берілістен, жетекші дөнгелектерге келетін жетек механизмінен тұрады.
Трансмиссиядағы ажыратқыш қозғалтқышты трансмиссиядан
қысқа мерзімге ажырату үшін және кейін баяу қосу үшін қызмет етеді.
Беріліс қорабы – жетекші дөңгелектердегі тарту күші
мен көлік
қозғалысы жылдамдығын өзгертуге арналған құрастырушы бірліктер
құрылғысы. Қазіргі заманғы жол және құрылыс машиналарын
құрастыру кезінде гидромеханикалық автоматтық
беріліс қораптары
орнатылады. Олардың орны – қозғалтқыш пен трансмиссияның
ортасы. Жол және құрылыс машиналарын жасаудағы басты жетістік
ретінде гидроприводтың қолданылуын айтуымызға болады. Оған
гидроприводтың мына артықшылықтары себеп болып отыр:
■
гидроприводтың қуаты механикалық
жетек құрылғыларының
қуатымен бірдей, ал салмағы және көлемі шағын;
■
жұмыс әрекеті жылдамдығын сатылы емес жолмен реттеу;
■
құрамдас бөліктері көлікте неғұрлым оңтайлы орналастыруға
мүмкіндік беретіндей етіп жасалған;
■
басқару тұтқасына аз күш жұмсалады.
Жол-құрылыс машинасының жұмыс қағидаты бульдозер
мысалында мынадай ретті операцияларды орындаумен сипатталады:
■
қайырманы тірек бетінен төмен 50 ... 200 мм тереңдікке түсіру;
■
топырақты кесу;
■
топырақты кесіп тасымалдау;
■
үйіндіні көтеру және топырақты төгу;
■
бастапқы жағдайдағы бос жүріс;
■
операцияларды қайталау.
Жол-құрылыс машиналарының
жалпы белгілеріне жататын
кинематикалық және гидравликалық кестелердің стандартты көрінісі
құрамдас бөліктер тетіктерінің ретті әрекеттестігін көрсетеді.
Кинематикалық және гидравликалық кестелердің көрсеткіштері МС
2.770—68*,
МС 2.781—96-да берілген.
Қозғалтқыштың есептеу құралдарының
көрсеткіштері бойынша
анықталатын, машина жұмысының мотосағаттарымен есептелетін
техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізудің мерзімділігі жалпы
сипаттама болып табылады.