыс сұйықтығын қайтадан қолдану.
Реттеу — машинаның жиналмалы бірліктерін бөлшектеусіз қалыпты жұмыс 
жасай алатын жағдайға келтіру үдерісі.
ROPS — 
төңкеру кезінде сақтану құрылғысы.
Салмақ — материалдың инерттілігі мен гравитациялық қасиеттерінің өлшемін 
білдіретін сипаттамасы, Халықаралық бірліктер жүйесіндегі салмақтың бірлігі — 
килограмм (кг).
Сапун — май қызған кезде пайда болатын газдарды жоюға арналған редуктор 
қақпағындағы клапан.
Сатудан кейінгі кепілдік сервисі (кепілдендірілген техникалық қызмет 
көрсету) — әзірлеуші кәсіпорын (жөндеу кәсіпорны) өкілінің бұзылған машина 
орналасқан жерге баруы, бұзылуларды жоюы, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз 
етуі, ТҚ жүргізуге қатысуы.
Сенімділік — машинаның уақыт ішінде барлық көрсеткішінің бекітілген шекті 
мәндерін сақтау қасиеті, ол берілген режим мен қолдану жағдайы, техникалық 
қызмет көрсету, сақтау және тасымалдау кезінде талап етілетін функцияларды 
орындау қабілетін сипаттайды.
Серіппе — жүктеме астындағы серіппелі деформация есебінен энергияны 
уақытша жинақтау үшін қызмет ететін деталь.
 
«С» категориялы автокөліктер — рұқсат етілген максималды салмағы 
3 500
кг артық жүк автокөліктері.
Слесарьдың шебер үстелі — слесарьлық өңдеуге қажетті аспаптары бар 
шебер үстелі.
Соққы — металды қысыммен өңдеу тәсілі, дайындаманы аспаппен қайта-
қайта соққылау нәтижесінде ол қажетті форма мен өлшемге келеді.
Сортамент — біртекті заттар (мысалы, прокаттың) әртүрлі типтерінің қиық 
формасы, өлшемі, материалы туралы деректер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет